Практикалық сабақ 10. Жоғары және арнайы орта оқу орындарында биологияны оқытудың табиғи құралдарын әзірлеу Оқыту құралдары



Дата15.04.2023
өлшемі76,12 Kb.
#83089
түріСабақ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
Жаратылыстану кафедрасы
«Биология,география және химия» кафедрасы
1 курс Б-22-3М оқу тобының магистранты Шәкірбек Саясат
Практикалық сабақ 10. Жоғары және арнайы орта оқу орындарында биологияны оқытудың табиғи құралдарын әзірлеу
Оқыту құралдары - оқытушыға оқытуда көмектесетін аспаптар мен тұп деректер, яғни оқушылардың,студенттердің танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға көмектесетіндердің бәрі. Оқыту құралдарына мұғалімнің сөзі, оқулықтар, оқу құралдары, кітаптар, анықтамалық әдебиетоқу жабдығы мен көрнекі құралдар, оқу киносы, радио, дыбыс таспасы, теледидар, т.б. техникалық құралдар, бағдарламалық оқытудың арнаулы құралдары - бағдарламалық оқулықтар, оқу құралы, үйрететін машиналар жатады.
Оқыту құралдарына:
  • көрнекіліктің әр түрі,
  • демонстрациялау құрылғылары,
  • оқытудың ақпараттық құралдары,
  • компьютер, электронды тақталар,
  • жазу құралдары (бор, компьютерлік бұйрықтар, жарық сәулесі және т.б.) жатады.

Оқыту құралдарын жасау мен қолдану мәселесін көтерген ғылыми-зерттеу жұмыстарында оны жіктеудің (классификациялаудың) екі әдісі қамтылған: педагогикалық және инженерлік әдістер. Педагогикалық әдіс оқу процесінде тұрлі дидактикалық әдістерді жұзеге асыруға негізделген. Осы орайда, ең бірінші кезекте оқушылардың білім алу мен танымдық қызметінің сан алуан тұрлерін ұйымдастыруға, оқытушының оқу-тәрбие, мотивациялық және бақылаушылық және т.б. қызметтерін жұзеге асыруына ерекше мән беріліп отырады. Ал инженерлік әдіс болса оқу құралдарының конструкторлық-технологиялық өзгерістерін, өндіріс тәсіліне байланысты оларды топқа бөлуді, оқушылардың білім алуына жағымды әсер ету жолдарын, эргономикалық мінездемелерді және т.б. үнемі ескеріп отырады. Дидактикалық тұрғыдан алып қарастырғанда, біздің ойымызша, оқу құралдарын жіктеудің С.Г.Шаповаленко ұсынған жобасы көңілге қонымды сияқты.
 1.Табиғи обьектілер нақты зерттепбілу мақсатында объективтік шындықтың заттарын қамтиды. Олар: тұрлі материалдардың, шикізаттардың, кұралдардың, бөлшектердің, өсімдіктердің, гербарийлердің, жануарлардың, тұлыптардың (чучело), микропрепараттардың, реактивтердің және т.б. үлгілері мен коллекциялары. Оқу кұралдарының бұл тобына табиғи көрнекі кұралдар, өндірістік-оқу, демонстрациялык, зертханалық кұралдармен қоса оқушылардың кәсіби тәжірибелері мен шеберліктері шындалатын өндірістік-оқу құрал-жабдықтарын да жатқызуға болады.
  2. Материалдық объектілерді суреттеу мен бейнелеу тобына жататындар: ұлгілер, муляждар (бедерлер), макеттер (ұлгілер), кестелер, иллюстрациялық материалдар (фотосуреттер, суреттер, портреттер), экрандық-дыбыс құралдары (диафильмдер, диапозитивтер (слайдтар) сериялары, кинофильмдер, транспаранттар, дыбыс және видео жазбалары, күй табактары, радио және теледидар хабарлары).
Мысалы, үлгілер:
1) түпнүсқаны ауыстыру тәсілі бойынша - материалдық және идеалдық (саналық, белгілік және рәміздік);
2) объектінің ішкі құрылымы бойынша (құрылымдық, функционалдық және аралас);
3) функционалдық қызметі бойынша (демонстрациялық, таратушылық);
4) затты бейнелеу тәсілі бойынша (динамикалық, көлемдік, аралас, статикалық, жазыктық).

  3. Заттарды және объективтік шындықтың құбылыстарын шартты құралдармен (сөз, белгі, графика) көрсететін оқу құралдары тестік кестелерді, схемаларды, графикаларды, диаграммаларды, жоспарларды, карталарды, оқу кітаптарын: оқулықтар мен оқу құралдарын, есептер жинақтарын, өзіндік жұмысқа арналған нұскауларды, дидактикалық материалдарды және т.б. қамтиды.
Нысандар құрамына қарай оқытудың материалдық және мұраттық (идеалдық) оқыту құралдарын жатқызамыз.
Материалдық құралдарға:
Оқулықтар мен құралдар, кестелер, модельдер, макеттер, ақпараттық құралдар, компьютер, оқу-техникалық құралдар (ОТҚ), зертханалық жабдықтар, оқу орны, жиһаз, сабақ кестесі және т.б жатады. 
Материалдық құралдар құрамында көрнекі құралдар ерекше орын алады. Олар үш топқа жіктеледі: 
-көлемдік құралдар: модельдер, коллекциялар, құрылғылар, аппараттар және т.б.;
-баспа құралдары: суреттер, кестелер, портреттер, диаграммалар және т.б.; 
-проекциялық материалдар: дискілер, кинофильмдер, бейнефильмдер және т.б. 
идеялдық (логика заңдары бойынша қызмет ететін бегілік құрылымдар)
Биология сабағында жаңа тақырыпты өту барысында әр түрлі үлгілер мен коллекцияларды қолдану мақсатқа сай келеді, оларды үш топқа бөлеміз:
-шартты графикалық бейнелер (сызбалар, проекция түріндегі көрнекілік бейнелер, эскиздер және т.б.);
-белгілік (таңбалық) (графика, диаграмма, символдар және басқа да белгілік жүйелер). 
-табиғи-заттық (нақтылы заттар, әр түрлі нысан макеттері, фотосуреттер, суреттер және т.б.);
Поляк дидакты В. Оконь оқыту құралдарын оқытушының іс-әрекетін ауыстыру мен білім алушылардың әрекетін автоматтандыру мүмкіндігінің өсуіне байланысты жіктейді.
Оқыту құралдары екі топқа бөлінеді:
жай және күрделі.
Жай құралдар:  1) сөздік: оқулықтар және басқа да мәтіндер; 2) қарапайым визуалды құралдар: нақтылы заттар, модельдер, суреттер және т.б.
Күрделі құралдар:  1) механикалық визуалды құралдар: кодоскоп, диапроектор және т.б.; 2) аудио құралдар: магнитофон, радио, музыка ойнатқыш; 3) аудиовизуалды: дыбысты фильм, ТВ, бейнежазба; 4) оқыту үдерісін автоматтандыру құралдары: мультимедиялық кабинет, компьютерлер, ақпараттық жүйе, телекоммуникациялық жүйе
Назарларыңызға рақмет

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет