Практикум алматы 2006 ббк 67. 99(2)4я7



Pdf көрінісі
бет20/187
Дата06.01.2022
өлшемі1,08 Mb.
#13180
түріПрактикум
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   187
Есептер 
1.  Зияда  Молдахметова  сотқа  арыз  жазып,  дүниеге  жаңа  келген 
жас  сəбиiн  тiркеудi  кейiнге  қалдыруды  сұрайды.  Өзiнiң  арызында 
Молдахметова 2001 жылдың 16 наурызында  дүниеге  сəби  қыз 
əкелгенiн,  тек  сол  жылдың 25 шiлдесiнде  ғана  оны  тiркету  үшiн 
АХАЖ  органдарына  өтiнiш  бергенiн  жəне  тiркеу  мерзiмiн  өткiзiп 
алғандықтан  олар  сəбидi  тiркеуден  бас  тартқанын  айтады.  Оның  өз 


уақтысында  сəбидi  тiркетiп  үлгермеуiне  өзiнен  басқа  сəбидi  қарауға 
ешкiмнiң болмауы себеп болды деп түсiндiрдi. 
Ендi  алыстағы  əкпесi  кiшкентай  сəбидi  күтiп  бағуға  көмекке 
келгендiктен ол бiрден АХАЖ органдарына жүгiнгендiгiн айтады. 
Сот қандай шешiм шығаруы тиiс? 
2.  Максимова 1998 жылдың 20 қыркүйегiнен  бастап 
Кравченкомен  заңды  некеде  болған  болатын.  Бұл  некеден  оларда 
бала болған жоқ. 1999 жылдың қараша айында екеуiнiң өзара келiсiмi 
бойынша  Кравченко  өзiн  АХАЖ  органында  Максимованың 1997 
жылы 17 тамызда  туған  баласы - Алешаның  əкесi  етiп  жаздыртады. 
2001  жылдың  наурыз  айында  бұл  ерлi-зайыптылардың  некесi 
бұзылады,  ал 2001 жылдың  шiлдесiнде  Кравченко  сотқа  талап-арыз 
берiп  баланың  туу  туралы  куəлiгiндегi  өзiн  баланың  əкесi  деп 
көрсететiн жазуды жарамсыз деп тануды сұрайды. Осы iске қатысты 
сот  қандай  шешiм  шығаруы  керек?  Өзiн  ерiктi  түрде  баланың 
əкесiмiн  деп  таныған  тұлға  үшiн  қандай  құқықтық  салдар 
туындайтындығын атаңыздар. 
Заңды  некеде  болмаған  əйел  туған  сəбидiң  əкесi  қалай 
көрсетiледi?  Əкелiктi (аналықты)  анықтауға  байланысты  туған  дау 
қандай  тəртiппен  шешiледi  жəне  ненi  сот  дəлелдеме  ретiнде 
қарастыруға  құқылы?  Əкелiктi (аналықты)  даулау - мерзiммен 
шектелген бе?  
3.  Имашева 1999 жылдың  тамыз  айынан  бастап,  екеуi  бiрлесiп 
сатып алған пəтерде Рыскелдиновпен бiрге тұрып жатады жəне олар 
ортақ  шаруашылық  жүргiзедi. 2001 жылдың  наурыз  айында 
Рыскелдинов  Ақтау  қаласына  уақытша  жұмысқа  кетiп  сол  жерде 
мамыр  айында  кенеттен  қайтыс  болады.  Марқұм  қайтыс  болғаннан 
кейiн екi айадн соң Имашева қыз туады. 2001 жылдың тамыз айында 
Имашева Алматы қаласының аудандық  сотына əкелiктi тану туралы 
фактiнi анықтау туралы өтiнiш бередi. 
Сот  Имашеваның  талабын  қанағаттандырудан  бас  тартады. 
Имашева  кассациялық  шағыммен  Алматы  қалалық  сотына  жүгiнедi. 


Имашеваның талабы қанағаттандыруға жата ма? Əкелiктi (аналықты) 
тану туралы фактiнi анықтау туралы кiмдер талап қоя алады? 
4.  Ерлi-зайыптылар  София  Досаева  мен  Игорь  Иванов  заңды 
некеде 11 жыл тұрған болатын жəне олардың осы некеден 10 жасар 
Слава есiмдi ортақ балалары бар едi. София жанұяда өзiнiң мiнезiмен 
ерекшеленетiн,  яғни  өзiнiң  күйеуiн  ерекше  қызғанатын.  Игорь 
келбеттi  əрi  ақ  жарқын  мiнезiмен  əйелдердiң  назарына  көп  iлiгетiн 
жəне  тiптi  ол  кейде  олар-дың  қайсыбiрiмен  оңаша  отырыстарға  да 
барып  жүретiндi.  Бiр  күнi  Игорьдың  бұл  жүрiсi  жайлы  Софияға 
Игорьмен бiр мекемеде жұмыс iстейтiн Ольга есiмдi құрбысы айтып 
бередi.  Осыдан  кейiн  ерлi-зайыптылардың  арасындағы  қарым-
қатынас тым салқындап кетедi. Осы оқиғадан кейiн София күйеуiнiң 
қарсы болуына қарамастан некенi бұзуға бел шешедi жəне ұлы Слава 
Игорьдың  тегiн  (фамилиясын)  əкесiне  қайтарып  беруi  тиiс  деген 
пiкiрге  келедi.  Сонымен  Славаның  тегiн  (фамилиясын)  ол  Иванов 
емес  өзiнiң  тегiне  (фамилясына),  яғни  Досаев  деп  жаздырмақшы 
болады.  Игорь  болса  Славаның  тегiнiң  өзгертiлуiне  үзiлдi-кесiлдi 
қарсы  болады.  Сот  əуел  бастан  бұл  ерлi  зайыптылардың  та-
туасуларына  уақыт  бередi,  алайда  одан  ешбiр  оңды  нəтиже 
шықпайды. Көп өтпей олардың некесi заң жүзiнде бұзылады. 
Ерлi-зайыптылардың 
арасында 
баланың 
тегiн 
өзгертуге 
байланысты ортақ келiсiм болмаған жағдайда бұл iс қалай шешiледi, 
осыған  негiздеп  жауап  берiңiздер.  Тек  (фамилия)  өзгертудi  қандай 
орган жүзеге асырады? Баланың тегiн (фамилиясын) өзгерту кезiнде 
Игорьдiң пiкiрi ескерiлуi тиiс пе? 
5.  Ерлi  зайыпты  Марат  пен  Айнұр  Қалиевтар  жаңа  туған  жас 
сəбидiң  есiмi  туралы  ортақ  келiсiмге  келе  алмайды  да  АХАЖ 
органына  кеңес  сұрап  барады.  Сəбидiң  анасы  болса  ұлының  есiмiн 
жас  балаларды  өрттен  аман  алып  қалу  кезiнде  ерлiкпен  қаза  тапқан 
өзiнiң  сүйiктi  əкесi  Қуыршақтың  есiмiмен  атағысы  келедi.  Баланың 
əкесiне  əйелiнiң  сəбиге  бермекшi  болған  бұл  есiмi  ұнамайды,  себебi 
оның  пiкiрiнше  Қуыршақ  деген  есiм  баланың  мүддесiне  сай  емес, 


келешекте  бұл  есiм  оның  намысына  тиiп,  кiм  көрiнгенге  күлкi-
келемеж  болуына  себеп  болады  деп  санайды.  Керiсiнше,  сəбидiң 
əкесi  өзiнiң  ұлына  орыстың  əйгiлi  ғалымы  Михайло  Ломоносовтың 
құрметiне  ұлына  Михайло  деген  есiм  бергiсi  келетiндiгiн  айтады. 
Алайда  күйеуiнiң  бұл  ұсынысын  əйелi  қабылдамай  тастайды,  оның 
пiкiрiнше  Михайло - орыстың  есiмi,  ал  бала  қазақ  жанұясында  дү-
ниеге келгендiктен оған қазақша есiм берiлуi керек деп санайды. 
Сонымен  ақырында  ерлi-зайыптылар  бұл  мəселе  бойынша  ортақ 
пiкiрге келе алмайды. Қалиевтарға қандай кеңес беруге болады? 
Сiздердiң  пiкiрлерiңiзше  жоғарыдағы  есiмдердiң  қайсы  баланың 
мүддесiне  қайшы  келмейдi?  Бала  есiмiне  байланысты  ата-аналар 
арасында  пайда  болған  осы  келiспеушiлiктi  қандай  орган  шешуге 
құзреттi? 
6.  Тохтахуновтар  жанұясында  Тахир  есiмдi  жалғыз  бала  болады. 
Баланың  ата-анасының  арасында  бала  тəрбиелеуге  байланысты 
келiспеушiлiктер жиi болып тұратын. Шешесi баласының фортепиано 
ойнап  үйренуiн  қалайтын,  сол  себептен  де  ол  баланы  ұзақ  сағаттар 
бойы  фортепиано  ойнап  үйренуге  мəжбүрлеп  жаттықтыратын. 
Осындай  жаттықтыру  сағаттары  кезiнде  егер  бала  қандайда  бiр 
шығарманы  қате  ойнаса  немесе  жаттықтыру  сабағынан  қашқақтаса 
шешесi  оны  балағаттап,  тiптi  кейде  далаға  балалармен  ойнауға  жi-
бермей  қоятын.  Анасының  осы  мəжбүрлеулерiнен  əбден  қа-жыған 
Тахир соңғы уақыттары жиi жылайтын. 
Осындай  кездерде  баланың  əкесi  шет  қалып  қоймай,  əйелiнiң 
шамадан тыс қатыгездiгiнен баланы қорғап қалуға əрекет жасайтын. 
Əдетте  мұның  арты  үйде  үлкен  дау-жанжалға  ұласып,  ата-аналары 
бiр-бiрiмен ұрыс-керiске баратын. 
Ал Тахир болса шахмат ойнауды өте ұнататын, сондық-тан да ол 
ұзақ уақыттар бой өз ынтасымен əр түрлi шахмат комбинацияларын 
үйренуден  жалықпай  жаттығуға  əзiр  едi,  тiптi  ол  анасына  айтпай 
жасырын  түрде  шахмат  үйiрмесiне  қатысып  жүретiн.  Ал  мектепте 
өткiзiлетiн  турнирлерде  Тахир  əркез  жүлделi  орындарға  ие  болып 


жүретiн.  Баласының  шахматқа  деген  құштарлығы  мен  қабiлетiн 
байқаған  əкесi  оны  бұдан  былай  музыкаға  баулуды  тоқтатып 
шахматқа бейiмдеу туралы шешiм қабылдайды. 
Əйелi күйеуiнiң бұл шешiмiне қарсы болып одан бала тəрбиесiне 
араласпауды  сұрайды.  Ақырында  ортақ  келiсiмге  келе  алмаған  ерлi-
зайыптылар  заңгерден  кеңес  алуды  ұйғарады.  Ерлi-зайыпты 
Тохтахуновтарға кеңес берiңiздер. 
Өздерiңiздiң  жауаптарыңызды  “Неке  жəне  отбасы  тура-лың 
Заңының 
нормаларымен 
дəйектеңiздер. 
Ерлi-зайыптылардың 
арасындағы баланың тəрбиесiне байланысты даулар-ды қандай орган 
қарастыруға құқылы? 
Тахирдiң анасы баланың өз қалауын ескермей музыкаға үйренуге 
мəжбүрлеуге құқығы бар ма? 
7.  Қ.  И.  Сəтпаев  атындағы  Қазақ  мемлекеттiк  политехникалық 
университетiнiң 2 курс  студентi  Нина  Гурченко  студенттiк  би 
кешiнде  сол  университеттiң 3 курс  студентi  Владимир  Стаховпен 
танысады. Олар бiр көргеннен бiрiн бiрi ұнатып қалады да, арада 6 ай 
өткеннен кейiн заңды некелерiн АХАЖ органында тiркетедi. 
Ата-аналары бұл некеге қарсы болады, себебi екi жастың да ешбiр 
материалдық  жағдайы:  ақшасы  да,  пəтерлерi  де  жоқ  болатын. 
Сонымен қатар олардың екеуi де əлi жоғары бiлiм алып үлгермеген. 
Осы  қалыптасқан  жағдай  олардың  əрқайысысын  өз  ата-
аналарының  үйiнде  тұруға  мəжбүр  етедi.  Арада  бiр  жыл  өткеннен 
кейiн  Нина  мен  Владимирдiң  тұңғыштары - Настя  өмiрге  келедi. 
Сəби  дүниеге  келгеннен  кейiн  Нинаның  ата-анасымен  Владимирдiң 
арасындағы  қарым-қатынасы  шие-ленiсiп  қалады.  Нинаның  ата-
анасы  Владимирдi  өзiнiң  жа-нұясына  жауапсыздықпен  қарайды  деп 
айыптай  бастайды.  Олар  сондай-ақ  күйеу  балалары - Владимирдiң 
əйелi  мен  қызына  келуiп  тұруын  қаламайтын.  Нинаның  анасы 
қызынан  күйеуiмен  ажырасуын  талап  етедi.  Снымен  қоймай  олар 
немерелерiн  өздерi  Владимирдi  қатыстырмай-ақ  тəрбиелеуге  даяр 


екендiктерiн қызына айтады. Нина күйеуiмен ажырасқысы келмейдi, 
алайда ата-анасынан материалдық жағынан тəуелдi болғандықтан 
қарсы  шыға  алмай,  ақырында  амалсыз  сотқа  арыз  берiп  некесiн 
бұзуды  сұрауға  мəжбүр  болады.  Владимир  болса  Нинаның  некенi 
ажыратуға байланысты сотқа берген арызына қарсы болады. 
Iстi  шешiңiздер.  Нинаның  ата-анасы  Владимирдiң  қандай 
құқықтарын  бұзуда?  Нинаның  ата-анасын  некенiң  бұзылуына  себеп 
болғаны үшiн жауапқа тартуға бола ма? 
8.  Алматы  қаласының  тұрғындары  Валентина  мен  Ва-силий 
Дубининдер спирт iшiмдiктерiне əуес едi. Олардың жастағы баласы - 
Саша мектепке бармайтын, себебi ата-анасы одан ақша талап ететiн, 
сондықтан  да,  ол  автокөлiк  сататын  базарда  автомобиль  жуумен 
айналысып  ақша  табуға  мəжбүр  болады.  Ақсай  аудандық 
полициясының  учаскелiк  инспекторлары  Саша  Дубининдi  ұсақ 
бұзақылық жасағаны үшiн бiрнеше рет ұстаған болатын. Нəтижесiнде 
ақыры  Саша  Дубининдi  кəмелетке  толмағандар  iсi  жөнiндегi 
комис-сияның есебiне тiркеуге алады. Дубининдер жанұясында орын 
алған  бұл  келеңсiздiктiң  таяу  арада  оңалмайтындығына  көздерi 
жеткен  жəне  бала  тəрбиесiне  аталған  жағдайлардың  керi  ықпал 
жасайтындығын  ескерiп  кəмелетке  толмағандар  iсi  жөнiндегi 
комиссия  сотқа  талап  арыз  берiп,  Дубининдердi  ата-ана  болу 
құқығынан айыру туралы iс қозғауды сұрайды. 
Осы  iс  сотта  қаралған  кезде  мына  жағдайлар,  яғни  ерлi-зайыпты 
Дубининдердiң екуiнiң де созылмалы алкоголизммен ауыратындығы, 
сондай-ақ  баласын  үнемi  ұрып  соғатыны  жəне  Сашаның  мектепке 
баруына  тыйм  салатындығы  анықталады.  Сот  қандай  шешiм 
шығаруы  керек?  Кəмлетке  толмағандар  iсi  жөнiндегi  комиссиядан 
басқа  тағы  кiмдер  ерлi-зайыпты  Дубининдердi  ата-ана  болу  құқы-
ғынан  айыру  туралы  сотқа  талап-арыз  бере  алады?  Осы  жағдайда 
Сашаның  ата-анасынан  алимент  өндiрiп  алу  туралы  iстi  қарауға  сот 
құқылы  ма?  Егер  ерлi-зайыпты  Дубининдер  Қазақстан  Республика-


сының  азаматы  болып  табылмаған  жағдайда  iстiң  мəнi  мен  сот 
шешiмi өзгере ме? 
9.  Күйеуi  қайтыс  болғаннан  кейiн  Елена  Ли  төрт  жасар  баласы - 
Вадиммен  жалғыз  қалады.  Елена  есепшi  болып  жұмыс  iстейтiн 
кəсiпорында  төленетiн  еңбекақы  өте  аз  болатын,  сол  себептi  ол  жиi 
материалдық  тапшылық  көрiп  жүретiн.  Сүйiктi  жарынан  айырылып, 
тұрмыс тауқыметiнен қажыған Елена өзiнiң жадау өмiрiне арақпен əр 
берудi əдетке айналдыра бастайды. 
Арада  көп  уақыт  өтпей  жұмысқа  жүйелi  түрде  шықпағандығы 
үшiн Еленаны жұмыстан шығарып жiбередi. 
Елена  пəтер  жалдап  тұратын  үйдiң  қабатындағы  оның  көршiлерi 
талай  рет  куə  болғандай,  Елена  өз  пəтерiн  маскүнемдерге  толтырып 
баласының  көзiнше  өрескел  ұят  қылықтар  жасауға  дейiн  баратын. 
Араққа мас болған кейбiр кездер де ол тiптi баласын пəтерден қуып, 
аулаға  шығарып  жiберетiн  немесе  жөнсiз  ұрып  соғатын.  Мұндай 
кездерде бала көп жағдайда ас iшпей аш, күтiмсiз қалатын. 
Бұл жайды көршiлерiнiң бiрi қорғаншы жəне қамқоршы органына 
хабарлайды.  Нəтижесiнде  Елена  соттың  шешiмiне  сəйкес  ата-ана 
құқығынан айырылады. Вадимнiң қорғаншысы болып баланың əжесi-
Ирина Ким тағайындалады. 
Сот  шешiмi  шыққаннан  кейiн  қорғаншы  жəне  қамқор-шы 
органының  өкiлi  жəне  Ирина  Ким  баланы  алу  үшiн  Еленаның  үйiне 
келедi. Бiрақ олар Елена тарапынан өте өрескел қарсылық көредi. Ол 
келген  адамдардың  пəтерге  кiруiне  бөгет  жасап,  оларды  есiктен 
итерiп  жiберiп,  үйдi iшiнен  бекiтiп  алады.  Сондай-ақ  төрт  жасар 
Вадим де өз анасынан айырылғысы келмей қарсылық танытады. 
Арада  бiрнеше  күн  өткеннен  кейiн  баланы  анасынан  ажыратып 
алуға  тағы  да  əрекет  жасалады,  алайда  одан  да  ешқандай  нəтиже 
шықпайды.  Елена  сол  бұрынғысынша  баланы  əжесiне  беруден  бас 
тартудан қайтпайды. Iстi шешiңiздер. 
Сiздер  қалай  ойлайсыздар,  баланы  алып  қоюға  байланысты 
шығарылған сот шешiмiн бұл жағдайда қандай орган жүзеге асыруы 


тиiс?  Баланы  алу  кезiнде  қорғаншының  қатысуы  бұл  жағдай-да 
мiндеттi ме? 
10.  Аудан  прокуроры  Н.  Жансейiтов  сотқа  талап-арыз  бе-рiп, 
азамат  Бондарев  Алексей  Василиевичтi 1994 жылы  туған  Бондарев 
Романға ата-ана болу құқығынан айыруды сұрайды. Сот мəжiлiсiнде 
прокурор  Н.  Жансейiтов  азамат  Алексей  Бондаревтiң  ұзақ 
уақыттардан  берi  спирт  iшiмдiктерiне  са-лынып,  баласының 
тəрбиесiмен  тек  ара-тұра  ғана  айналысатындығын  жəне  оның  қазiр 
сот  үкiмiмен  бес  жылға  бас  бостандығынан  айрылығанын  сотта 
баяндайды. 
Сот сұрауы бойынша мектептен талап етiлiп алынған құжаттарда 
Роман  Бондаревтiң  əкесi – Бондарев  Алексейдiң  баласын  сабаққа 
жақсы  баулығандығы  жайлы  жəне  барлық  ата-аналар  жиналысын 
жiбермей  үздiксiз  келiп  тұрғандығы  туралы  мəлiметтер  көрсетiледi. 
Соңғы  сот  үкiмi  шыққанға  дейiн  Бондарев  ешбiр  жерде  жұмыс 
iстемеген  жəне  наркологиялық  диспансерде  Екiншi  сатыдағы 
созылмалы алкоголизм диагнозымен есепте тұрғаны белгiлi болады. 
Талап-арызында  прокурор  баланы,  содай-ақ  ата-əжесiнiң 
тəрбиесiне берудi де қарастыруға болатын айтады. 
Алай  да  оған  қорғаншылық-қамқоршылық  органдар  қарсылық 
бiлдiредi,  себебi  аталған  жанұяның  тұрмыс  жағдайы  мен  ма-
териалдық  мүмкiндiгi  нашар,  сондықтан  да  ол  баланың  мүд-десiне 
қайшы келедi дегендi айтады. Iстi шешiңiздер. 
Аталған  негiздер  Бондарев  Алексейдi  ата-ана  болу  құ-қығынан 
айруға жеткiлiктi деп санайсыздар ма? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет