Практикум алматы 2006 ббк 67. 99(2)4я7


 Ерлі-зайыптылар мүлкінің шарттық режимі



Pdf көрінісі
бет55/187
Дата06.01.2022
өлшемі1,08 Mb.
#13180
түріПрактикум
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   187
2. Ерлі-зайыптылар мүлкінің шарттық режимі 
 
38-бап. Неке шарты 
Некеге 
тұрушы 
адамдардың 
келісімі 
немесе 
ерлі-
зайыптылардың некедегі жəне (немесе) ол бұзылған жағдайдағы 
мүліктік  құқықтары  мен  міндеттерін  айқындайтын  келісім  неке 
шарты деп танылады. 
 
39-бап. Неке шартын жасасу 
1.  Неке  шарты  некеге  тұруды  мемлекеттік  тіркеуге  дейін  де, 
неке кезеңіндегі кез келген уақытта да жасалуы мүмкін. 
Некеге  тұруды  мемлекеттік  тіркеуге  дейін  жасалған  неке 
шарты  некеге  тұру  мемлекеттік  тіркелген  күннен  бастап  күшіне 
енеді. 
2.  Неке  шарты  жазбаша  түрде  жасалады  жəне  оны  нотариат 
куəландыруға тиіс. 
 
40-бап. Неке шартының мазмұны 
1.  Ерлі-зайыптылар  неке  шартымен  заңда  белгіленген 
бірлескен ортақ меншік режимін (осы Заңның 32-бабы) өзгертуге, 
ерлі-зайыптылардың  барлық  мүлкіне,  оның  жекелеген  түрлеріне 
немесе  ерлі-зайыптылардың  əрқайсысының  мүлкіне  бірлескен, 
үлестік немесе бөлектелген меншік режимін белгілеуге құқылы. 
Неке шарты ерлі-зайыптылардың қолда бар мүлкі жөнінде де, 
болашақтағы мүлкі жөнінде де жасалуы мүмкін. 
 Неке шартында ерлі-зайыптылар өзара күтіп-бағу жөніндегі өз 
құқықтары  мен  міндеттерін,  бір-бірінің  кірістеріне  қатысу 
əдістерін,  олардың  əрқайсысының  отбасылық  шығындар  жасау 


тəртібін 
айқындауға; 
неке 
бұзылған 
жағдайда 
ерлі-
зайыптылардың  əрқайсысына  берілетін  мүлікті  белгілеуге, 
сондай-ақ 
неке 
шартына 
ерлі-зайыптылардың 
мүліктік 
қатынастарына  қатысты  өзге  де  кез  келген  ережелерді  енгізуге 
құқылы. 
2.  Неке  шартында  көзделген  құқықтар  мен  міндеттер  белгілі 
бір  мерзімдермен  шектелуі  не  белгілі  бір  жағдайлардың 
туындауына немесе туындамауына қарай қойылуы мүмкін. 
3.  Неке  шарты  ерлі-зайыптылардың  құқық  қабілетін  немесе 
əрекет  қабілеттілігін,  олардың  өз  құқықтарын  қорғау  үшін  сотқа 
жүгіну  құқығын  шектей  алмайды;  ерлі  зайыптылар  арасындағы 
мүліктік 
емес 
жеке 
қатынастарды, 
ерлі-зайыптылардың 
балаларға  қатысты  құқықтары  мен  міндеттерін  реттей  алмайды; 
еңбекке  қабілетсіз  мұқтаж  жұбайдың  асырау  қаражатын  алуға 
құқығын 
шектейтін 
жағдайды 
көздей 
алмайды; 
ерлі-
зайыптылардың  біреуін  өте  қолайсыз  жағдайға  қалдыратын 
немесе  неке-отбасы  заңдарының  негізгі  бастауларына  қайшы 
келетін басқа да жағдайларды қамти алмайды.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет