Практикалық сабақ 2



бет2/4
Дата19.05.2023
өлшемі19,97 Kb.
#94860
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
практика2

Вербальды имидж (ауызша) - қарым-қатынастылыққа қалыптасатын ой - пікір (ауызша немесе жазбаша). В.О.Ключевский: «анық, түсінікті жаза білу - ізеттіліктің алғашқы ережесі». Теоретиктер вербальды имидждің қалыптасу тәсілдерін ұсынады: «ортаның қалауы бойынша сӛз ету», «күлімдеп сӛйлеу». Позитивті вербальды имидждің қалыптасуына ауызша сӛйлеудің нақтылай естілуі мен ырғақты әуені әсер етеді. Теледидардағы жүргізілген, тікелей эфирдің сауалнамалық кӛрсетулері бойынша, егер жас қыздың, келіншектің вербальды (ауызша) қарым - қатынастылығы ӛте нашар дамыған болса, ешқандай оның әсем сыртқы кӛрінісі, тіпті байлығы имиджін тартымды етіп кӛрсете алмайды.
Вербальды емес іс - әрекеті имиджі - ымдау, мимикалап кӛрсету технологиясы, дененің кеңістіктегі орынын есепке ала отырып зерттеу негізінде құрылады. Оңтайлы имиджді құруда мінез - құлықтың теріс, келеңсіз жақтарынан сақтану қажет. Тұлғамен жекелей қарым - қатынастылықта бет - әлпет күлімсіреп, дене пішіні тартымды, жұмсақ түсініктер орын алуы тиісті. Вербальды емес имидждің қалыптасуына жаттығулар, салауатты ӛмір салты, зиянды әдеттерден арылуға кӛмектеседі. Менеджер міндетті түрде, ӛзі үшін бірнеше элементтерден құралатын күнтізбегін бекітеді: дене шынықтыру, жеке гигиена, еңбек және әлеуметтік іс - әрекеттер, демалыс.
Коп қырлы күрделі имидж - позитивті және теріс бағыттарымен мазмұндалады. Имиджді құрайтын элементтерді таңдап ала отырып, психологиялық тұрғыда адам баласы ӛзінің оңтайлы сапалық ерекшеліктерімен кӛрсеткіштерін (сыртқы және ішкі) алға қояды. Саясаткер мен менеджердің имиджі, артист пен топ - жұлдыздың имиджінен ерекшеленеді.
Мекемелелер мен ұйымның имиджі –ұжымдағы әрбір маманның және ұжымның қандай бағытта ұмтылысын сипаттап кӛрсетеді. Осындай ұмтылыс пен беталыс жаңадан құрылып жатқан кәсіпорындар мен мекемелер үшін маңызды. Атап айтатын болсақ, сыртқы формадағы іс - әрекеттіліктер дизайн, жарнама, ӛндірістік процесті модернизациялау. Эстетикалық талаптарға формасы, сыртқы кӛрінісімен сана - сезімі ұжымның жұмыла жұмыс істеуіне, беделділіктің пайда болуына мүмкіншілік жасайды. Позитивті имиджге мекеменің тұтынушылары, құрылтайшылары алдындағы абыройы мен беделі, оның жетістіктері, ұжымның тұрақтылық дәрежесі оның дәстүрі мен жекелей символикасы, теңдессіз киім үлгілері және оның элементтері (галстук, бас киім және тағы басқа) кӛмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет