Практикалық сабақтардың жоспары алғашқы қазақ басылымдары және әдеби процесс


 ХХ ғасырдағы әдебиеттің даму заңдылықтары және әдеби ағым



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата10.03.2023
өлшемі271,74 Kb.
#73230
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР 2

3. ХХ ғасырдағы әдебиеттің даму заңдылықтары және әдеби ағым 
мен көркемдік әдіс табиғаты 
 
1. Әдебиет дамуының сатыларына сәйкес пайда болған бағыттар мен 
ағымдар көркем ойдың түрлі арнада дамуына, әдебиет функциясының 
күрделенуіне әкелуі.
2. Әдеби байланыстардың түрлі жолдармен жүзеге асып отыруы, әлемдік 
әдебиет тәжірибесін молайтуы. Оның жарқын мысалын қазақ әдебиетінен де 
көреміз.


3. Әлем әдебиетінен келген әдеби бағыттар мен ағымдардың элементтері 
ұлтымыздың бай фольклоры және поэзиялық құндылықтарымен бірге өрілуі
кәсіби ұлттық прозамыздың дүниеге келуіне септігін тигізуі..
4. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің көркемдік формаларында бірден 
көзге шалынатын өзгерістер. Ұлттық әдебиетімізде өлеңдік-поэзиялық 
жанрлардың орны.
 
4. Қазақ прозасының қалыптасуындағы жедел даму құбылысы 
1. Әдебиеттің жедел дамуының ерекшелігі.
2. Дамудың жаңа сапалық кезеңіндегі ұлттық сана өзгерісі. Тек қана 
руханият саласында ғана емес, ғылым мен техника саласындағы жаңалықтар, 
материалдық 
құндылықтар, 
мыңжылдықтардан 
бері 
қалыптасқан 
философиялық, моральдық-этикалық нормалар, сан түрлі қоғамдық-саяси 
модельдер.
3. ХХ ғасырдғыа әлеми құндылықтар. Ұлттық әдебиет. 
 
5. ХХ ғасыр ұлттық әдебиетіндегі романтизм эстетикасы 
1. Ұлттық және әлемдік дәстүрлерден тамыр тарта бастаған ХХ ғасыр 
қазақ әдебиетінің айналадағы дүниеге әсері оқшау, асқақ рухтағы образдар 
жасау арқылы және авторлық субъективизмді мейлінше тереңдету арқылы 
романтизмнің эстетикасын нақты игере бастауы.
2. Романтикалық суреттеу амалдары күрделі жанрлармен қатар прозаның 
ықшам жанрларын да қамтуы.
3. Қазақ прозасын романтизм әдісі бойынша саралай келгенде еуропалық 
үлгідегі романтизммен біршама үндестіктерімен қатар, романтизмнің ұлттық 
әдебиет ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік белгі-сипаттарымен дамуы.
4. Қазақ прозасының өзінің қалыптасу кезеңінде романтизм эстетикасын 
айналып кетпеуі.
5. Суреткерлердің жеке тұлғаның азаттық аңсарын, шексіз бостандығы мен 
трагедиясы мәселесін қозғай отырып, қашан да асқақ, ымырасыз, сезімтал 
қасиеттерімен бөлектенетін романтикалық қаһармандар туғыза алуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет