Практикалық сабақ Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар санаты



бет2/2
Дата14.11.2022
өлшемі1,48 Mb.
#50107
1   2

Керең, нашар еститіндерге арналған мектептер; Соқыр және нашар көретіндерге арналған мектептер; Қосалқы мектептер (ақыл-есі нашар дамыған балаларға арналған); Логопед пунктері (тіл кемістіктері бар балаларға арналған); Сөйлеу қабілетін түзету мектептері (күрделі тіл кемістіктері бар балаларға арналған); Барлық топтағы балалар үшін бала-бақшалар; Мемлекет тарапынан жәрдем беретін арнаулы орындар.


Амблиопия – көру мүшесінің төмендеуі. Егер амблиопия туа пайда болса, бала басқаша көре алатынын білмейді. Сондықтан бала қалай көріп тұрса солай қабылдайды. Сол себептен көзіне байланысты шағым айтпай жүре береді. Көрнекілік нақты, артық сызба, сурет болмауы керек. Тақтадағы суретке жақсы көретін көзімен қарауы қажет. Сурет, графикалық үлгілер үлкен болуы шарт.
Қазіргі таңда инклюзивті білім беру кеңінен қолданылуы етек алып келеді. Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім процесінің дамуы.
Инклюзивті оқыту балалардың оқу процесіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді.
Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір - бірімен қарым-қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді.
Инклюзивтік білім беру - барлық балаларды жалпы білім процесіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата - аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу - педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат болып табылады.
Жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйрету үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау үшін психологқа, логопедке, арнаулы педагогқа, әлеуметтік педагогқа арналған кабинеттерді арнайы жабдықтау қажет.
Сондай-ақ, кітапхана қорын арнаулы оқулықтармен, арнаулы электронды жабдықтармен жабдықтауға, оқу-әдістемелік кешендермен, әдістемелік әдебиеттермен толықтыру керек.
  • Көру қабілеті бұзылған бала жалпы білім беретін мектепте оқытылса, сол сыныпқа сабақ беретін педагог баланың қабілетін жіті тексеріп және денсаулығына байланысты қойылған диагнозына қарай оқытуы тиіс.
  • Бұл баланың көзі көрмейді, не нашар көреді деп ысырып тастауға мүлдем болмайды. Бұл топтағы балалардың диагноздары, көзінің көру мөлшерлері, қабылдауы, ойлау ерекшеліктері, зейіні, есте сақтау қабілеттері әр түрлі деңгейде болып келеді.
  • Көру қабілеті бұзылған балалар үш топқа бөлінеді.
  • 1-топ мүлдем көрмейтін балалар;
  • 2-топ көру деңгейі төмен балалар;
  • 3-топ көру деңгейі функционалдық бұзылған балалар. (қыли, амблиопия)

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Акатов Л.И. Социальная реабилитация детей с ограниченными возможностями здоровья. Психологические основы : учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений / Л.И. Акатов. – М.: ВЛАДОС, 2003.
2. Алехина С.В., Алексеева М.Н., Агафона Е.Л. Готовность педагогов как основной фактор успешности инклюзивного процесса в образовании // Психологическая наука и образование №1: Инклюзивный подход и сопровождение семьи в современном образовании. М., 2011.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет