Практикалық тапсырма: берілген сұрақтарға толық жауап жазыңыздар: Жалпы отбасының негізгі мақсаты кандай?
Отбасының негізгі міндетіне сипаттама беріңіз.
Сұраққа жауап:
Отбасы – қоғамның алтын діңгегі, бір бөлігі.Сондықтан қоғамдағы әлеуметтік- экономикалық өзгерістер әсерінен отбасында моральдық және психологиялық ахуал біртіндеп өзгеріске түседі .Отбасының өзгеріске ұшырауына биологиялық, психологиялық және демографиялық жағдайлар әсер етеді.
Отбасылардың негізгі мақсаты бақытты ғұмыр кешу. Адамдар некеге тұрғанда көптеген жанжалдарды бастарынан өткереді. Бірақ олар өз қателерін кешіріп, қайта бірге болады. Оларды біріктіретін құндылық тәрбиелік отбасылық құндылықтардың бірі болып табылады Отбасы тәрбиесінің мақсаты болашақ азаматтарды ізгілікке,өмірде өз орнын таба білуге,алдында кездесетін кедергілерді жеңе білуге,белсенді,оз ой-пікірін дәлелдей алатын, жетістікке жетуге және келешекте мықты отбасын құруға бағдарланған тұлға тәрбиелеу болуы тиіс.
Жалпы отбасының міндеттері дегенде ең алғаш балаға дұрыс тәрбие беру есімізге түседі.Отбасының негізгі міндеттері: баланың өзін-өзі тануын дамыту , өзгелермен үйлесімді қарым- қатынас құруға үйрету , айналасымен мәдени қарым - қатынас құру, мықты отбасын қалыптастыруын санасына сіңіру, адамгершілік және эстетикалық жағынан қалыптастыру, денсаулығын нығайту , ақыл-ой шығармашылық қабілетін жетілдіру.