1. Физикалық шамалар мен өлшемдері топтастырып жазу.
Физикалық шама дегеніміз-көптеген физ. Нысандар үшін сапалық сипатта жалпылама, ал сандық сипатта олардың әрқайсысы үшін индивидуальді болатын физ. нысанның қасиеті.
Мөлшер-физ. шаманың мәні, физ.шаманың сан мәні, шын мәні, нақты мәні.
Физ. Шамалар арасындағы байланыс теңдеуі деп- физ. шамалар әріптік символмен берілген теңдеуді айтады
Ғылымда, техникада және күнделікті өмірде адам бізді қоршаған физикалық объектілердің әртүрлі қасиеттерімен кездеседі. Бұл қасиеттерге объектілердің бір-бірі арасындағы өзара әсерлесу процестері жатады. Олар тікелей физикалық шамалармен беріледі. Әрбір объект үшін физикалық шамамен берілген қасиеттерін мөлшерлі көлемде орнату үшін метрологияда олардың өлшемдері мен мәндері деген ұғым енгiзiлген. Физикалық шаманың мәні – ол оның бірлігі түрінде алынған қандай да бір сан түрінде берілген өлшемін бағалау.
Физикалық шаманың өлшем бірліктері
Ғылымда, техникада және күнделікті өмірде адам бізді қоршаған физикалық объектілердің әртүрлі қасиеттерімен кездеседі. Бұл қасиеттерге обьектілердің Өзара әсерлесу процестері жатады. Олар тікелей физикалық шамалармен беріледі. Әрбір объект үшін физикалық шамамен берілген қасиеттерін мөлшерлі көлемде орнату үшiн метрологияда олардың өлшемдері мен мәндерi деген ұғым енгiзiлген.
Физикалық шамалар жүйесінде негізгі шамалардың символдары қолданылады. Мысалы, негізгі шамалар болып ұзындық (L), масса (М) және уақыт (Т) алынатын механикалық шамалар жүйесі LMT жүйе деп аталады. ФШ-дың ережелерге сәйкес алынған негiзгi және туынды бірліктер жиынтығы физикалық шамалардың бірліктер жүйесі деп аталады. Негізгі ФШ-дың бірлігі жүйенің негізгі өлшем бірліктері болып табылады. Қазіргі уақытта дүние жүзінің көптеген мемлекеттері халықаралық бірліктер жүйесі – SI жүйесіне жүйенің негізгі өлшем бірліктері 3.1-кесте көрсетілген.
3.1 кесте
Физикалық шамаларды өлшеу диапозоны өте кең аралықта жүргізіледі,сондықтан өлшеулер кезінде есептеулерді қолайлы ету үшін өлшем бiрлiктерiнiң еселік мәндерін пайдалану кабылданған. Өлшем бірліктерінің еселік мәндері 3.3- кестеде көрсетілген.
Шамаларды талдау оларды екі түрге бөлуге мүмкіндік береді: шынайы және идеалды.Идеалды шамалар негізінен математика саласына байланысты болады және нақты шынайы түсініктердің жалпы түрі болып табылады.Шынайы шамаларды, өз кезегінде, физикалық және физикалық емес, өлшенетін және бағаланатын деп бөлуге болады.
Физикалық емес шамалар деп қоғамдың ғылымдарға қатысты шамалар аталады. Мысалы, философия, социология, экономика және т.б. Салаларда қолданылатын шамалар.
Бірліктер жүйесі – физикалық шамалардың негізгі бірліктерінің кейбірін ғана (ұзындық, масса және уақыт) қамтитын, ал қалған өлшеу бірліктері сол негiзгi бірліктердің туындысы ретінде анықталатын жүйе; физикалык теориялардын негізінде құралған, физикалық шамалардың табиғатта болатын өзара байланысын көрсететін, физикалық шамалардың қандай дабірліктерінің жиынтығы. Бірліктердің абсолюттік жүйесіне енетін кез келген физикалық шаманың туынды бірліктерін анықтағанда сол шаманы негiзгi бiрлiктер арқылы өрнектелетiн шамалармен байланыстыратын формула қолданылады. Бұл формуладағы пропорционалдық коэффициент бiрге тең деп ұйғарылады. Бірліктердің абсолюттік жүйесін ғылымға тұңғыш рет 19 ғасырдың 30-жылдары немiсғалымы Карл Гаусс енгізген. Ол негізгі бірліктер ретінде: ұзындық бірлігіне миллиметрді, масса бірлігіне миллиграмды және уақыт бірлігіне секундты алған.Бірліктердің абсолюттік жүйесі қазіргі уақытта ескірген жүйе болып саналады.