ТА Қ Ы Р Ы П : ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРМЕН, СЕРВЕРЛЕРМЕН, ПЕРИФЕРИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚ ЖƏНЕ КОМПЬЮТЕРЛІК КЕҢСЕ ТЕХНИКАСЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕГЕН КЕЗДЕ БАПТАУШЫНЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫМЕН ЖƏНЕ ОРНАТУ, ПАЙДАЛАНУ ЖƏНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАРМЕН ТАНЫСУ
Оқу мақсаты. Баптаушының жұмыс орнын сипаттау. Баптаушығақажетті, негізгі нормативтік құжаттарды атап шығу. Жабдықтың пайдаланатын материалының негізгі тармақтарын жазу.
Оқу міндеті. Кəсіпкер компьютердік бағдарламаға қызмет көрсету жəне жөндеу жөніндегі фирманы ашуға бел шешті (немесе сервис орталығын). Компьютердің аппараттық жəне бағдарламалық жасақтама баптаушының автоматтандырылған жұмыс орнын ұйымдастыру үшін не қажет екенін анықтаңдар.
Оқытудың техникалық құралдары. Бағдарламалық жасақталған компьютер, Интернет-ресурстары, тестік бақылау өткізуге арналған бағдарлама, тəжірибелік жұмыс.
Бағдарламалық жасақтама. Мəтіндік жəне графикалық редактор. Мəтін. «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтама баптаушының жұмыс орны» мəтіні осы тəжірибелік жұмыс бойынша білімдерді тексеру үшін арналған.
Тəжірибелік жұмыстың міндеттері
Тəжірибелік жұмыс тақырыбы бойынша теориялық материалды қайталау.
Теориялық материалды бекітуге арналған сұрақтарға жауап беру.
Осы тақырып бойынша электрондық түрде қажетті материалды жинау жəне зерттеу.
Графикалық редакторда сұлбалық құрылымды көрсету.
Тестілеуді орындау.
Есепті рəсімдеу.
Қысқаша теориялық жəне оқу- əдістемелік материалдар
Компьютерлік технологиялар жеткілікті дəрежеде өмірімізге енді жəне ажырамас құраушыға айналды. Компьютердің қатыспаған қызмет саласы жоқ. Компьютердің əрбір бөлшегі мен бағдарламасы дербес назарды талап етеді, тиісінше маманнан жабдықтың аппараттық-бағдарламалық кешенінің сипат тізімін білу талап етіледі. Сондықтан кəсіби қызметті дұрыс ұйымдастыру мен жүйелеудің қажеттілігі туындайды немесе басқаша айтқанда өз жұмыс орнын автоматтандыру.
Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманы баптаушының автоматтандырылған жұмыс орынды құраушы элементтерінің негізіне:
Нормативтік құжаттар: жабдыққа техникалық қызмет көрсету жəне пайдалану нұсқаулығы мен жоспары; кепілдік құжаттары (талондар), тауар чегі немесе шығыс жүк құжаты; бөлшектерді тіркеу немесе жинақтаушы жабдыққа ақпараттық деректер базасы; есептеуіш техника мен кеңсе техника құралдарын есептен шығарудың жергілікті актілері;
Еңбекті қорғау: «Дербес электрондық-есептеуіш машиналар мен жұмысты ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормативтер; ғимараттан эвакуациялау жоспары; өртке қарсы қауіпсіздік шаралары (өрт сөндіргіш пен қобдишаның бар болуы); еңбекті қорғау жөніндегі плакаттар; еңбекті қорғау жөніндегі плакаттар;
Бағдарламалар кешені: компьютердің жəне жинақтаушыларының деректер базасы; лицензиялық бағдарламалық өнімді пайдалану жəне орнату жөніндегі нұсқаулықтар; драйверлер; операциялық жүйелерді, еркін жəне лицензиялық бағдарламаларды тіркеу; аппараттық, бағдарламалық кілттер мен парольдер; дискілердің, сыртқы жинақтаушылардың жəне жады карталардың тізімі;
Белгілі жұмыс түріне мамандандырылған жұмыс орны: картридждерді толтыру жəне тазалау стансасы (белсенді сорып шығаруы бар); мен айлабұйымдардың жинағы; жоғары қысымды ауа ағынымен картриджді тазалауға арналған шаңсорғыш- компрессор; тонерге арналған мөлшерлеуіш; бағдарламлағыш; картриджерге арналған арнайы құрал-саймандар мен айлабұйымдардың жинағы; жоғары қысымды ауа ағынымен картриджді тазалауға арналған шаңсорғыш-компрессор; тонерге арналған мөлшерлеуіш; бағдарламалағыш;
Диагностика жəне тесті жасайтын жұмыс орын: тестілеуші құрылғылар; тексеруге, диагностика жасауға жəне жабдықтың ақауларын іздеуге арналған стенділік компьютер; құрал- саймандардың жинағы; құраушы жабдықтың сипат тізімі, үйлесуі жəне конфигурациясы жөніндегі анықтама;
Мультимедиялық жабдық жəне енгізу құрылғысы: колонкаларды, құлаққаптарды, микрофондарды, сканерлерді, цифрлік фото жəне видеоаппараттарды тіркеу; бөлшектерді, зарядтау құрылғылар мен мобильдік батарейларды тіркеу кіреді.
Өз міндеттеріне кірісер бұрын инвентаризация өткізу жəне техникаға нөмір беру, пломба қою, бағдарламалық жəне жасақтамаға қорғауды орнатып əрі жұмыс режимінің өзгерісіне қол жетімділікті шектеу қажет; ақпаратты көшіріп жады құрылғыларына немесе рұқсат жоқ пайдаланушыларға арнайы компьютерге сақтау қажет.