Практикум алматы 2006 ббк 67. 99(2)4я7



Pdf көрінісі
бет28/187
Дата06.01.2022
өлшемі1,08 Mb.
#13180
түріПрактикум
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   187
Неке жəне отбасы туралы 
 
Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 
 17 желтоқсан N 321-I 
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 
1998 ж., N 23 
 
Осы 
Заң 
Қазақстан 
Республикасындағы 
неке-отбасы 
қатынастарын,  сондай-ақ  оларды  жүзеге  асырудың  кепілдіктерін 
белгілеп,  реттейді,  отбасының  дамуын  Қазақстан  Республикасы 
мемлекеттік  əлеуметтік  саясатының  басым  бағыты  деп  анықтай 
отырып,  оның  құқықтары  мен  мүдделерін  қорғауды  қамтамасыз 
етеді. 
 
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 
 
1-тарау 
НЕКЕ-ОТБАСЫ ЗАҢДАРЫ 
 
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 
1)  неке - ерлі-зайыптылар  арасындағы  мүліктік  жəне  мүліктік 
емес  жеке  қатынастарды  туғызатын,  отбасын  құру  мақсатымен 
заңдарда  белгіленген  тəртіппен  тараптардың  ерікті  жəне  толық 
келісімі жағдайында жасалған еркек пен əйелдің арасындағы тең 
құқықты одақ; 
2)  жалған  неке - отбасын  құру  ниетінсіз  заңда  белгіленген 
тəртіппен  жасалған  жəне  ерлі-зайыптылардың  құқықтары  мен 
міндеттерін туғызбайтын неке;  
3) отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе 
балаларды  тəрбиеге  алудың  өзге  де  нысандарынан  туындайтын 
мүліктік  жəне  мүліктік  емес  жеке  құқықтар  мен  міндеттерге 
байланысты  жəне  отбасы  қатынастарын  нығайту  мен  дамытуға 
жəрдемдесуге тиісті адамдар тобы;  
4) неке жасы - адамның некеге тұру құқығына жеткендегі жасы; 
5)  балалық  шақ - кəмелетке  толмаған  адамдардың  құқықтық 
жай-күйі;  
6)  мүліктің  шарттық  режимі - ерлі-зайыптылардың  жəне 
олардың  осы  некеден  туған  балаларының  неке  шартымен 
белгіленген меншігінің режимі; 
7)  суррогат  ана  шарты - балалы  болуды  қалайтын  адамдар 
мен  бойға  бала  бітірудің  жасанды  əдісін  немесе  эмбрион 


имплантациясын  қолдануға  келісімін  берген  əйелдің  арасындағы 
келісім;  
8)  патронат - уəкілетті  мемлекеттік  орган  мен  баланы 
тəрбиелеуге 
алуға 
тілек 
білдірген 
адамның 
(патронат 
тəрбиешінің) 
жасасқан 
шарты 
бойынша 
ата-анасының 
қамқорлығынсыз  қалған  балалар  азаматтардың  отбасына 
тəрбиелеуге берілетін тəрбие нысаны; 
9)  алименттер - алуға  құқығы  бар  екінші  адамға  бір  адам 
беруге міндетті болатын асырау қаражаты; 
10)  отбасылық  жағдай - некеде  тұрғандағы  немесе 
айырылысқандағы жағдай, балалардың немесе отбасының басқа 
да мүшелерінің болуы немесе болмауы; 
11)  материалдық  жағдай - жалақының,  зейнетақының,  басқа 
да  табыстардың  болуы  немесе  болмауы;  олардың  мөлшері; 
мүліктің  болуы;  еңбек  қабілетін  жоғалту  дəрежесі;  отбасының 
басқа мүшелерінен материалдық көмек алуы немесе алмауы; 
12)  азаматтық  хал  актілері - адамның  құқықтары  мен 
міндеттерінің  пайда  болуына  жəне  тоқтатылуына  байланысты 
оны дараландыратын заңдық ресімделген мəн-жайлар; 
13) жақын туыстары - ата-аналар, балалар, асырап алушылар, 
асырап алынғандар, ата-анасы бір жəне ата-анасы бөлек ағалы-
інілер  мен  апалы-сіңлілер  (аға-қарындастар),  ата,  əже, 
немерелер; 
14)  қорғаншы  (қамқоршы) - қорғаншылық  пен  қамқоршылық 
жөніндегі  міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін  заңда  белгіленген 
тəртіппен тағайындалған адам; 
15) қорғаншылық (қамқоршылық) - кəмелетке толмағандардың 
жəне  сот  əрекетке  қабілетсіз  (əрекет  қабілеттілігі  шектеулі)  деп 
таныған  адамдардың  құқықтары  мен  мүдделерін  қорғаудың 
құқықтық нысаны; 
16)  репродукциялық  денсаулық - адамның  толымды  ұрпақ 
туғызуға қабілетін көрсететін денсаулығы; 
17)  суррогат  ана - суррогат  ана  мен  ықтимал  ата-ана 
арасындағы  шарт  бойынша  бойға  бала  бітіру,  оны  көтеру  жəне 
туу. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет