Практикалық сабақ тақырыбы



бет1/2
Дата10.12.2022
өлшемі28,53 Kb.
#56243
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
10 апта семинар сож (1) (2)


19-20 практикалық сабақ тақырыбы: Балабақшада қолданылатын инновациялық технологиялар
Тапсырмалар:
1. ТРИЗ технологиясы
2. Ойын арқылы оқыту технологиясы
3. Тәй-тәй технологиясы
1.1946 жылы Г.С Альтшуллер шығармашылық әдісі бойынша жұмысын бастады. ТРИЗ атауы кейінірек 70жылы пайда болады. Шығармашылық тапсырмаларды орындау теориясы адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамытудың жаңа әдістемесі үшін негіз болып табылады. Шығармашылық мүмкіндіктердің көріне бастауының себебі - балалық кездегі елестету деңгейінің жоғарлығымен, балалардың ойлауын танымдық бағытының дамуымен түсіндіріледі.
Шығармашылық- бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі.

Көшбасшымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халықтан қызу қолдау тапқан кешегі тұғырнамасын ширек ғасырды артқа тастаған Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс.Триз технологиясының әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып,балалардың ойлау қабілеттерін арттырып ,батыл шешім қабылдауға үйретуге болады.


Мақсаты :1.ТРИЗ технологиясы-балаларды өнертапқыштыққа үйретіп, ойлау қабілетін дамытады
2. ТРИЗ технологиясы бір нәрсені бірнеше бағытта қолдану
3. Ойындар мен тапсырмаларды пайдалана отырып,ұжымдық әрекет қарым-қатынас жасай білуге үйрету,топтық әрекеттерді қалыптастыру, дағдыландыру
Міндеттері:
- Бала мүмкіндігін ескеріп, заман талабына сай білім беру;
-Триз элементтерін пайдаланып, шығармашылық қаблетінің ашылуына мүмкіндік туғызу;
-Балалардың көркемдік шығармашылығын дамыта отыра әр баланың психологиялық ерекшіліктерін танып білу.
Тризшылардың ұраны«Барлығын айтуға болады»
Әдістері:
-Сөйлемнен әңгіме құрастыру;
-Үйренген сөзден сөйлем құрау;
-Сызба бойынша еркін әңгімелеу;
-Ойлау қабілеттерін арттыру;
-Ойын толық айтып жеткізе білу;
-Балалардың шығармашылық қиялын дамыту;
-Сұрақ жауап;
-Көрнекілік.
ТРИЗ технологиясын қолдану дәстүрлі іс-әрекеті
Ұйымдастырылған іс-әрекетін мақсаты:
А) тәрбиеші үшін: жаңа материалды беру;
Ә) бала үшін: жаңа материалдымеңгеру
Ұйымдастырылған әдіс –әрекет түрлері:
А) тәрбиешіүшін: жаңа материалдытүсіндіру,
Ә) бала үшін: жаңа материалды тыңдау, естесақтау.
Ұйымдастырылғанәдіс –әрекетіжоспарбойыншаөткізу.
ТРИЗ технологиясын қолдану шығармашылық іс-әрекеті
Ұйымдастырылған іс-әрекетін мақсаты:
А) тәрбиеші үшін: балаларға жаңа нәтежеге бағытталған іс-әрекетін ұйымдастыру;
Ә) бала үшін: шығармашылық «өнім» ойлап табу.
Ұйымдастырылған әдіс –әрекетін түрлері:
А) тәрбиеші үшін: балалардың шығармашылық іс-әрекетің ұйымдастыру;
Ә) бала үшін: жана нысанды зерттеу, құбылысты талдау.
Ұйымдастырылған әдіс –әрекетінің құрлымы жағдайға байланысты жоспардың өзгеруі мүмкін.
Балалардың шығармашылық қиялын дамыту Ойын толық айтып жеткізе білу ТРИЗ технологиясы үйренген сөзден сөйлем құрастыру. Сөйлемнен әңгіме құрастыру. Ойлау қаблеттерін арттыру. Сызба бойынша еркін әңгімелеу
Тақырыптың өзектілігіМектепке дейінгі білім дамудың жаңа кезеңінде тұр.Оның алдында көптеген ауыр мәселелер бар: қазіргі заман талабына сай, сапалы мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету, әр баланың толыққанды дамуы мен эмоционалдық амандығына жауапкершілікті көтеру.ҚРМЖМБС талабына сай педагогтар алдындағы негізгі мақсат – әр баланың жас және жеке ерекшелігі мен бейімділігіне қарай қолайлы әлеуметтік жағдай жарату, танымдық және шығармашылық қабілетін қалыптастыру, тілін дамыту .
ТРИЗ технологиясының басты мақсаты шығармашыл тұлғаны қалыптастырудағы қазіргі тұжырымдамасымен тығыз шырмалады, ал білім мен білік оқытудың соңғы мақсаты, ал әр адам өзін-өзі тануы, шығармашылық әрекетті үшін құралы, тәсілі, алаңы болып табылады. Осының барлығы балабақшамыздың оқыту және тәрбиелеу үрдісінде ТРИЗ элементтерін қолдана отырып, жас ерекшелігіне сай құзыретті, танымдық белсенді, шығармашыл, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге түрткі болды.
ТРИЗ технологиясы-балаларды өнертапқыштыққа үйретіп, ойлау қабілетін дамытады.ТРИЗ технологиясы-бір нәрсені бірнеше бағытта қолдану.Мектепке дейінгі жасқа дайындалған ТТШТ технологиясы «Барлығына шығармашылық!» ұранымен баланы оқыту мен тәрбиелеуге мүмкіндік береді.Балалық зерде шексіз. Ол балаға тікелей және болжап болмайтын, зерттеп, үлкендер байқамағанды байқауға жағдай жасайды.
ТТШТ технологиясы келесі тапсырмаларды шешуде өте пайдалы
- Балаға барлық салада дұрыс әрекетету мүмкіндігін дамытады; қоғамда, отбасында, адамдармен, табиғатпен қарым-қатынас
- Өзі жасағанды ашуға қызығушылығын тәрбиелейді;
-Баланы қоршаған әлеммен және адамдармен таныстыруда жүйелі ықпалды жүзеге асырып, жүйелі ойлауды қалыптастырады;
- Қиялын, шығармашылығын, білуге құмарлығын, фантазиясын дамытады;
- Баланың сан алуан және өнімді қызметке ынтасын тәрбиелейді;
- сенімділік сезімін, санасында негізделген өзіндегі және қоршаған ортадағы кемшіліктері мен құндылықтарын түсінудегі өзіндік бағалауын тәрбиелейді.ТТШТ мектеп жасынадейінгі балаға:
- бұл біріккен ойын жүйесі, оқу әрекеті,
негізг і
базалық бағдарламаны өзгерте алмайды, бірақ нәтижесін молайтады.
- ТТШТ элементтерін қолдану арқылы баланың шығармашылық және ойлау белсенділігі жанданады, өйткені ТТШТ кең ойлануға, болып жатқан процесті түбегейлі түсініп және оның мәселесін нақты шешугеү йретеді.
ТТШТ қолдану мектеп жасына дейінгі балаларды нағыз арманшыл етіп өсіруге, кейіннен жаңа идеялардың генераторы яғни
зерттеуші мүмкіндікбереді.[Г.С.Альтшуллер программа «Триз» 1997ж]
Балалардың ой-өрісін дамытумен қатар жүріп жатқан үдерісті түсіндіре отырып,жүйелі ойлануға үйрету.Тәрбиешілердің қолына балалардың қоршаған ортаның қайшылықтары мен біртұтастығын ұғынуға қабілетті шығармашылық қасиеттерін нақты практикалық тәрбиелеу құралын беру.Үдерісте ТРИЗ бейімделген әдістерін қолдануда артықшылықтары бары сөзсіз.Мектеп жасына дейінгі балалар үшін «ТРИЗ» технологиялары –бұл тәрбиешілер үшін толық әдістемелік ұсыныстары бар ұжымдық ойындар мен сабақтар жүйесі.ТРИЗ негізгі бағдарламасын ауыстыруға емес,оның тиімділігін барынша арттыруға арналған.Тәрбиеші жұмыс істейтін кез келген бағдарлама негізінде практикада тексерілген ТРИЗ әдістері мен тәсілдерін қолдануға болады.ТРИЗ ұстанушыларының ұстанымы:әрбір бала тумысынан дарынды және кемеңгер,алайда оны барынша төмен шығын жағдайында жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін қазіргі заманға бағдарлануына үйрету керек.Барлық сабақтар мен ойындар баланың тақырпты ,материалдар мен іс-әрекет түрін дербес таңдауды білдіреді.Олар балаларды заттар, құбылыстардың қайшы ерекшеліктерін анықтауға және осы қайшылықтарды шешуге үйретеді.Қайшылықтарды шешу-шығармашылық ойлауға деген кілт.
Балалар жұмыс жасаудың негізгі құралы педагогикалық ізденіс болып табылады.Педагог балаларға дайын білім бермеуі керек,олардың алдында ақиқатты ашпауы тиіс,ол ақиқатты өзі табуы қажет.Егер балалар сұрақ қоятын болса ,сол уақытта дереу жауап бермеуі керек.Керісінше ,ол өзі не ойлайтындығын сұрауы қажет.Оны талқылауға шақыру қажет.Жетелеуші сұрақтармен баланың жауапты өзі тапты деуге алып келуі керек.Егер бала сұрақ қоймаған жағдайда,педагог қайшылықтарды атап көрсетуі тиіс.Баланы жауапты табу жағдайына,яғни құбылыс немесе заттың тануы және қайта түрленуінің тарихи жолын қайталауы керек жағдайға қояды.Мәселен,тәрбиеші балаларға ағаштың қаситеттері туралы білім бере отырып, «Егер жерде ағаш болмаса не болар еді?» Деген сұрақтан бастауы мүмкін.Балалар өздерінің ой-пікірлерінің нұсқаларын айта бастайды.Одан кейін:«Ағаш несімен пайдалы?» деп сұрақ қояды.Жауаптардың түрлі нұсқалары айтылады,кейбір жауаптар қайталанғанымен ,ағаштың жаңа қасиеттері мен ерекшеліктері ашылады.Сұрақтар тізбегі жалғасады.
2. Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.

Адамның жас ерекшелігіне қарамай, яғни адамды балалық шағынан бастап кәрілікке жеткенше ойын қажеттілігі жетелеп отырады. Ал жас баланың ой-өрісі ойын арқылы дамиды. Ойын барысында адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады.


Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықылыстана әрі сапалы орындайтын болады.


Әрбір ойынның бала үшін білімділік мақсаты ғана емес, тәрбиелік, танымдық мақсаты зор. Олай болса, ойындардың балаға қай сәттерде не мақсатпен пайдаланатынымызға тоқталып өткен жөн. Сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатын ойындарды төмендегідей топтастыруға болады. Ойын түрлері: ұлттық, дидактикалық, грамматикалық, логикалық. «Ақсүйек», «Көкпар», «Ханталапай», «Арқан тартыс», «Мың бір мақал», «Сергіту сәті», «Сөз құрау», «Жұмбақ есеп», «Әріпті кубиктер».


Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:


- Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою.


- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.
- Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.
Ұлттық ойын ойнау баланың салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына деген сүйіспеншілігін арттырады және адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады.

Дидиктикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді.


Ойын сабақтың басында - өткен сабақты еске түсіреді.


Сабақтың ортасында – көңіл күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады.


Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.


Оқушының бәрі жақсы оқығысы келеді. Бірақ олардың ақыл-ой қабілеті бағдарламадағы берілген материалды ұғуда бірдей емес. Оқушылардың кейбіреулері мұғалімнің түсіндірген сабағын тез ұғады, кейбіреулері керісінше. Сондықтан барлық оқушыны білімге бірдей жетелеу үшін өз мүмкіндігіне сәйкес сабақты меңгерту, тілін, ой ұшқырлығын дамыту, өзіндік пікір айтуға жағдай жасау еркін шығармашылыққа жетелейтін, пәнге қызығушылығын арттыратын әдістің бірі – грамматикалық ойынның түрлері.


Грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар әртүрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды.


Әр сабақта ойын түрлерін орынды қолданып, оны қызықты етіп өткізу арқылы бүлдіршіндердің оқуға деген ынта-ықыласын, пәнге қызығушылығын арттыруға болады. Ойын баласы сабақта зерігіп, шаршаған кезде қолданылатын ойынның бір түрі – сергіту сәті. Сабақта сергіту сәтін оқушының шаршағанын басу үшін ғана емес, оның тәрбиелік мәніне де назар аудару қажет. Мысалы: «Ұзын құлақ сұр қоян», «Тербеледі ағаштар», «Сырғанақ тебу», «Алып атам күрегін» т.б. сергіту ойындары. Мұндай сергіту сәттері баланың мейірімділікке, достыққа, сыйластыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелейді.


Қазіргі оқу үрдісінде әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, түрлендіріп өткізу оқушыларымыздың білімге, оқып-үйренуге құштарлығын арттыратыны анық. Ұстаз қандай әдіс-тәсіл қолданса да, мақсаты біреу – ол оқушыларға тиянақты да сапалы білім беру. «Алдыңа ұлы мақсат қойсаң, ұлылыққа жетесің» деп данышпан ақындарымыз айтпақшы, кез келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда әрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді, ойнай отырып білім көрсеткішіне өз үлесін қосады.


Қорыта келсек, ойын арқылы оқыту балалардың жүйкесіне салмақ салмай, қызықтыра, ұғындыра оқыта үйретуді ұйымдастыруға тиімді. Оқу үдерісінің жаңаруына қажетті шарт кез келген педагогикалық жүйенің басты тұлғасы болып табылатын мектеп мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін арттыру арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болады. Бұл әр ұстаздық шеберлігіне, шығармашылығына байланысты.


3. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мақсатты қоғам талабынан туады. Өйткені елімізге Отанын сүйетін, білімді, моральдық бейнесі жоғары, шығармашылық еңбекке бейім, рухани дүниесі бай, жетілген адамдар қажет.

Даму ортасының негізінде тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін мектепке дейінгі білім беру мекемесі, баланың тұлғасын дамытуда оның жеке ерекшелік мүмкіндіктерін ашып, таным белсенділігін қалыптастыру мақсатында мынадай міндеттерді шешуі шарт.


- Баланың ішкі белсенділігін дамытуға арналған қажетті мүмкіндіктер жасау;


- Әр балада оның жеке дара қасиеттері мен қабілеттерін ашып, олардың өмір сүруге қажетті салаларға орнығуына мүмкіндік көрсету;


- Әр баланы тұлғалық ерекшеліктерін ашып көрсетуге және оны дамытуда көмегін тигізетін жаңа жолдарды іздестіру;


- Әр баланың тұлғасына деген құрмет пен сүйіспеншілікті қамтамасыз ететін қарым - қатынасты орнату;


- Тұлғаға әсер етудегі белсенді әдістерге бағдар жасау;


Мұндай педагогикалық технологиялардың жан - жақты тараған түрінің бірі «Тәй-тәй» технологиясы.«Тәй-тәй» технологиясының негізін қалаушы М.Мантессори. Мантессори педагогикасының негізі-арнайы орта құрып,онда баланың өзін-өзі дамытуына ықпал жасау.М Мантессори: «Баланың өзіп жетілуі үшін не қажет?»-деген сұрақ қойып,оның қажеттілігі,өзіне қызмет етуге,өзін-өзі дамытуға деген ұмтылыс болып табылатынын өзі ашқан мектептерде дәлелдеп берген. Сондықтан баланы өмірге бейімдеу дамытушылық ортада жүзеге асады. Дамытушылық ортасы дегеніміз-балалардың қызығушылығын туғызатын алуан түрлі,тартымды материалдар ашық қолжетімділікте болатын,педагог жасаған зат-кеңістік ортасы;ондағы балаларды оқыту және тәрбиелеу жағдайы әрбір балаға өзінің жеке қарқынмен дамуға мүмкіндік береді. Мантессори материалдары дегеніміз-балалардың өздігімен жұмыс істеуіне арнап жасалған және қатені бақылауға мүмкіндік беретін оқу құралдары.Яғни Мантессори тобындағы жетекшінің атқаратын қызметі-белгілі бір іс-әрекетті баланың өзінің орындап шығуына көмек беру.


Біздің «Айгөлек» мектепке дейінгі ұйымында «Тәй-тәй» технологиясы мен әдістемелерді оқу-тәрбие үрдісінде қолдануда тиімділігін байқадық. «Тәй-тәй» технологиясының негізгі мақсаты әр баланың жеке қабылдауы мен даму кезеңдерін есепке ала отырып білім беру.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет