Жаңа құжат құру.
Жаңа құжат құру үшін меню жолынан «Файл» – Жаңа командалық тізбекті орындау қажет немесе тілді ағылшын тіліне ауыстырып, Ctrl + N батырмаларын басу қажет.
Ескерту: Бұл жерде және барлық кезде (+) белгісі алдыңғы пернені басып тұрып келесі пернені басу қажеттігін білдіреді. Бірақ (+) белгісін ешқашан баспаймыз.
«Файл» – Новый командасын орындағанда немесе Ctrl + N пернелерін басқанда пайда болатын жаңа файлды құру сұхбат терезесі.
«Имя» терезесіне сипаттама:
«ИМЯ» қатарында - жаңа файлдың аты жазылады;
«Заранее установленные» қатарында – алмасу буферіне көшірілген графикалық файлдың көлемі ескеріледі немесе қолданушының қажетті өлшемдері орнатылады;
«Заранее установленные» қатарынан «Буфер обмена» бағыттауышын (стрелка) шертіп қосымша баптауларды алуға болады. Ол тек қолданушының қалауы бойынша жүргізіледі. Егер де 8 х 10 – ды таңдасақ, онда көлденең 8 дюйм, ал тігінен 10 дюйм (сантиметрге аударғанда ол - 20 х 25 см) болып жаңа графикалық файл ашылады. Басқа да көлемдерді таңдауға болады. 2 – суретте көрсетіліп тұр.
Разрешение (шешілуі) қатарында – графикалық файлдың шешуі көрсетіледі. Неғұрлым шешуі жоғары болса, сол ғұрлым оның сапасы жақсы болады.
Достарыңызбен бөлісу: |