Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы»


АҚПАРАТТЫ ДАЙЫНДАУ ЖƏНЕ ЕНГІЗУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ



бет55/99
Дата08.12.2022
өлшемі7,51 Mb.
#55788
түріПрактикум
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   99
Байланысты:
прак тЧащина Дербес компьтерлердің, серверлердің, перифериялық құрылғылардың, жабдықтар

АҚПАРАТТЫ ДАЙЫНДАУ ЖƏНЕ ЕНГІЗУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ


ДК көмегімен ақпаратты өңдеу үшін пайдаланушы ақпаратты компьютерге енгізуі тиіс. Деректерді енгізу мен жүйені басқарудың негізгі құрылғылары тінтуір мен пернетақта болып табылады. Алайда ақпаратту енгізу құрылғылары ретінде сканер жəне цифрлік камера сияқты құрылғылар кеңінен таралып келеді.

5.1. ТІНТУІР ЖƏНЕПЕРНЕТАҚТА


Тінтуір ақпаратты енгізудің маңызды құралы болып табылады. Əсіресе графикалық қоршам пайда болумен оның маңызы арта түсті, себебі тиісті бағдарламалық жасақтамамен тиімді жұмыс істеу үшін тінтуір қажеті де арта түсті.
Пернетақта (Keyboard) ДК-ге ақпаратты енгізудің негізгі құрылғысы болып табылады, тінтуір көбінесе басқару қызметін орындайды.

Тінтуірді жəне пернетақтаны пайдалану шарттары


Кез келген интерактивті жүйені пернетақта жəне тінтуірсіз елестету мүмкін емес. Сондықтан осындай құрылғыларға сұраныс қазіргі кездің өзінде де төмендемейді. Компьютерлік тінтуірлерге арналған əртүрлі технологиялар бар. Оптикалық технология тінтуірге кез келген жазықтықта жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Дегенмен, шағылыстыратын, мөлдір, сондай-ақ бедерлі құрылымды жазықтықтықтарда жұмыс істемеуге тырысу қажет. Бедерлі құрылымды жазық тінтуірдің табаның қажайды, бұл сенсор мен жазықтықтың арақашықтығын кемітеді. Тура күн сəулесінің түсуіне жол бермеу керек, температура 40 °С-тан жоғары немесе нөлден төмен болуы тиіс. Ылғалдылық - 10-нан 80%-ға дейін шегінде. Үстел үстінде жəне жалпы бөлмеде тазалықты сақтау қажет. Магнит өрістерін түзетін құрылғылар 30 см-ден жақын орналаспауы тиіс, мысалы факс, магниттік сəуле шығаратын аспап, радио, мобильді телефон жəне т.б. Пернетақта орнықты жазықтықта орнатласуы тиіс, қоректену кабелі бос жəне қысылып тұрмауы тиіс. Тінтуір сияқты, пернетақтаның бетін де гигиена ережелерін ұстанып, тазалап отыру қажет. Жұмыс орынның эргономикасын сақтау үшін жəне кəсіби ауруларды алдын алу үшін, тінтуір мен пернетақта компьютерлік үстелдің арнайы қойғышта болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет