Іскерлік қарым-қатынас түрлері: 1. Сӛйлеу нысаны тұрғысынан: ауызша, жазбаша
2. Сӛйлеуші мен тыңдаушы арасындағы сӛздің бір немесе екі бағыттылығы тұрғысынан: диалог түрінде, монолог түрінде
3. Қатысушылардың саны тұрғысынан: тұлғааралық, кӛпшілік (публичное)
4. Делдал аппараттың болмауы/болуы тұрғысынан: тікелей, делдал арқылы
5. Қарым-қатынасқа қатысушылардың кеңістіктегі орны тұрғысынан: тікелей бауланыс, қашықтықтан
Іскерлік қарым-қатынас нысандары: - Іскерлік сӛйлесулер: кездесу, мәжіліс, дӛңгелек үстел, пікірталас, жарыссӛз;
- Іскерлік кездесулер: топтық, кӛзбе-кӛз; - Кӛпшілік алдында сӛйлеу: баяндама, хабарлама, сәлемдесу, ӛзін-ӛзі презентациялау;
- Жиналыстар;
- Пресс-конференциялар (брифингтер);
- Іскерлік таңғы ас, түскі ас, кешкі ас, фуршет;
- Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сӛйлесу (телефон, интернет арқылы, қарапайым және электронды пошта арқылы) және т.б.
Кәсіби этика нормалары: 1. Сыпайылық: мінез-құлықтың нақты ережелерінде кӛрініс табады (сәлемдесу, адамға жүгіну (обращение), оның аты мен әкесінің атын есте сақтай білу, оның ӛмірінің маңызды күндері (тілектестік, шынайылық);
2. Әдептілік және сезімталдық назар. Біз қарым-қатынаста болған адамдарға терең құрмет, оларды түсіну ниеті мен іскерлігі, оларға рахат, қуаныш немесе керісінше тітіркену, ренжіту сезімін тудыруы мүмкін екенін сезіну.
3. Қарапайымдылық. Адам ӛзін жақсы кӛруге ұмтылмайды. Басқалардан әлдеқайда ақылды, ӛзінің артықшылығын кӛрсетпейді, ӛзіне ешқандай артықшылық, ерекше ыңғайлылық, қызмет кӛрсетуді талап етпейді.
4. Адалдық. Мәселенің мәнін бейнелейді.
5. Міндеттілігі. Уәделер мен шарттарды сақтау.
6. Еңбекқорлық
7. Әділдік.
Корпоративтік мәдениет — белгілі бір ұжымның не компанияның ішкі моделі. Ал ішкі модель — әрбір қызметкер бағынатын құндылықтар, ережелер, дәстүр мен қағидалардан тұратын жүйе. Компанияның пәлсапасы, оның табысқа жетуі, клиенттермен қарым-қатынасы корпоративтік мәдениетке тікелей байланысты. Корпоративтік мәдениеттің элементтеріне: компанияның ұстанатын бағыты, компанияға ең маңызды құндылықтары, бұрыннан қалыптасқан дәстүрлері, әр қызметкердің ӛзін-ӛзі ұстау мәдениеті, кеңселерінің стилі, ӛзіндік таңбасы, бренді, бір-біріне деген сенімі, бірлігі және ең негізгісі сол компанияның құндылықтарын бӛлісетін қызметкерлері жатады. Бизнес әлемі корпоративтік мәдениетті ХХ ғасырда зерттей бастаған. Қазіргі таңда оның мынандай түрлерін қарастыруға болады:
1. «Басқарушы модель». Барлық қызметкерлер заңға бағынып, әркім ӛз жұмысын атқарады. Барлық қызметкерлер компанияның механизмін құрайды.
2. «Dream Team». Командалық жұмыс, қызметтік лауазымдарға бӛлінбейді, басшылыққа бағынбайды, әр қызметкер команда мүшесі ретінде маңызды рӛл атқарады, ӛз ойын еркін айтады, жауапкершілігі мол болады және командамен бірігіп жұмыс істейді. Олардың қағидасы: «Үлкен табысқа бірігіп қана жете аламыз!».
3. «Отбасы». Әріптестердің арасында достық, жылы қарым-қатынастың болуы. Компания үлкен отбасы, ал басшылар жастарға жол кӛрсететін ұстаз секілді, олардан кез келген нәрсені сұрап, үйренуге болады. Корпоративтік мәдениеттің бұл түрінде қызметкерлерге әлеуметтік кӛмектер кӛрсетіледі, құттықтаулар, жайлы жұмыс орындары қамтамасыз етіледі және әрбір қызметкер ӛз жұмысына адал болады.
4. «Саудалық модель». Бұл корпоративтік мәдениеттің түрі кӛбінесе табыс табуға бағытталған компанияларда болады. Әрбір қызметкер ӛзі үшін жұмыс атқарады, бір-бірімен бәсекелестікке түседі. Компания үшін қызметкер табыс әкелген жағдайда ғана құнды. Корпоративтік мәдениеттің бұл түрі компанияның табысты болуымен, кӛшбасшылық қасиеті бар қызметкерлерімен және бәсекеге қабілеттілігімен ерекшеленеді.
5. «Нәтижеге бағытталған». Компанияның әрбір қызметкері ӛзін дамытуға тырысады. Басты мақсаттары белгілі бір нәтижеге жету. Корпоративтік мәдениеттің бұл түрінде қызметкерлер кәсіби шеберлігімен, нәтижелілігімен, корпоративтік рухымен, мақсатқа ұмтылуымен және кезкелген жағдайда шешім қабылдай алуымен ерекшеленеді. Міне, корпоративтік мәдениетті осындай бес түрге бӛліп қарастырып кӛрдік. Оның түрлері мұнымен шектелмейді. Әлемде қанша ұйым, қанша компания болса, соншалықты корпоративтік мәдениет бар. Сонымен қатар корпоративтік мәдениет жылдам, заман ағымына сай ауысып отырады. Университеттер сияқты бизнестегі және басқа ұйымдардағы корпоративті немесе ұйымдастырушылық мәдениетті білу 1960 жылдары пайда болды. Корпоративті мәдениет термині 1980 жылдардың басында дамыды және 1990 жылдары кеңінен танымал болды. Корпоративті мәдениетті сол кезеңдерде менеджерлер, әлеуметтанушылар және басқа академиктер компанияның мінезін сипаттау үшін қолданды.