Практикалық сабақ 2



бет3/4
Дата19.05.2023
өлшемі19,97 Kb.
#94860
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
практика2

Іскер адамның имиджі
Іскер адамның жүріс-тұрысы да ӛзіне сенімді, әр қадамы ширақ, батыл. Ұшып-қонып, сасқалақтап, әр жерден табылу іскерлікке үйлеспейді. Салмақты, ұстамды болады.
Жұмысбасты адам нақты жоспармен жүреді. Жоспарлары қағазға жазулы болады, бос уақыты кӛп болмайды. Әр секундын тиімді де пайдалы ӛткізу үшін жоспарды еш бұзбауға тырысып бағады.
Іскерлер шетелдік компаниялармен оңай қарым-қатынас орнату үшін бірнеше шет тілін меңгереді. Жалақысы да соған сай, жоғарырақ болады. Іскер адамға кӛптеген шаруаны телефонмен тындыруға тура келеді. Сондықтан бір сӛйлескен кісісін дегеніне кӛндіру үшін, райынан қайтару үшін, келісім беруі үшін оның дауыс ырғағы жағымды, жайдары болады. Байыппен сӛйлейді әрі әр сӛзін ойланып айтады. Қанатты сӛздерді де жақсы біледі, орнымен қолдана алады. Іскер адам қандай жағдай болса да адамгершіліктің ақ туын құлатпайды, ӛтірік айтпайды, уәдесінде тұрады. Қызметте жетістікке жетіп, мақсаттарыңды толыққанды орындау үшін кең болу, қамқор да қайырымды қалыпта қалу маңызды рӛлге ие. Адамдармен тез тіл табысып, кез келген тақырыпта әңгіме ӛрбіте білу де дүниетанымның кеңдігін кӛрсетеді. Осы қасиеттер болмаса не аз болса, әріптестер арасында беделі біртіндеп тӛмендеп, іскерлік бейнесінен ада қалады. Соңғы, айтпаса да түсінікті жайт, іскер адам ӛзін күн сайын ілгері жылжытып, дамытып, жетілдіріп отырады.
Имидж – бұл пікірлерді (адамдардың пікірлерін) басқару ӛнері.
Жағымды имидж қалыптастыру үшін келесі компоненттер болу қажет:
- тартымды сыртқы түр;
- жеке сүйкімділік;
- адамгершілік сипаттамалар.
Табысты басшы имиджінің негізгі құраушылары:
1. Жеке сипаттамалары: психофизиологиялық ерекшеліктері, сыртқы түрі, қызмет ету стилі, тұлға типі, мінезі, харизма, т.б.
2. Әлеуметтік сипаттамалары: лауазымы, сонымен қатар отбасы, шыққан тегі, т.б.
3. Құндылықтары: ішкі негізгі принциптері (шешім қабылдауына, ұйымдастыруына әсер етеді);
4. Стратегиялық (болашақты) кӛре білу (стратегическое видение). Жоғарыда аталғандармен қатар, табысты басшы имиджінің келесідей басқа да маңызды негізгі құраушыларын атап кӛрсетуге болады:
- Ӛз ісіне берілгендігі және мақсатқа бағытталуы;
- Кӛшбасшылық қасиеттері;
- Тәуекелге бара білу және решительность;
- Қабылдаған шешіміне жауапкершілікті сезіну;
- Ӛзіне жауапкершілік ала білу;
- Ойлау кеңдігі, мәселені шешуге кӛптеген факторларды есепке ала отырып, кешенді түрде қарау;
- Неғұрлым сәйкес келетін орындаушыларды таңдай білу, міндеттерді тиімді бӛлу, қажет кадрларды таңдай білу;
- Позитивті мотивация және нәтижеге назар аудару;
- Жақсы жұмыс қабілеттілігі;
- Қайшылықтарды (келіспеушіліктерді) тиімді шеше білу; - Коммуникабельділік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет