Практикалық сабақтардың жоспары алғашқы қазақ басылымдары және әдеби процесс



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата10.03.2023
өлшемі271,74 Kb.
#73230
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР 2

 
 
6. Социалистік реализм және оның әдебиеттегі жетістігі мен 
кемшілікері. 
1. Ұлтымыздың әдебиетінде прозаның әбден қалыптасып, тұрақты дамуға 
бет алған кезеңінде реализмнің кеңінен өрістеуі үдерісінің байқалуы.
2. Прозаның эпикалық жанрларын игерудің алғашқы қадамдары болып 
табылатын М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», С. Көбеевтің «Қалың мал», 
С. Торайғыровтың «Қамар сұлу», «Кім жазықты», Т. Жомартбаевтың «Қыз 
көрелік», Ш. Құдайбердіұлының «Әділ-Мәрия» романдарындағы реалистік 
бейнелеу принциптері романтизм және сентиментализмнің көркемдік 
құралдарымен аралас өрілуі


3. М. Әуезовтің 1920 жылдардағы әңгімелерінің бірқатары, «Қараш-Қараш 
оқиғасы», 
«Қилы 
заман», 
М. Жұмабаевтың 
«Шолпанның 
күнәсі», 
Ж. Аймауытовтың «Күнікейдің жазығы», «Қартқожа», «Ақбілек» туындылары, 
С. Сәдуақасовтың «Күміс қоңырау», Б. Майлиннің «Күлпаш», «Әже» және 
юморлық, сатиралық тұрғыдағы бірнеше әңгімелері реалистік проза тәрізді 
өнікті өрістің бастауы болып табылуы.
4. Қазақ прозасының қалыптасу белесінде туған шығармалардың идеялық-
көркемдік мазмұны әркелкі болғаны аян. Сондықтан ағартушылық реализмнің, 
сыншыл реализмнің, социалистік реализмдердің қазақ прозасының әр түрлі даму 
кезеңдерін айқындаған әдістер болып табылуы.
7. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесінің теориялық 
және ғылыми негіздер 
 
1. Қазақ прозасында ХХ ғасырдың алғаш кезеңдерінде көрініс беріп, 
қайтадан үзіліп қалған модернистік поэтика желісінің 1960 жылдардан бастап 
қайта өрістеп, адам болмысына деген жаңа көзқарастарға сорап салып, жеке 
адамды рухани-психологиялық феномен биігінен көруге, адамның ақиқат 
құбылыстармен қатынасын жаңа философиялық критерийлер арқылы 
бажайлауға ден қоя бастауы.
2. 1960-80 жылдары жаңаша эстетиканың қалыптасуы. «Постсоциалистік 
реализм эстетикасының» көрінуі. Әдебиетке социалистік реализм арқылы 
қойылған талаптардың тозығы жетіп, өңін жоғалта бастаған 60 жылдардан 
бастап ұлттың рухани кеңістігінде жаңаша эстетикалық ахуалдың қалыптаса 
бастауы.
3. Тарихи тақырыпқа жазылған шығармалар, олардың тақырыптық, 
идеялық ерекшеліктері, көркемдік бітімі.
4. Поэзиядағы көркемдік ізденістер, лирика жанрының өрістеуі, 
тақырыптық, мазмұндық ерекшеліктері.
5. Халықтық поэзияның, айтыстың жаңа сапаға ие бола дамуы.
6. Бұл дәуірдің қазақ әдебиетіндегі үлкен мән-маңызы, оның ұлттық сөз 
өнерінің тарихын байытуда тарихи қызметі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет