4. Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері 39. «Әдебиеттік оқу» пәнін меңгеру нәтижелері критериалды бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
40. Критериалды бағалау оқыту, оқу және бағалаудың өзара тығыз байланысына негізделген. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру процесін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.
41. Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалаудан тұрады.
42. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз өткізіледі, оқушы мен оқытушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу процесін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді.
43. Жиынтық бағалау белгілі оқу мерзімінде оқу блогін оқып бітіргенде өткізіледі, оқушыларға кері байланысты қамтамасыз ету үшін, пән бойынша тоқсандық және жылдық бағаларды қою үшін қолданылады.
5. «Әдебиеттік оқу» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру 44.Оқу жүктемесінің бөлінуі:
1) бағдарлама бойынша әр сыныптағы сағат саны:
1-кесте
Сынып
Апталық сағат саны
Жылдық сағат саны
2-сынып
3 сағат
102 сағат
3-сынып
3 сағат
102 сағат
4-сынып
3 сағат
102 сағат
45. «Әдебиеттік оқу» бойынша қойылатын нормативтер:
2-кесте
Сынып
Оқу шапшаңдығының міндетті деңгейі
І жартыжылдық соңы
ІІ жартыжылдық соңы
2
40-45 сөз
50-55 сөз
3
55-60 сөз
65-70 сөз
4
70-75 сөз
80-90 сөз
46. Сыныпта жұмыс түрлерін (жеке, жұптық, топтық) ұйымдастыру үшін жиһаздар орын ауыстыруға қолайлы әрі жеңіл болуы қажет. Сондай-ақ, кітап сөрелеріне, оқушылардың көрме жұмыстарына арналған стенділерге және көрнекі құралдарға арнайы орындар ескерілуі тиіс.
47. Оқу материалдарының сыныптар бойынша топталуы
3-кесте
2-сынып
3-сынып
4-сынып
1. Өзім туралы
1. Тірі табиғат
1. Менің Отаным – Қазақстан
2. Менің отбасым және достарым
2.Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен (жарық пен қараңғы)
2. Адами құндылықтар
3. Менің мектебім
3. Уақыт
3. Мәдени мұра
4. Менің туған өлкем
4. Сәулет
4. Мамандықтар әлемі
5. Дені саудың – жаны сау
5. Өнер
5. Табиғи құбылыстар
6. Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
6. Атақты тұлғалар
6. Қоршаған ортаны қорғау
7. Қоршаған орта
7. Су – тіршілік көзі
7. Ғарышқа саяхат
8. Саяхат
8. Демалыс мәдениеті. Мерекелер
8. Болашаққа саяхат
48. Бағдарламаны білудің негізгі ұстанымдары «Біз осы пән бойынша не білеміз және білімді қалай меңгереміз?» деген мәселелерді қарастырады. «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша білім мазмұны коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру мақсатына сәйкес құрылған. Пән бойынша ұсынылатын білім мазмұнының ішкі бөлімдері жинақталған білім, түсінік пен дағдыларды қалыптастыруды көздейтін кіші бөлімшелерге бөлінген. Әрбір бөлімше өзара сабақтаса отырып, оқыту мақсаттарын айқындайды. Бұл мұғалім мен оқушыға алдағы қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік береді.