11- СӨЖ тапсырмалары: Әдістемелік жұмыстың түрлері
Қазіргі заманғы білім беру мекемесіндегі әдістемелік жұмыс – педагогты жеке, авторлық, педагогикалық-дидактикалық, тәрбиелік, әдістемелік жүйелерді құруға ынталандыратын, өздігінен дамуға көмектесетін шарттардың тұлғаға бағытталған жүйесі. Бұл:
«Басшы-педагог» жүйесіндегі демократиялық,әріптестік қатынастарды;
Түбегейлі басқа мақсат- өздігінен даму,өзін-өзі жетілдіру,авторлық жүйелер құруды;
Әдістемелік үрдістің тұлғаға бағыттылығын айқын дәлелдейді.
Әдістемелік жұмыс дәстүрлі түрде жеке педагогтар мен жалпы педагогикалық ұжымның педагогикалық шеберлігін қалыптастыруға бағытталған шаралар жүйесі деп қарастырылады.Осыдан үш маңызды аспектіні белгілеуге болады.
педагогикалық ұжымды басқарудың қатаң,авторлық амалының басым болуы;
әдістемелік жұмыстың басты мақсатын-қазіргі заманғы педагогтың кәсіби дамуының жоғары деңгейі ретінде педагогтың білім,іскерлік,дағды шамасымен шектелетін педагогикалық шеберлікті қалыптастыру деп ұғыну;
Педагогтарға тұлғаға бағытталған қатынастың жоқтығы.
Заманауи мектептегі әдістемелік жұмыс.
Ол не?
Шарттар жүйесі;
Өзара байланысты шаралар жүйесі;
Жаһандық білім талаптарын жүзеге асыру бойынша арнайы іс-шаралар жүйесі;
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін арттыру түрі ретінде инновациялық жоба;
Педагогикалық кадрдың біліктілігін арттырудың бірыңғай жүйесінің құрылымдық бөлігі- мектепте үздіксіз білім алу;
Педагогтардың үздіксіз білім алуының жүйе құраушы бөлігі- білім менеджменті;
Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың құзыреттілік парадигмасы.
Неге бағытталған ?
Педагогтың өздігінен білім алуы мен дамуына көмектесу;
Жаһандық білім талаптары тұрғысынан әр мұғалімнің құзырлылығы мен кәсіби шеберлігін жан-жақтыарттыру;
Неге және қалай жетеді, жүзеге асырылады?
Мектептің әдістемелік жұмысының барлық жүйесінің біртұтастық байланысы.
Мұндай жағдайда не мүмкін болады?
Уақытша сәйкес оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жаңа,рационалды және тиімді түрлері мен әдістерінүнемі іздеуді жүзеге асыру.