Практикалық сабақ №1



бет15/21
Дата18.12.2022
өлшемі267 Kb.
#57931
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
Биологиялық есептер шешу пәні бойынша тапсырмалар dot

Практикалық сабақ №9
Тақырыбы: Тұқымқуалаушылықтың молекулалық негіздері. Ақуыз биосинтезі.
Мақсаты: Тұқым қуалаушылықтың молекулалық негіздері бойынша есеп шығару жолдарын қарастыру.
Теориялық мазмұны
Ақуыздардың синтезделуі негізінен екі кезеңнен тұрады:

  1. Ядролық кезең немесе транскрипция. Мұнда ДНҚ қос тізбегінің біреуінің комплементарлы көшірмесі болып табылатын ақпараттық РНҚ синтезі жүреді. Осы жолмен синтезделген ақпараттық РНҚ әрі қарай синтезделетін ақуыздың негізі болып табылады.

  2. Цитоплазмалық кезең, яғни трансляция. Цитоплазмада 4 әріптік генетикалық ақпаратының триплеттік кодтың көмегімен 20 әріптік аминқышқылдарынан тұратын ақуыздың тізбегіне айналу процесі жүреді. Сонымен бірге онда ақуыздардың үшінші, төртінші реттік құрылысының кеңістікте орын алуы және олардың жасуша метаболизміне тікелей қатынасуына мүмкіндік туады.

Тапсырмалар:

  1. Белок молекуласы мынадай амин қышқылдарынан тұрады: валин – лейцин – гистидин – серин – изолейцин. Осындай белокты кодтайтын геннің құрамындағы нуклеотидтердің қатар тізбегі қандай болады.

  2. Белоктың құрамына 400 амин қышқылы енеді. Егер ДНҚ молекуласындағы екі нуклеотидтің ара қашықтығы 3,4 А болса, жоғарыда көрсетілген белокты бақылайтын геннің ұзындығы қандай болады?

  3. Бір жіпшелерінің құрамындағы нуклеотидтердің қатар тізбектері мына төмендегідей болып келсе, ДНҚ молекулалары қадайша түзілер еді: а) ТААГАТААЦАЦГТЦА; ә) ЦЦГАГЦГТТААЦТТА; б) ААЦГТГЦЦЦАТТАГЦ.

  4. Мынадай тізбекке комплементарлы ДНҚ нуклеотидтерінің орналасу реті қандай: ГАЦЦГГААТЦГТТАТЦАТ?

  5. 400 амин қышқылынан тұратын белоктың синтезін бақылайтын геннің молекулалық салмағын анықтау керек. Бір нуклеотидтің орташа молекулалық салмағы 300 – ге екені белгілі.

  6. ДНҚ – дағы кодтар АТТГТГГАГГГГТТЦ болып келсе, осыған сәйкес келетін амин қышқылдарының тізбегін жаса.

  7. иРНҚ молекуласының бір бөлігі нуклеотидтердің мынадай құрамынан тұрады: а) ГУЦГАЦААГУЦАГЦЦЦАА; ә) ГАЦГУУГГААААГГАЦАА; б) АЦАУЦАЦЦЦУАЦААЦГЦА. Осы иРНҚ – лардың негізінде синтезделетін ақуыз молекуларындағы амин қышқылдарының орналасу ретін көрсетіңдер.

  8. Белок молекуласындағы амин қышқылдарының мынадай тізбектерін иРНҚ – ның қандай нуклеотидтері анықтайтынын табыңдар: а) валин – глицин – лейцин – гистидин; ә) треонин – трипотофон – серин – аланин; б) лизин – метионин – валин – пролин; в) аланин – лейцин – лизин – треонин.

  9. Геннің бір бөлігіндегі нуклеотидтердің құрамы: ТГГТЦГЦАГГАГГГГТТТ. Егер радиоактивті сәуленің әсерінен а) 10, 11 және 12 – нуклеотидтер ұшып түссе ол анықтайтын амин қышқылдарының құрамы қалай өзгереді?

  10. Белок молекуласындағы кез келген амин қышқылы бір емес, екі, үш немесе төрт түрлі триплеттер арқылы анықтала береді. Әр түрлі триплеттерді пайдаланып, амин қышқылдарының мынадай тізбегіне сәйкес келетін нуклетиотидтердің қатар тізбектерін жасаңдар: лизин – гистидин – серин – тирозин.

  11. Хабарлаушы РНҚ – ның химиялық құрамын зерттегенде ондағы нуклеотидтердің 30 % – урацилдің, 26 % – цитозиннің, 20 % – гуаниннің, 24 % – аденинің үлесіне тиетіні анықталған. Көкрсетілген хабарлаушы РНҚ – ның көшірмесі болып есептелетін екі тізбекті ДНҚ – дағы азоттық негіздердің проценттік құрамын анықтаңдар.

  12. ДНҚ – да орналасқан ААА, ГТГ, ЦАТ, ТАЦ, ГТГ, ЦГА, ААА, ГГА, ТЦЦ нуклеотидтер қатарымен анықталатын полипептид мына амин қышқылдарынан: фен, мет, фен, мен, арг...басталады. ДНҚ – дағы экзондар мен интрондарды анықтаңдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет