Практикум алматы 2006 ббк 67. 99(2)4я7



Pdf көрінісі
бет78/187
Дата06.01.2022
өлшемі1,08 Mb.
#13180
түріПрактикум
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   187
 
68-бап. Ата-ана құқығынан айыру тəртібі 
1. Ата-ана құқығынан айыру сот тəртібімен жүргізіледі. 
Ата-ана  құқығынан  айыру  туралы  істер  ата-аналардың 
біреуінің (олардың орнындағы адамдардың), кəмелетке толмаған 
балалардың  құқықтарын  қорғау  жөніндегі  міндеттер  жүктелген 
органдардың  немесе  ұйымдардың  (қорғаншы  жəне  қамқоршы 
органдардың,  кəмелетке  толмағандардың  істері  жөніндегі 
комиссияның  жетім  балалар  мен  ата-анасының  қамқорлығынсыз 


қалған  балаларға  арналған  мекемелердің  жəне  басқаларының) 
арызы  бойынша,  сондай-ақ  прокурордың  талабы  бойынша 
қаралады. 
2.  Ата-ана  құқығынан  айыру  туралы  істер  прокурор  мен 
қорғаншы жəне қамқоршы органның қатысуымен қаралады. 
 3. Ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде сот ата-
ана  құқығынан  айырылған  ата-аналардан  (олардың  біреуінен) 
алимент өндіріп алу туралы мəселені шешеді. 
4. Егер сот ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде 
ата-  аналардың  (олардың  біреуінің)  іс-əрекетінен  қылмыстық 
жазаланатын  əрекетті  байқаса,  мұны  жеке  қаулымен  прокурор 
назарына жеткізуге міндетті. 
5. Сот ата-ана құқығынан айыру туралы соттың шешімі заңды 
күшіне  енген  күннен  бастап  үш  күннің  ішінде  бұл  шешімнің 
көшірмесін  баланың  тууын  мемлекеттік  тіркеу  орны  бойынша 
азаматтық  хал  актілерін  жазу  органы  мен  қорғаншы  жəне 
қамқоршы органға жолдауға міндетті.  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет