Практикум алматы 2006 ббк 67. 99(2)4я7


-тарау  АТА-АНАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ



Pdf көрінісі
бет71/187
Дата06.01.2022
өлшемі1,08 Mb.
#13180
түріПрактикум
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   187
10-тарау 
АТА-АНАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 
 
60-бап.  Ата-аналардың  құқықтары  мен  міндеттерінің 
теңдігі 
1. Ата-аналардың өз балаларына қатысты құқықтары тең жəне 
міндеттері (ата-ана құқықтары) тең болады. 
2.  Осы  тарауда  көзделген  ата-ана  құқықтары  балалары  он 
сегіз  жасқа  (кəмелетке)  толғанда,  сондай-ақ  кəмелетке  толмаған 
балалар некеге тұрған кезде тоқтатылады.  
 
61-бап. Кəмелетке толмаған ата-аналардың құқықтары 
1. Кəмелетке толмаған ата-аналардың баласымен бірге тұруға 
жəне оны тəрбиелеуге қатысуға құқығы бар. 
2. Некеге тұрмаған, кəмелетке толмаған ата-аналар олар бала 
туған  жағдайда  жəне  олардың  ана  жəне  (немесе)  əке  болуы 
анықталған  жағдайда  өздері  он  алты  жасқа  толғанда  ата-ана 
құқығын  өз  бетінше  жүзеге  асыруға  құқылы.  Кəмелетке  толмаған 
ата-аналар  он  алты  жасқа  толғанға  дейін  қорғаншы  жəне 
қамқоршы  орган  балаға  қорғаншы  тағайындайды,  ол  баланың 
кəмелетке  толмаған  ата-аналарымен  бірге  оны  тəрбиелеуді 
жүзеге  асырады.  Баланың  қорғаншысы  мен  кəмелетке  толмаған 
ата-ананың  арасында  туындаған  келіспеушілікті  қорғаншы  жəне 
қамқоршы орган шешеді.  
3.  Кəмелетке  толмаған  ата-аналардың  жалпы  негіздерде 
өздерінің əке жəне ана болуын мойындауға жəне оған дау айтуға 
құқығы бар, сондай-ақ олардың он төрт жасқа толғаннан кейін сот 
тəртібімен  өз  балаларына  қатысты  əке  болуын  анықтауды  талап 
етуге құқығы бар.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет