Аналық тақша – əрбір дербес компьютердің негізгі құрауышы. Бұл ішкі байланыстарды басқаратын жəне сыртқы құрылғылармен өзара əрекет ететін жеке элемент. Аналық тақша тұтастай компьютердің өнімділігіне əсер тигізетін, ДК ішіндегі негізгі құрауыш болып табылады.
Аналық тақшаларға арналған бағдарламалар
Аналық тақша туралы деректерді Windows операциялық жүйенің орыс тіліне лайықталған бағдарламалар көмегімен анықтауға болады: CPU-Z, PC-Wizard, SiSoftware Sandra, Speccy Portable, ASTRA32, AIDA64 Extreme Edition, Fresh Diagnose, System Information for Windows
(SIW), MCHTemp, Motherboard Monitor. Linux операциялық жүйенің бағдарламалары: lm-sensors – аналық платаның температуралық режимі мен кернеудің мониторингі; stresslinux – CD (~15 Mбайт) жүктеушінің ISO- бейнесі жəне компьютерді жан-жақты тестілеуге арналған PXE-бейнесі.
Аналық тақшаны құрастыру
Кез келген жабдықты орнату немесе ауыстыру алдында компьютерді электр желісінен ажырату қажет. Статикалық электрді болдырмау үшін, компьютерлік жабдық қосылған болуы тиіс екенін есте сақтау қажет, ол компьютер үшін өте қауіпті. Сондықтан статикалық электрді шешу үшін қаңқаға жанасу қажет. Аналық тақшаны жаңа жүйелі блокқа орнатқан кезде бітеуішті бұрап алып жəне жинақтан «туған» панелін қондыру керек. Содан кейін тақшада орнататын саңылауларды тауып алу қажет, олардың орналасуын қаңқадағы бар саңылаулармен салыстыру қажет. Қаңқадағы саңылауларға немесе аналық тақшасын құрастыру сұлбасында көрсетілген металда арнайы сығылып шығарылған алаңдарға мыс төлкелерін (егер ол қажет болса) орнату (2.2. сур.).
Тақша қаңқаға орнатылады жəне бұрандалармен бекітіледі. Кейде темір бекітудің орнына пайдалануда ыңғайсыз, пластмассалық бекіту келеді.
Тақшаға процессорды кулермен алдын ала орнату мүмкіндігіне назар аудару керек, себебі қаңқаның өлшемдеріне байланысты мəселелер туындауы мүмкін. Қаңқаның бет панелінен сымдарды жалғау үшін, сымдарды жете жалғау туралы сұлба көрсетілген нұсқаулық қажет (əр модель үшін өзіндік орналасуы).
Аналық тақшада таңбаланған жазбаның мағынасын ашу:
■ RESET-SW – қайта жүктеу үшін арналған, негізінде ақ жəне қара сымдар келеді;
■ HDD-LED – əрқашан қызыл түспен жыпылықтап тұратын лəмпішке, ақ жəне қызыл сымдар келуі тиіс;
■ PWR-SW – компьютерді іске қосуға қажет, негізінде ақ жəне сарғылт түсті сымдар келеді;
■ SPEAKER – ішкі динамик, ақ жəне қызыл немесе қызыл жəне ақ сымдар келуі тиіс;
■ PWR-LED – жасыл түсті лəмпішке, əдетте бұл жасыл жəне ақ сымдар.
304,80 мм (12,000")
243,84 мм (9,600")
228,60 мм (9,000") Енгізу-шығару
панелінің ені
„ . „Тақшаның алдынғы бөлігі
• flex-ATX
o АТХ немесе micro-ATX
2.2 .сур. Аналық тақшаны құрастыру сұлбасы
Жүйелі блоктың барлық қалған құрауыштарын орнатқаннан кейін драйверлерді орнату қажет.