Практикалық онлайн-конференция материалдары материалы международной научно-практической онлайн конференции


КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР



Pdf көрінісі
бет6/67
Дата24.03.2017
өлшемі6,56 Mb.
#10133
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67

КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР 

АРҚЫЛЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТЫҢ НӘТИЖЕЛІЛІГІН АРТТЫРУ 

 

Байғазиева Алтынкул Алыпбековна 

Алматы автомеханика колледжінің әдіскері, 

тарих пәнінің оқытушысы, 

Алматы қаласы 

 

 

Қазақстандық 



білім 

беруді 


жаңғыртуды 

қамтамасыз 

ететін, 

Қазақстан 

Республикасындағы  білім  беруді  дамытуға  арналған  мемлекеттік  бағдарламалары 

Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  саясатын  жүзеге  асырудың  ұйымдастырушылық 

негізі ретіндегі құжат болып табылады.  

Қазақстандық  қоғамды  реформалау  жағдайында  техникалық  және  кәсіптік  білім 

жүйесі  тұлға  мүдделерін,  еңбек  нарығы  сұраныстарын,  эканомика  мен  әлеуметтік  сала 

дамуының болашағында маңызды роль атқарады. 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  Қазақстан 

халқына  жыл  сайынғы  Жолдауларында  елімізде  кәсіптік-техникалық  білім  беру  саласын 

дамытуға  айырықша  мән  беріліп  келетінін  мына  сөздерімен  айқындайды:  Осы  заманғы 

білім  беру  мен  кәсіптік  қайта  даярлау,  «парасатты  экономиканың»  негіздерін 

қалыптастыру,  жаңа  технологияларды,  идеялар  мен  көзқарастарды  пайдалану, 

инновациялық  экономиканы  дамыту  қажет.  Білім  беру  реформасы  табысының  басты 

өлшемі-тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде 

қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады,-деген. Сонымен 

қатар бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру қызметін көрсетуге 

қол жеткізу қажеттігін баса айтты. 

Кәсіптік-техникалық  білім  беруді  одан  әрі  дамыту  бағдарламалары  іске  асырылып,  

ел  экономикасы  үшін  барынша  қызығушылық  тудырып  отырған  тиісті  білім  салаларына 

шетел  ғалымдары  мен  оқытушылар  тартылып,  білім  сапасының  артуына  ықпал  етті. 

Өндірістік  оқыту,  өндірістік  тәжірибеден  өту  кезінде  жұмыс  берушілер  мен  олардың 

қауымдастықтары,  бизнес  өкілдері  тартылып  теорияның  тәжірибемен  шебер  ұштасуында 

оң нәтижелерге қол жеткізілді.  

Бүгінгі  күннің  басты  талабы  еңбек  нарығы  мен  қоғамның  қажеттіліктерін 

қанағаттандыруда  кәсіптік  білім  берудің  беделі  артып  тұр.  Осы  мақсатта  Қазақстан 

Республикасында  іске  асып  отырған  техникалық  және  кәсіптік  білім  беруді  дамытудың 

мемлекеттік  бағдарламалардың  мақсаты  техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  жүйесінде 

бәсекеге қабілетті дағдылары бар және білім алуды жалғастыру үшін жеткілікті әуелеті бар 

экономика  салалары  мен  жұмыс  берушілерді  техникалық  және  қызмет  көрсету  еңбегінің 

білікті мамандарымен қамтамасыз ету. 

Қазіргі  заман  талабы  оқытудың  жаңа  технологияларын  меңгеру.  Оқытудың  жаңа 

технологияларының  бірі  ақпараттандыру  технологиясының  дамуы  кезеңінде  осы  заманға 

сай  білімді,  әрі  білікті  жұмысшы  мамандарын  даярлау  оқытушының  басты  міндеті  болып 

табылады.  Қоғамдағы  ақпараттандыру  процестерінің  қарқынды  дамуы  жан-жақты,  жаңа 

технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. 

Қазіргі  таңда  білім  беру  жүйесінің  дамуы  жағдайында  білім  беретін  оқу 

орындарындағы басқаруда инновациялық технологияларды қолдану-басты міндет.  



37

 ~ 



 

Кәсіби  даярлықтың  сапасын  және  пәрменділігін  арттыру  мәселесін  оқу  үрдісіне 

оқытудың жаңа технологияларын тереңдете ендіру жолымен шеше алатындығымыз сөзсіз. 

Жаңа  педагогикалық  технологияларды  қолданысқа  енгізуде  оқу-тәрбие  үрдісінің 

қолайлылық жағдайын туғызу, оның әдістемелік базалық қорын жасау- жұмыс сапасының 

негізі  болып  табылады.  Педагогикалық  технология  оқыту  үрдісін  жобалау,  ұйымдастыру 

және оны өткізудің формасымен анықталады. 

Педагогиканың  өзіндік  ерекшелігі-қойылған  мақсатқа  жету  мүмкіндігіне  кепілдік 

беретін оқыту үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру.  

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі-оқытудың 

әдіс-тәсілдерін  үнемі  жетілдіріп  отыру  және  қазіргі  заманғы  инновациялық 

технологияларды  меңгеру.  Осы  міндетті  жүзеге  асыруда  оқытушылар  бірнеше 

педагогикалық  технологиялардың  бағытымен  шығармашылық  топқа  бөлініп,    жұмыс 

жасаса болады. 

   Мысалы: 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Осы  технологиялар  бірнеше  жыл  қатарынан  жүйелі  пайдаланылып  келе  жатыр.  Әр 

технология  бойынша  әдістемелік  құралдар  мен  электрондық  оқулықтар  жасап,  сабақ 

барысында пайдаланса оқушылардың білім деңгейінің көтерілуі сөзсіз. 

Мысалы: 

Сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясы  бойынша  мына  тақырыптарда  әдістемелік 

құралдар жазылса 



№ 

Әдістемелік құрал 

Авторы 

«Сын  тұрғысынан  ойлау  жобасын  сабақ  барысында  қолдану 



жолдары» 

 



«Жүйелі білім терең ойдың жемісі» 

 



«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» 

 



«Пән бойынша сыныптан тыс сабақтарының бағдарламасы» 

 

Дамыта оқыту технологиясы бойынша мына тақырыптарда әдістемелік құралдар жазылса 



№ 

Әдістемелік құрал 

Авторы 

«Пән бойынша деңгейлік тапсырмалар» 



 

«Білім сапасын арттыруда дамыта оқыту технологиясының ролі»  



 

Ақпараттық-компютерлік  технология  бойынша  мына  тақырыптарда  әдістемелік 

құралдар жазылса  



№ 

Әдістемелік құрал 

Авторы 

«Білім  берудегі  қазіргі  педагогикалық  және  ақпараттық-



компютерлік технологиялар» 

 



«Ақпараттық-компютерлік 

технологияны 

тиімді 

қолдану 


жолдары» 

 

Осындай  жұмыстарды  атқару  барысында  кәсіптік  білім  беру  ұйымдарында  білім 



деңгейінің  жоғарылауына  септігін  тигізеді.  Колледж  оқытушылары  оқу  жылында  «Жаңа 

оқыту технологияларын қолдану арқылы өзін-өзі дамытатын жеке тұлғаны қалыптастыру», 

«Педагогикалық  инноватика  және  колледждегі  инновациялық  оқу»,  «Білім  беру  сапасы: 

жүйелілігі,  технологиясы,  жаңашылдығы»  тақырыптарында  конференциялар  өткізілсе, 

оқытушылардың  теориялық  және  әдістемелік  жұмыстары  жүргізіліп,  колледждің  оқу 

жүйесінде  жаңа  технологиялар  жүйелі  қолданылуына  септігін  тигізер  еді.  Болашақ 

мамандардың өзін-өзі тұлғалық дамуы барысында тәжірибе алмастырылады. 

Нәтижесі:  Оқытушылардың  жаңа  технологияларды  іс-тәжірибесінде  қолдануы 

туралы ақпараттық мәліметі құрылады, шығармашылық  

Ақпараттық-

компьютерлі

к технология 

Модульді 

оқыту 


технология 

Сын 


тұрғысынан 

ойлау


техно

логиясы 


Дамыта 

оқыту 


технология 

Деңгейлеп 

оқыту 

технология 



38

 ~ 



 

жұмыспен айналысатын оқытушылардың әдістемелік жинақтары шығарылады, колледждегі 

оқу-тәрбие жүйесінде жаңа технологияларды  

әрі  қарай  дамытудың  стратегиясы  құрылады.  Шығармашылық  топтағы  оқытушылар  осы 

технологиялармен жүргізген жұмыс нәтижелерін ғылыми конференцияларда көрсетіп ғана 

қоймай, оқушыларының осы технологияларды практикамен ұштастыруына ықпал жасайды, 

тәжірибеде қолдана алуға қалыптастырады. Осы негізде өз бетінше іздене білетін студент 

қауымының ғылыми қоғамы қалыптасады. Оларды бірнеше  

секцияға топтастырып, әр секцияда кемінде 10-15 студент ғылыми  

жұмыспен  айналысуына  ықпал  етеді.  Бұл  арқылы  өз  ғылыми  жобаларымен  қала, 

республика,  халықаралық  деңгейлердегі  конференцияларға  сенімді  түрде  қатыса  алады. 

«Ғылым және жастар  Диалог. Ой.  Ізденіс.»,  «Жастар және ғылым:  үшінші  модернизация» 

т.б.  тақырыптпрда  ғылыми-тәжірибелік  конференцияларды  жылда  өткізуді  дәстүрге 

айналдырса,  студенттер  білім  берудің  жаңа  моделіне  бағытталған  ғылым,  мәдениет,  өнер 

саласындағы өзекті мәселелер жөнінде тәжірибе алмасады. 

Бүгінде шетелдік білім беру жүйесі мен өз ерекшеліктеріне негізделген халықаралық 

тәжірибелерді  пайдаланудың  жаңа  үлгілері  ұсынылған.  Осы  міндетті  тиімді  жүзеге  асыру 

үшін  шетелдердің  тәжірибесін  игеруде,  іргелі  ғылыми  зерттеулерді  тереңдетуге 

халықаралық  ынтымақтастықты  кеңейту  және  оларды  оқу-әдістемелік  үрдісіне  белсенді 

енгізу  қажеттілігі  артып  отыр.  Осыған  орай  колледжде  жоғарыдағы  технологияларды 

қолданудың  негізгі  бағыттарын  айқын  көрсететін,  техникалық  және  кәсіптік  білім  беруді 

дамытуға  ықпал  ететін  халықаралық  көлемде  семинар-кеңес  өткізілсе,  тәжірибе  алмасып, 

кәсіби білім беру саласындағы серіктестікті дамыту ісі де жанданады. 

Білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы 

жобасының  мақсаты  да  білім  беру  жүйесін  түбегейлі  жаңарту,  білім  беруге  айтарлықтай 

және тұрақты инвестиция тарту, оның сапасын жақсарту және еуропалық деңгейге көтеру. 

Осы бағытта білім мен ғылым саласы бойынша халықаралық  деңгейде білім саласындағы 

өзара  ынтымақтастық  келісімге  тұру  ең  басты  міндет.  Мұнда  жаңашыл  талаптарға  сай 

білімді дамыту, кадрларды бағдарлы оқыту, халықаралық деңгейдегі кәсіби бағдарламалар 

мен мамандандырылған курстардың талдамаларын жасау, жетілдірілген бағдарламалар мен 

жоспарларды  жүзеге  асыра  алатын  оқытушылар  құрамын  дайындау,  оқытушының  кәсіби 

өсуіне қолдау көрсету мәселелері қарастырылып жүзеге асады. 

Кез  келген  елдің  даму  деңгейі  әлемдік  жаңа  технологияларды  қолдану  деңгейімен 

өлшенеді.  Заманымызға  сай  қазіргі  қоғамды  ақпараттандыруда  педагогтардың  біліктілігін 

ақпараттық-компьютерлік  технологияны  қолдану  саласы  бойынша  көтеру  негізгі 

міндеттердің  біріне  айналды.  Сондықтан  кәсібіи  білім  беру  ұйымдарын  ақпараттандыру 

мақсатында интерактивті арқылы білім алу, интернет желісін пайдалану жүйелі жолға қою 

шарт.  


Оқу-тәрбие процесінде колледжішілік локальдік желі бойынша ақпараттық  

желі  –Webпортал-«Интернет»  -  білім  берудің  жаңа  сапалы  деңгейі  құрылды. 

Жаңашылдығы  –  оқытушылар  мен  оқушылардың  іс  әрекеті  деңгейін  өзгерту,    On  Iine 

жүйесінде  оқу  үрдісіне  интернетті  нәтижелі  қолдану,  ішкі  интернет  модульдерін 

бағдарламалау, интернеттің ақпараттық ресурсы арқылы жұмысты жаңаша жүргізу. 

Сапалы  білім  берудің  негізі-оқу  мекемесінің  материалдық-техникалық  базасы.  Бұл 

бағытта  кәсіби  білім  беру  ұйымыдарында  барлық  оқу  кабинеттері  толық  компьютерлік 

техникалармен  жабдықталуы  шарт.  Республикалық  деңгейде  он-лайн  сабақтар,  интнрнет 

конференция  және  он-лайн  –тренинг  ұйымдастырылып  өткізуге,  қатысуға  мүмкіншілік 

туады. 


Жоғары білікті кадрлармен білім беру жүйесін қамтамасыз ету,  

мемлекеттік  қолдауды  күшейту  және  педагог  қызметкерлердің  еңбегін  ынталандыру 

жұмыстары  педагог  мәртебемін  арттыра  түседі.  Педагогтар  құзіретіне  ақпараттық-

компьютерлік  технологияны  қалыптастыру,  біліктілігін  арттыру  және  даярлау  сапасын 

қамтамасыз ету олардың кәсіби шеберлігін шыңдай түсетіні анық.  


39

 ~ 



 

Инновациялық  технологияның  қай-қайсын  болса  да  жан-жақты  меңгермейінше 

сауатты, білгір маман болу мүмкін емес.  

Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру оқытушының интелектуалдық, кәсіптік, рухани 

қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді,  өзін-өзі  дамытып,  оқу-тәрбие  үрдісін  тиімді 

ұйымдастыруына көмектеседі. 

Кәсіптік  білім  беруде  жаңа  технологияларды  пайдалану  мен  оқушылардың  ақпараттық 

құзыреттілігін қалыптастыруда төмендегідіей ұсыныстарға тоқталамын: 

-кәсіптік  білім  беретін  оқу  орындарында  оқу-тәрбие  үдерісін  сапасын  арттыруға  арнаулы 

пәндер бойынша мемлекеттік тілдегі оқулықтар мен әдебиеттердің тапшылығын жою; 

-кәсіптік  білім  беретін  оқу  орындарында  оқу-тәрбие  үдерісін  сапасын  арттыруға  арнаулы 

пәндер бойынша электронды оқулықтармен қамтамасыз ету; 

-кәсіптік  білім  беретін оқу  орындарында  арнаулы  пән  оқытушылары  мен  өндірістік  оқыту 

шеберлерінің  басым  бөлігінің  кәсіптік  педагогикадан,  өндірістік  психологиядан  арнайы 

білімдерінің болмауынан қиындықтар туындайды. Сондықтан  арнаулы пән оқытушылары 

мен  өндірістік  оқыту  шеберлеріне  кәсіптік  педагогикадан,  өндірістік  психологиядан  білім 

жетілдіру курстарын жиі ұйымдастыру; 

Саланың  сан  алуан  өзекті  мәселелері  өз  шешімін  тауып,  көкжиегі  жарқын, 

келешегінің кемел боларына сенім мол. 

«Қазіргі заманда болашақ жұмысшы мамандарды әлемдік стандарттарға сай мүдделі 

жаңа білім беру өте қажет» деп Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында 

жаңа  педагогикалық  технологияны  оқу  үрдісінде  пайдаланып,  тиімдімділігін  арттырудың 

маңызы зор.  

Жаңа педагогикалық технологияны оқу-тәрбие үрдісінде кеңінен қолдану оқушыны 

өз  мамандығына  қызығушылығын  арттырып,  шығармашылық  шабытын  шыңдап,  ғылыми 

көзқарасын  қалыптастырып,  мамандық  сапасын  арттырып,  еңбек  нарығындағы  бәсекеге 

қабілетті мамандар даярлауда үлесі зор. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 

2. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдаулары 

3. Жексенбаева Ү.Б. «Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» 

4. Мұқанбет Ізмұқанов «Жас ұстаздың кәсіби шеберлігін қалыптастырудың педагогикалық 

негіздері» 

5. Қазақстан мектебі 2016 жыл №5, №6, №7, №8, №9 

6. Селевко Г.К. Современные образовательныетехнологии. М., 1998. 

7. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии, М., Педагогика, 

8.  «Педагогические  технологии  в  образовательном  процессе»,  авт.-сост.  Новрузова  О.М.,-

Волгоград, Учитель. 



 

 

ӨНДІРІСТІК - ОҚУ САБАҚТАРЫН КӘСІПОРЫНДА ДУАЛДЫ ОҚЫТУДЫҢ 

ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҮЙЕСІМЕН ӨТКІЗУ 

 

Нысанова Маржан Аскарбековна 

Алматы Технология және Флористика колледжінің оқу-өндіріс шебері 

 

Президент  Н.Ә.  Назарбаев  «Қазақстанның  әлеуметтік  жаңартылуы:  Жалпыға 



Ортақ  Еңбек  Қоғамына  қарай  20  қадам»  атты  мақаласында:  «Дуалды  кәсіптік  білім 

беруді дамытудың маңызы зор. Бұқаралық маман кадрларының жетіспеушілігін еңсеруге 

мүмкіндік  беретін  заманауи  қолданбалы  біліктілік  орталықтары  қажет»  —  деп,  бұл 

оқыту  жүйесінің  техникалық  салада  алар  орнын  айқындап  берген  болатын.  Сондай-ақ, 

колледждерде дуалды оқыту әдісін енгізу туралы нақты тапсырма да жүктеген.  


40

 ~ 



 

Осыған  байланысты  дуалды  оқыту  жүйесінінің  тиімділігі  жан-жақты  талқыланып, 

білім  және  ғылым  министрлігінің  шет  елдердің  тәжірибелерін  зерттей  келе,  техникалық 

және  кәсіптік  білім  беру  жүйесіне  енгізу  басшылыққа  ала  отырып,  өндіріспен  оқытудың 

тығыз  байланысын  орнату  үшін,  қазіргі  таңда  елімізге  осы  дуалды  жүйені  қолданысқа 

ендіре бастады. 

Бүгінгі күні біздің «Алматы технология және флористика колледжінің» «Модельер-

пішуші» мамандығы бойынша оқитын №43 топтың білімгерлері, Алматы қаласындағы «Каз 

СПО-N»  ЖШС  кәсіпорынымен,  2014  жылдан  бері,  өндірістік  оқу  сабақтарын  дуалды 

жүйемен оқыту эксперименттік бағдарламасы бойынша өндірістік практиканы өтіп келеді. 

Ол үшін 4 жақты: 

 



Кәсіпорын 

 



Кәсіпкерлер палатасы 

 



Білім басқармасы 

 



Колледж 

арасында әлеуметтік әріптестік келісім-шарттары жасалды.  

Осы  келісім  шарттарда  әр  мекеменің  талаптары  мен  міндеттері  көрсетілді.  Дуалды 

жүйемен оқыту эксперименті үшін 30% теория, 70% практика болғандықтан кәсіпорынның 

талабы  бойынша,  колледждің  арнайы  пәндері  мен  өндірістік  сабақтардың  оқу 

бағдарламаларын,  осы  кәсіпорында  дайындалатын  бұйымдар  бойынша  және  оған  қажетті 

маталар  мен  жабдықтары  туралы  колледждің  өндірістік  оқу  бағдарламаларына  өзгерістер 

енгізіліп, Кәсіпорынның келісімімен бекітілді.  

Бірінші  бағамда  кәсіпорынға  алғаш  барған  кезде  өндірістің  шеберханаларының 

жұмысымен,  құрал  жабдықтарымен,  жұмыс  орындарымен  танысып,  қол  жұмыстарына 

көмектесуден  бастады.  Содан  соң  білімгерлер  осы  кәсіпорынның  шығаратын 

бұйымдарының ұсақ бөлшектерінен бастап өңдеп үйренді. 

Ал, келесі жолы осы өндіріске қайта барғанымызда , кәсіпорынның арнайы практика 

жөніндегі тәлімгері Мария Алексеевна Галактионова біздің білімгерлерден емтихан түрінде 

қалта тіккізіп, шеберліктерін тексерді.  

Содан  соң  тіккен  жұмыстарының  сапасына  қарап,  жұмыстың  күрделілігіне  қарай 

жұмыс  орнын  бөліп  берді.  Оларға  әр  шеберханаларда  техника  қауіпсіздік  ережелерімен 

таныстырып, қол қойдыртып, арнайы тәлімгерлер бекітілді.  

Әр  апта  сайын  оқушылардың  жұмыс  орындарын  ауыстырып,  басқа  да 

операцияларды  меңгеруге,  яғни  әр  түрлі  әмбебап,  арнайы  және  жартылай  автоматты 

машиналарда жұмыс істеуге мүмкіндік жасалды.  

Жоғарыда  айтылғандай  әлеуметтік  әріптестік  келісім  -  шарт  бойынша,  осы 

кәсіпорында өндірістік практикада болған уақытында біздің білімгерлер істеген жұмыстары 

үшін,  еңбекақыларын  алды.  Бұл  дегеніңіз  оқушылардың  өндірісте  жұмыс  істеуге  деген 

құлшыныстарын одан ары арттыра түсетіндігі. 

Қорыта айтқанда Дуалды жүйемен оқытудың нәтижесі:  

 

Болашақ жас маманды оқу орны мен өндірісте қатар оқыту, 



 

Теория  мен  тәжірибені  ұштастыру  нәтижесінде,  оқушы  оқу  бағдарламасын  жақсы 



меңгеріп  қана  қоймай,  нағыз  дайын  маман  болып,  жұмыс  берушілердің 

сұраныстарына, талаптарына сай кәсіптік-техникалық кадрлар даярлау , 

 

Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткішін жоғарылату, 



 

Еңбек  нарығына  қажетті  жас  мамандарды  даярлауға  тек  білім  мекемелерінің  ғана 



емес, сонымен қатар жұмыс беруші мекемелердің де жауапкершілігін арттыру,  

 



Өндіріс үшін маманды қайта даярлауға, жұмыс орнына бейімдеуге уақыт кетірмеу. 

 

 



41

 ~ 



 

 

 



 

 

 



 

 

Білімгерлер 



«КазСПО-N» 

ЖШС 


кәсіпорынның 

№2 


тігін  цехында 

жұмыс жасауда. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Білімгерлер  «КазСПО-N»  ЖШС  кәсіпорынының  мата  сапасын  тексеретін  және  126  жіпті 

арнайы жылулық астарды сырып тігетін цехында жұмыс жасауда 

 

«КазСПО-N» ЖШС кәсіпорынның №1 тігін цехы 



42

 ~ 



 

Президент Н.Ә. Назарбаев: 

«Мен  сөзімді,  әсіресе,  жастарымызға  арнағым  келеді.  Мен  сіздерге  –  жаңа  буын 

қазақстандықтарға  сенім  артамын.  Сіздер  Жаңа  бағыттың  қозғаушы  күшіне  айналуға 

тиіссіздер.Сендердің  азат  ойларың  мен  кемел  білімдерің  –  елімізді  қазір  бізге  көз  жетпес 

алыста,  қол  жетпес  қиянда  көрінетін  тың  мақсаттарға  апаратын  құдіретті  күш»   деп 

жастарға зор үміт артады.  

 

Сабқтың тақырыбы: Маусымдық пальтоларды сәндеу, лекал дайындау, жаймалау, 

пішуді орындау және тігу. Жеңді өңдеу, жеңді астармен біріктіру 



Сабақтың мақсаты: 

Білімділік:  Оқушыларға  технологиялық  бірізділік  бойынша  жеңді  өңдеуді  және 

жеңді астармен біріктіруді үйрету. 



Дамытушылық:  Оқушылардың  жаңа  тақырыптан  алған  білімін  жетілдіру, 

біліктілігін арттыру, теория мен өндіріс сабақтарында алған білімдерін дамыту, ой – өрісін 

кеңейте отырып, дағдысын қалыптастыру.  

Тәрбиелік:  Оқушыларды  ұқыптылыққа,  шыдамдылыққа  баулу,  мамандыққа  деген 

сүйіспеншілік пен жауапкершілігін арттыру.  



Сабақтың түрі: Аралас сабақ.   

Сабақтың әдісі: Жарыс, сұрақ -жауап, өзара тексеру, бағалау.  

Пәнаралық  байланыс:  Киім  дайындау  технологиясы.  Тігін  бұйымдарына  арналған 

материалдар. Тігін өндірісінің жабдықтары. Киімді құрастыру. 



Материалдық - технологиялық жабдықтар  

Жабдықтар: тігін машинасы Gemsy 8900, Silter 2035 үтігі, үтік столы.  

Құрал - саймандар : Қайшы, бор, сызғыш, өлшеуіш таспа. 

Дидактикалық  материалдар:  Дайын  үлгілер,  пішімді  бөлшектер,  нұсқау  карталар, 

компьютер, проектор, телевизор. 



Сабақтың өту барысы  

I.

 

Ұйымдастыру кезеңі  

1.

 



Оқушыларды тізім бойынша белгілеу  

2.

 



Оқушылардың сырт көрінісін тексеру  

II.

 

Кіріспе нұсқау  

1.Тарау тақырыбын хабарлау  

2.Сабақтың мақсатын хабарлау  

3.Өткен сабақ бойынша оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру. 

Студенттерді «Рауан» және «Анар» атты екі волейбол командаларына бөліп, әр командаға 

өткен сабақ бойынша қайталау сұрақтары жарыс түрінде кезектестіріп қойылады. 

Әрбір дұрыс берілген жауап, бір ұпай болып есептелінеді. Ойын алдындағы жаттығу 

ретінде  қауіпсіздік  ережесін  еске  түсіру  үшін  төмендегі  сұрақтарға  «Ия  »  немесе  «Жоқ» 

деген жауаптар айтылу керек.  

І – тапсырма 

1.

 



Шебердің рұқсатынсыз машинаға отыруға болады.-жоқ 

2.

 



Инені ауызға салуға болмайды.-ия 

3.

 



Машинаны өшірмей тұрып кетугеболады.-жоқ 

4.

 



Машина қосулы тұрғанда жіпті сабақтауға болады.-жоқ 

5.

 



Үтікті сымынан ұстауға болмайды.-ия. 

6.

 



Арнайы киімі болмаса машинаға отыруға болмайды-ия. 

7.

 



Жұмыс орнын жинастырмай кетуге болады-жоқ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет