Академиялық адалдық – бұл шындық, сенім, құрмет, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын сақтау. Бұл қағидаттарды ешкім қадағаламаған және бақыламаған кезде де ұстану керек. Әрбір оқу орны студенттер мен педагогтарға ӛз қызметінде салмақты моральдық және этикалық шешімдер қабылдауға кӛмектесетін ӛзінің академиялық ережелері мен адалдық нормаларын белгілейді.
Кӛпшілік еститін плагиат, алдау, бұрмалау және кӛшіріп алу дегендерден басқа, академиялық жалғандыққа сонымен қатар басқаның орнына немесе сыйақы үшін жазбаша жұмысты орындау, жалғандық, алаяқтық және «рұқсат етілмеген ынтымақтастық» деп аталатындар жатады. Академиялық жалғандықтың ең кӛп кездесетін кӛрінісі – плагиат. Алғаш рет «плагиат» термині б.з. 80-ші жылдарында Рим ақыны Мартиаль ӛз шығармаларын оқып, оларды ӛзінің шығармасы деп ұсынған ақын Фединтинусты әшкерелеген. Мартиаль Фединтинусты «плагиат», шын мәнінде – «ұры» деп атаған. Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің қауымдастырылған профессоры Дүйшон Шаматовтың осыған қатысты ӛз пікірі бар: «Посткеңестік кеңістікте «плагиат» деген ұғымды жақында ғана пайдалана бастады. Біріншіден, кеңес кезеңінде зерттеу жұмыстарына және жазу жұмыстарының дамуына ӛте аз уақыт бӛлінді, ал емтихандар кӛп жағдайда ауызша түрде қабылданды. Студенттерден дербес шығармашылық мәтіндерді жасау талап етілмеді. Екіншіден, студенттерге Б. Блумның таксономиясы бойынша тӛмен тәртіптегі ойлау дағдылары болып табылатын ақпаратты есте сақтау және түсіну талап етілді. Соңғысы – бірлескен ұжымдық жұмыс мадақталды, ал жеке ӛзімшілдік ретінде қабылданды». Академиялық жалғандықтың басқа түрлеріне кӛшіріп алу, шпаргалкалар, сыбырлап айту және т.б. жатады. Плагиаттың екі түрі бар: ойластырылған және ойластырылмаған. Профессордың пікірінше, плагиаттың басым бӛлігі шын мәнінде әдейі емес болып табылады және академиялық адалдықты қалыптастыруға кӛмектесетін ережелерді түсінбеуі салдарынан пайда болады, сондықтан студенттерге академиялық адалдық қағидаттарын нақты түсіндіру ӛте маңызды. Әрбір оқу орнында академиялық адалдық саясатын бұзудың салдарын реттейтін нормативтік құжаттар бар (мысалы, санкциялардың түрлері, санкциялардың ауырлығы және т.б.). Мәселен, кӛптеген университеттерде академиялық бұзушылықтар мен тәртіптік рәсімдерді реттейтін «Студенттердің мінез-құлық кодексі», «Корпоратвиті мәдениет кодексі» жұмыс істейді, тәртіп бұзушылықтар кезінде мәселелерді тиімді шешу тетіктері мен қолданылатын шаралар қарастырылады. Бұл ретте негізгі басымдық – студенттердің конституциялық және заңды құқықтары мен академиялық еркіндік қағидаттарын қатаң сақтау болып табылады. Осылайша, студенттердің академиялық бұзушылықтары мәселелерін шешу кезінде Университеттер студенттерден және Университеттің Қамқоршылық кеңесінен бастап бүкіл қазақстандық қоғамға дейінгі барлық стейкхолдерлердің алдында жауапты (құқықтық және қоғамдық мағынада). Академиялық бұзушылықтар студенттердің зерттеу мәдениетін қалыптастыруға кері әсерін тигізеді және жалпы білім беру ортасының сапасын тӛмендетеді. Вирджиния Virgina Tech Политехникалық Мемлекеттік университетінің деректері бойынша, плагиат әсеріне бастауыш және бітіруші курс студенттері кӛбірек бейім, бұл тапсырмалардың күрделілігімен және оқу бітіру курсы үшін жауапкершілік деңгейімен түсіндіріледі. Әсіресе, плагиат қаупі қашықтықтан немесе онлайн оқыту жағдайында ӛседі. Қандай алдын алу шараларын қолдану керек? Пандемия жағдайында Академиялық адалдық қағидаларын ұстануды қалай жалғастыру керек? Др. Д. Шаматов оқытушылар мен студенттерге ұсыныстар кешенін қалыптастырды.