Практикум алматы 2006 ббк 67. 99(2)4я7



Pdf көрінісі
бет16/187
Дата06.01.2022
өлшемі1,08 Mb.
#13180
түріПрактикум
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   187
Есептер 
1. 
Алматы 
қаласының 
тұрғыны 
əскери-медициналық 
Академияның курсанты Николай Шмидт эстрада цирк-колледжiнiң 4 
курс студентi Ксения Лазеровамен некеге тұрады. Ашық та ақжарқын 
мiнездi  Ксения  күйеуге  шыққаннан  кейiн  де  өз  уақытының  басым 
бөлiгiн  өзiнiң  бұрынғы  достарымен  өткiзiп  жүредi.  Ксения  өзiнiң 
достары  өткiзетiн  бiрде-бiр  кештер  мен  отырыстарды  жiбермей, 
барлық  кезде  Николайсыз  өзi  ғана  барып  тұрады.  Əрине,  Ксеняның 
бұл қылығы күйеуiне ұна-майтын, сондықтан да ол бiр күнi əйелiнен 
бұл  “жүгенсiздiктiң  дереу  тоқтатуды  талап  етедi.  Алайда  Ксения 
күйеуiмен келiспейдi, оның ойынша күйеуi оның бостандығына шек 
қоюға  құқығы  жоқ  деп  санады.  Николайдың  пiкiрi  бойынша  Ксеня 
оның  əйелi  болғандықтан  ол  қыдыруға  немесе  демалуға  барлық 
уақытта онымен бiрге баруы керек деп түсiндiрдi. Бұл дауда кiмдiкi 
дұрыс?  Ерлi-зайыптылардың  пiкiрлерiне  құқықтық  тұрғыдан  баға 
берiңiздер. 
2.  Заң  институтын  бiтiргеннен  кейiн  бiр  айдан  соң  Василий 
Шумов  пен  сол  институттың 3 курс  студентi  Светлана  Сорокина 
заңды  некеге  тұрады.  Көп  ұзамай  жас  маман  Василий  Шумовқа 
Солтүстiк 
Қазақстан 
облысының 
Петропавл 
қалалық 
прокуратурасына  жұмысқа  жолдама  берiледi.  Светлана  күйеуiмен 
бiрге аттанып кете алмады, себебi оның институтты оқып аяқтауына 
əлi бiр жыл бар болатын. 


Сонымен Петропавл қаласына Василийдiң жалғыз өзi кетуiне тура 
келедi. Қысқы каникул кезiнде Светлана Петропавлға күйеуiне барып 
қайтады.  Алайда,  оған  қаланың  өзi  жəне  климаты  ұнамай  қалады. 
Бiрақта Светлана ол жайында күйеуiне ештеңе айтпаған болатын. Сол 
жылы жазда Светлана институтты аяқтайды, осы кезде Василий оған 
Петропавл  қаласын  да  көшiп  келудi  ұсынады.  Светлана  Алматыдан 
кеткiсi келмегендiктен күйеуiнiң бұл ұсынысын қабылдаудан бас тар-
тады. 
Василийдiң  пiкiрi  бойынша  Светлана  заңды  неке  бойынша  оның 
əйелi  болып  табылатындықтан – күйеуiнiң  бұл  талабын  орындауға 
мiндеттi деп табады. Светлана болса ерлi-зайыптылардың бiрге тұруы 
мiндеттi  емес  жəне  олар  бiр-бiрiне  еңбек  демалысы  кезiнде  барып-
келiп тұрса да, жеткiлiктi деп санайды. 
ҚР отбасылық құқығы бойынша ерлi-зайыптылардың тұрғылықты 
жердi  таңдау  құқығы  деген  ненi  бiлдiрiедi?  Василийдiң  Светланаға 
қойған  талабы,  яғни  əйелiнiң  оның  қызмет  орнына  көшiп  келуiн 
мiндеттеуi  дұрыс  па?  Светлананың  пiкiрiне  қандай  сараптама  берер 
едiңiздер? 
3.  Бектемiров  ойынханада  (казинода) iстейтiн  Курбано-вамен 
некеге  тұрады.  Некелерi  тiркелiнгеннен  кейiн  күйеуi  əйелiнiң 
жұмысына  қатысты  түрлi  наразылықтар  бiлдiре  бастайды.  Ол 
əйелiнен  басқа  бiр  жұмысқа  ауысуды  талап  етедi,  Курбанова  болса 
бұл  жұмыстың  өзiне  ұнайтындығын  айтып  күйеуiнiң  талабын 
орындаудан бас тартады. 
Осы келiспеушiлiктен кейiн Бектемiров некенi бұзу туралы сотқа 
талап-арыз бередi. 
Сот  қандай  шешiм  қабылдауы  тиiс?  Неке  жəне  отбасы  туралы 
заңда некенi бұзудың қандай негiздерi мен тəртiбi белгiленген? 
Бектемiров  өз  əйелiнiң  қандай  да  бiр  құқығын  бұзды  деп 
ойлайсыздар ма? 
4.  Мезенцев  пен  Амирова,  некеге  тұрар  алдында  əрқайсысы 
өздерiнiң  тегiн  (фамилияларын)  сақтап  қалуды  ұйғарады.  Олардың 


жанұясында тұңғыш бала дүниеге келiп, оны тiркеткеннен кейiн ерлi 
зайыптылар өздерiнiң бастапқы шешiмдерiн өзгертiп, ендi олар ортақ 
тек  ретiнде  өздерiнiң  бi-реуiнiң  тегiн  таңдап  алу  туралы  шешiм 
қабылдайды. 
Осыдан  кейiн  ерлi  зайыптылар  АХАЖ  органына  өтiнiш  бiлдiрiп 
Ами-рова деген фамилияны зайыбының 
фамилиясына  ауыстыруды  сұрайды.  Осы  жағдайда  АХАЖ 
органдары  қалай,  қандай  шешiм  қабылдауы  тиiс?  Тек  (фамилия) 
өзгертудiң негiздерi мен тəртiбiн атаңыздар? 
5. Бекболатова Гулнар 2000 жылдың 10 қарашасында Бекболатов 
Рауанмен  некеден  ажырасуына  байланысты  ортақ  мүлiктi  бөлiсу 
туралы  сотқа  талап-арыз  бередi.  Талапкер  өзiнiң  арызында  некеге 
отырғанға  дейiн  өзiнiң  жеке  меншiгiнде  автомашинаның  болғанын, 
ал  Бекболатов  Рауан  ата-анасы  қайтыс  болғанда  пəтердiң  ұ  бөлiгiн 
мұраға алғандығын көрсетедi. Олар некеде тұрған кезде бiрлесiп екi 
бөлмелi  пəтер,  тоңазытқыш,  кiр  жуатын  машина,  түрлi  түстi 
теледидар, үй жиһазы мен төсек орын жəне ас үйге қоятын гарнитур 
сатып алған едi. Осы аталғандардың iшiнен талапкер соттан пəтердi, 
сондай-ақ  төсек  орын  мен  ас  үйге  қоятын  гарни-турды  өзiне 
қалдыруды  сұрап,  өзiнiң  талабын  Бекболатовтың  меншiгiнде  мұра 
бойынша алған пəтердiң ұ бөлiгiнiң барымен негiздейдi. 
Сот шешiмi қандай болуы тиiс? 
6.  Алматы  қаласындағы  ноториалдық  кеңселердiң  бiрiнде  Иран 
азаматы мен Қазақстан Республикасының азаматшасы арасында неке 
шарты жасалып, онда төмендегiдей жағдайлар көрсетiледi: 
-  некеге  отырғанға  дейiнгi  мүлiк  олардың  əрқайсысы-ның  жеке 
меншiгi болып табылады; 
-  некеде  болған  кезде  жиналған  барлық  мүлiк  күйеуiнiң  мүлкi 
болып табылады, ал əйелiне тек оның өзiнiң же- 
ке  басының  қажеттiлiгiн  өтеуге  қажеттi  заттары  мен  күйеуi 
сыйлаған  қымбат  сыйлықтар  ғана  тиесiлi  болады.  əйелi  - 3 жылға 
дейiн  ешқайда  шықпай  үйде  отыруы  тиiс  жə-не  елiне  бармауға 


мiндеттi; - 2 жыл бойы бала көтермеуi тиiс (себебi, күйеуiнiң жанұя 
мүшелерi  оның  осы  жанұядан  бала  тууына  беделдi  екендiгiне 
көздерiн жеткiзуi керек); - үй шаруасымен айналысу керек (ас пiсiру, 
үй  тазалау  т.  б.);  күйеуi    əйелiн  асырайды;  əйелiне  қажеттi  киiмдер 
сатып  алады  немесе  оны  са-тып  алу  үшiн  оның  өзiне  ақша  бередi. 
Егер неке бұзылған 
жағдайда бала əкесiмен қалады жəне əйелi ажырасқаннан кейiн де 
2  жыл  бойы  басқа  адамға  үйленуiне  болмайды;  Осы  жасалған  неке 
шартына құқықтық тұрғыдан баға берiп, сараптаңыздар.  
7. Ашот Акопян мен Рая Саркисян некеге тұрғаннан кейiн Алматы 
қаласының  маңындағы  елдi  мекендердiң  бiрiнде  үй  салады.  Үй  төрт 
бөлмеден  тұрады  жəне  оның  кiретiн  есiгi  екеу  болатын.  Үй 
тұрғызылған  жер  учаскесi  Рая  Саркисян-ның  жеке  меншiгiнде 
боладын. 
Ашот  Акопян  кəсiпкерлiкпен  айналысып,  Ресейден  же-ңiл 
автомашиналарға  қажеттi  қосалқы  бөлшектердi  Қазақстанға  алып 
келiп  сатып  жүретiн.  Бiрде 2000 жылдың  күзiнде  Акопянды  Ресей 
құқық  қорғау  органдары  тұтқындап,  оған  экономикалық  қылмыс 
жасады деген айып тағады. Арада бес ай өткеннен кейiн Акопянның 
кiнəсi,  яғни  қылмыс  жасағаны  дəлелденбей  ол  бостандыққа 
шығарылады.  Акопян  қайтып  оралғанда  үйдiң  екi  бөлмесiн  əйелiнiң 
азамат  Əскер  Хусайыновқа  сатып  жiбергеннiн  бiледi.  Рая  Саркисян 
үйдiң  екi  бөлмесiн  сатуға  күйеуiнiң  түрмеде  болуы  себеп  болды 
дейдi, өйткенi осы кездерi ол аса материалдық тапшылық көрген едi. 
Сондай-ақ  əйелi  сатылған  үйден  түскен  ақшаның  басым  бөлiгiнiң 
жұмсалып кеткендiгiн айтады. 
Бұл əрекетке көңiлi толмаған Ашот Акопян əйелiнен азамат Əскер 
Хусайыновпен  жасаған  сату-сатып  алу  шартын  дереу  бұзуды  одан 
талап етедi, оның пiкiрiнше үй ерлi-зайыптылардың ортақ қаржысына 
салынғандықтан  əйелi  үйдiң  бiр  бөлiгiн  оның  келiсiмiнсiз  сатуға 
құқығы  жоқ  деп  санады.  Рая  Саркисян  шартты  бұзудан  бас  тартып, 
үй  тұрғызылған  жер  учаскесi  оның  жеке  меншiгi  екендiгiн,  сон-


дықтан  да  оның  өз  меншiгiн  қалай  билесе  де  құқысы  бар  екендiгiн 
көлденең тартады. Осыдан кейiн Акопян азамат Əскер Хусайыновпен 
əйелi  Рая  Саркисянның  арасында  жасалған  сату-сатып  алу  шартын 
жарамсыз  деп  тану  туралы  сотқа  талап-арыз  бередi.  Сот  қандай 
шешiм шығаруы тиiс?  
8.  Алматы  қаласының  тұрғыны  Тамара  Төлепбергенова  суретшi 
Аблай Сабыровпен заңды некеде тұрғанына үш жыл болатын, алайда 
ол 
күйеуiнiң 
соңғы 
кездерi 
оған 
ешбiр 
қы-зығушылық 
танытпайтынын байқайды. Күйеуi өз уақытының басым бөлiгiн сурет 
шеберханасында  өткiзiп,  үйден  ерте  кетiп,  үйге  тым  кеш  оралып 
жүредi. Тамара күйеуiне ескерту жасап, егер ол өзiнiң бұл қылығын 
өзгертпесе онымен ажырасатыны туралы айтады. 
Абылай  əйелiне  деген  өз  көзқарасын  өзгертпегендiктен,  Тамара 
некенi  бұзуды  талап  етедi.  Аблай  қарсы  болмайды.  Алматы 
қаласының Бостандық аудандық АХАЖ органында олардың некелерi 
бұзылады.  Арада  алты  ай  өткеннен  кейiн  Тамара  Төлепбергенова 
Абылай Сабыровтан сот тəртiбiмен олар бiрге тұрған кезде жинаған 
ортақ  мүлiктi  бөлу  туралы  талап  қояды.  Сондай-ақ  Төлепбергенова 
Сабыровтың  салған  картиналарын  жəне  олар  некеде  тұрған  кезде 
салынған, бiрақ неке бұзылғаннан кейiн сатылған картиналары үшiн 
алған  гонорарын  бөлудi  талап  еттi.  Төлепбергенованың  қойған 
талабы  негiздi  ме?  Неке  бұзылғанға  дейiн  Сабыровтың  салған 
картиналары  ерлi-зайыптылардың  ортақ  бiрлескен  меншiгi  болып 
табыла  ма?  Неке  бұзылғаннан  кейiн  Сабыровтың  алынған  гонорары 
бөлiске жата ма? 
9. Арман Əлiбек пен Əлия Сыдыкова некеге отырғаннан кейiн үш 
жыл  өткен  соң  неке  шартын  жасасады.  Олар  осы  шартта  пəтер  мен 
автомашинаға  жеке  меншiк  құқығын  орнатады,  яғни  автомобиль 
“Вольвоң - Арманның жеке 
меншiгiне  өтедi,  үй - Əлияның  меншiгi  болып  белгiленедi.  Ал 
қалған  мүлiктерге  ортақ  бiрлескен  меншiк  құқығы  режимiн  сақтап 
қалады. 


Шарт  жасасып  қойғаннан  кейiн  бiр  жылдан  соң  Арман  мен 
Əлияның үйiнен өрт шығып үйдiң жартысы жəне бiрсыпыра мүлiктер 
жарамсыз  болып  қалады.  Осы  себептерге  байланысты  үйдi  жедел 
жөндеу  қажет  болады.  Арман  өзменшiгiндегi  автомашинаны  сатуды 
ұйғарады. 
Автомобильдi  сатудан  түскен  ақша  үйдi  жөндеуге  жəне  тұрмыс 
техникаларын 
сатып 
алуға: 
теледидар, 
тоңазтқыш 
жəне 
бейнемагнитофонға  жұмсалады.  Арада  бiрнеше  жылдар  өткеннен 
кейiн  ерлi-зайыптылар  некенi  бұзу  туралы  жəне  мүлiктi  бөлiсуге 
байланысты  туған  дауды  шешудi  өтiнiп  сотқа  арыз  бередi. Iстi 
шешiңiздер.  Мүлiктi  бөлу  қалай  жүзеге  асырылады?  Осы  жағдайда 
қандай  мүлiктердi  ерлi-зайыптылардың  ортақ  бiрлескен  меншiгiне 
жатқызуға болады? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет