Практикум алматы 2006 ббк 67. 99(2)4я7


-бап. Ата-ана құқықтарынан айырудың салдары



Pdf көрінісі
бет79/187
Дата06.01.2022
өлшемі1,08 Mb.
#13180
түріПрактикум
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   187
69-бап. Ата-ана құқықтарынан айырудың салдары 
1. Ата-ана құқықтарынан айыру балалармен туыстық фактісіне 
негізделген  барлық  құқықтардан,  оның  ішінде  одан  асырауға 
қаражат  алу  (осы  Заңның 131бабы),  сондай-ақ  балалары  бар 
азаматтар  үшін  белгіленген  жеңілдіктер  мен  мемлекеттік 
жəрдемақылар алу құқықтарынан айырылуға əкеп соғады. 
2. Ата-ана құқығынан айыру ата-аналарды өз баласын асырау 
міндетінен  босатпайды,  ол  баланы  асырап  алу  арқылы 
тоқтатылады. 
3.  Бала  мен  ата-ана  құқықтарынан  айырылған  ата-ананың 
одан əрі бірге тұруы туралы мəселе сот тəртібімен шешіледі. 
4.  Ата-анасы  (олардың  біреуі)  ата-ана  құқықтарынан 
айырылған  бала  ата-  анасымен  жəне  басқа  да  туыстарымен 
туыстық  фактісіне,  оның  ішінде  мұра  алу  құқығына  негізделген 
тұрғын  үй-жайға  меншік  құқығын  немесе  тұрғын  үй-жайды 
пайдалану  құқығын,  сондай-ақ  мүліктік  құқықтарын  сақтап 
қалады.  
5. Баланы басқа ата-анаға беру мүмкін болмаған кезде немесе 
ата-  анасының  екеуі  де  ата-ана  құқықтарынан  айырылған 
жағдайда 
бала 
қорғаншы 
жəне 
қамқоршы 
органның 
қамқорлығына беріледі. 
6. 
Ата-ана 
құқықтарынан 
айырылған 
ата-аналарының 
(олардың  біреуінің)  өтініші  бойынша  қорғаншы  жəне  қамқоршы 


орган,  егер  бұл  балаға  зиянды  ықпал  етпесе,  баламен  жолығуға 
рұқсат ете алады. 
7.  Ата-анасы  (олардың  біреуі)  ата-ана  құқықтарынан 
айырылған  жағдайда  баланы  асырап  алуға  ата-ананы  (олардың 
біреуін) ата-ана құқықтарынан айыру туралы сот шешім шығарған 
күннен бастап кемінде алты ай өткенде жол беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет