Практикум алматы 2006 ббк 67. 99(2)4я7



Pdf көрінісі
бет69/187
Дата06.01.2022
өлшемі1,08 Mb.
#13180
түріПрактикум
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   187
57-бап. Баланың ұлты 
1. Баланың ұлты оның ата-анасының ұлтымен айқындалады. 
2. Егер ата-анасының ұлты əртүрлі болса, ол баланың қалауы 
бойынша  оған  жеке  басының  куəлігі  немесе  паспорт  берілген 
кезде əкесінің немесе шешесінің ұлтымен айқындалады. 
3.  Одан  əрі  баланың  ұлты  оның  өтініші  бойынша  басқа  ата-
анасының ұлтына өзгертілуі мүмкін.  
 
58-бап. Баланың мүліктік құқықтары 
1.  Баланың  осы  Заңның 5-бөлімінде  белгіленген  тəртіппен 
жəне  мөлшерде  өзінің  ата-анасынан  жəне  отбасының  басқа  да 
мүшелерінен асырау қаражатын алуға құқығы бар. 
2.  Балаға  алименттер,  зейнетақылар,  жəрдемақылар  ретінде 
тиесілі сомалар ата-анасының (олардың орнындағы адамдардың) 
билік  етуіне  келіп  түседі  жəне  оны  олар  баланы  асырап-бағуға, 
оған білім беруге жəне оны тəрбиелеуге жұмсайды. 
3.  Баланың  өзі  сыйға  немесе  мұрагерлік  тəртібімен  алған 
кірістерді, мүлікті, сондай-ақ баланың қаражатына сатып алынған 
басқа да кез келген мүлікті меншіктенуге құқығы бар. 
Өз  еңбегінен  кіріс  алған  бала,  егер  ол  ата-анасымен  бірге 
тұрса, отбасын асырау жөніндегі шығыстарға қатысуға құқылы. 


Баланың  өзіне  меншік  құқығымен  тиесілі  мүлікке  билік  ету 
құқығы  Қазақстан  Республикасы  Азаматтық  кодексінің  (Жалпы 
бөлім) 22 жəне 23-баптарымен белгіленеді. 
Ата-ананың  бала  мүлкін  басқару  жөніндегі  құқықтарын  жүзеге 
асыруы  кезінде  оларға  осы  Заңның 114-бабында  белгіленген 
ереже қолданылады. 
4.  Баланың  ата-ана  мүлкіне  меншік  құқығы  болмайды,  ата-
ананың баланың мүлкіне меншік құқығы болмайды. Бірге тұратын 
балалар мен ата-аналар бір- бірінің мүлкін өзара келісім бойынша 
иеленіп, пайдалана алады. 
5.  Ата-аналар  мен  балалардың  ортақ  меншік  құқығы  пайда 
болған  жағдайда  олардың  ортақ  мүлікті  иелену,  пайдалану  жəне 
оған билік ету құқығы азаматтық заңдарда белгіленеді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет