Практикум алматы 2006 ббк 67. 99(2)4я7


-бап.  Баласынан  бөлек  тұратын  ата-ананың  ата-ана



Pdf көрінісі
бет75/187
Дата06.01.2022
өлшемі1,08 Mb.
#13180
түріПрактикум
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   187
65-бап.  Баласынан  бөлек  тұратын  ата-ананың  ата-ана 
құқықтарын жүзеге асыруы 
1.  Баласынан  бөлек  тұратын  ата-ананың  баласымен  қарым-
қатынас  жасауға,  оны  тəрбиелеуге  жəне  баланың  білім  алуы 
мəселелерін шешуге қатысуға құқығы бар. 
Бала бірге тұратын ата-ана, егер мұндай қарым-қатынас жасау 
баланың 
дене 
жəне 
психикалық 
денсаулығына, 
оның 
адамгершілік  дамуына  зиян  келтірмесе,  баланың  екінші  ата-
анасымен қарым-қатынас жасауына кедергі болмауға тиіс. 
2.  Ата-аналары  бөлек  тұрып  жатқан  жағдайда  балалардың 
тұратын жері ата-аналарының келісімімен белгіленеді. 
Келісім болмаған жағдайда ата-аналардың арасындағы дауды 
балалардың  мүдделерін  негізге  алып  жəне  балалардың  пікірін 
ескере  отырып  сот  шешеді.  Бұл  орайда  сот  баланың  ата-
аналардың  əрқайсысына,  аға-інілері  мен  апа-  сіңлілеріне 
(қарындастарына)  үйірлігін,  баланың  жасын,  ата-аналардың 
адамгершілік  жəне  өзге  де  жеке  қасиеттерін,  ата-аналардың 
əрқайсысы  мен  баланың  арасында  орын  алған  қатынастарды, 
олардың  дамыту  жəне  тəрбиелеу  үшін  балаға  жағдай  жасау 
мүмкіндігін  (ата-аналар  қызметінің  түрі,  жұмыс  режимі, 
материалдық жəне отбасылық жағдайы жəне т.с.с) ескереді. 
3.  Ата-аналар  баладан  бөлек  тұратын  ата-ананың  ата-ана 
құқығын  жүзеге  асыру  тəртібі  туралы  жазбаша  түрде  келісім 
жасасуға құқылы. 
Егер  ата-аналар  келісімге  келе  алмаса,  ата-аналардың 
(олардың  біреуінің)  талап  етуі  бойынша  дауды  қорғаншы  жəне 
қамқоршы органның қатысуымен сот шешеді. 
4.  Соттың  шешімі  орындалмаған  жағдайда  кінəлі  ата-анаға 
заңдарда көзделген шаралар қолданылады. 
Сот  шешімі  қасақана  орындалмаған  жағдайда  баладан  бөлек 
тұратын  ата-  ананың  талап  етуі  бойынша  сот  баланың 
мүдделерін  негізге  алып  жəне  баланың  пікірін  ескере  отырып, 
баланы соған беру туралы шешім шығара алады. 
5.  Баласынан  бөлек  тұратын  ата-ананың  өз  баласы  туралы 
тəрбие,  емдеу  мекемелері  мен  басқа  да  мекемелерден  ақпарат 
алуға құқығы бар.  
Ақпарат  беруден  ата-ана  тарапынан  баланың  өмірі  мен 
денсаулығына  қатер  болған  жағдайларда  ғана  бас  тартылуы 
мүмкін. Ақпарат беруден бас тартуға сот тəртібімен дау айтылуы 
мүмкін.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет