Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы»


кесте.Тінтуірдің техникалық сипаттамалары



бет59/99
Дата08.12.2022
өлшемі7,51 Mb.
#55788
түріПрактикум
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   99
5.2. кесте.Тінтуірдің техникалық сипаттамалары

Көрсеткіш

Сипаттама

Өндірушінің сайты


Сенсордың типі


Құрылым


Технология


Батырмаларының саны


Ажыратылымдылығы


Интерфейс


Сұрату жиілігі


Бар жылдамдығы


Кіріктірілген жады





Көрсеткіш

Сипаттама




Максималды шапшаңдылығы





Салмақты реттеу





Платформа





Бағдарламалық жасақтама





Қосымша мүмкінділіктері



  1. Протестируйте работоспособность клавиатуры и мыши программой PassMark KeyboardTest бағдарламасымен пернетақта мен тінтуірдің жəне miceJUDGE арнайы бағдарламамен тінтуірдің жұмыс қабілетін тестілеңдер.

5.2. СКАНЕР


Сканер – жазық тасымалдауыштарда мəтін, сурет, слайд, фотосурет түрінде ақпаратты, сондай-ақ көлемді объектілердің кішігірім өлшемді бейнекөріністерін енгізетін құрылғы.

Сканерлерді пайдалану шарты


Сканерді тегіс тұрақты жазыққа орнатыңдар. Бұл сканерлерлейтін объектілерді дəл жайғастыру үшін қажет. Кез келген жабдық, оның ішінде сканер де дірілге сезгіш келеді. Сканерді желдеткіш немесе қозғалтқыштармен жабдықталған, көшіру аппараты, принтер немесе компьютердің жүйелі блог сияқты құрылғылардың жанына орнатпандар. Сканерге тура күн сəулесінің түсуіне жол бермендер. Мықты күн көзінің ұзақ əсер тетуі сканердің жарық сезгіш элементтерінің сипаттамаларының өзгеруіне əкелуі мүмкін.
Бөлмеде қажетті температура мен ауа ылғалдылығын ұстаңдар. Аса төмен ауа температурасында сканердің қозғалмалы бөлшектері мен механизмдерінің майлағыш тиімділігі төмендейді, ал ауаның жылы ағындары əсер еткенде конденсат түзіледі. Жоғары температурада майлағыш материалдар буланып сканердің оптикалық жүйесіне тұнып қалуы мүмкін. Сонымен бірге, жоғары температура кезінде сканерді пайдалану оның үздіксіз жұмыс жасау мерізімін қысқартады. Құрғақ ауа сканерге зақым жасамайды, ал тым ылғалды құрылғының жөндемсіздігің себебі болуы мүмкін. Сканерлейтін құрылғылар ерекше қызмет көрсетуді талап етпейді (принтерлерге қарағанда сканерлейтін құрылғыларда шығыс материалдары бітіп қалмайды, мысалы қағаз немесе сия).
Ең үздік өнімділікті қамтамасыз ету үшін сканерге мерзімді қызмет көрсетіп отыру қажет: пайдаланудың барлық қажетті талаптарын орындап отыру. Сканерді үнемі тазалап отыру қажет. Шынысын шыны тазалауға арналған құралға суланған, қылшықтары жоқ жұмсақ матамен тазалау қажет. Тазалау үшін абразивті материалдарды, сондай-ақ бензол мен көміртектің тетрохлоридін қолдануға болмайды, себебі бұл заттар сканердің шынысына зақым келтіруі мүмкін. Изопропил спиртін қолдануға болмайды, себебі одан кейін шыныда жолақтар қалуы мүмкін. Тазалағыш құралды шыныға шашуға болмайды. Шыныға тым көп мөлшерде сұйытық жаққан кезде, сұйықтық шынының шеттеріне тиіп сканерге зақым келтіруі мүмкін. Барлық осы іс-əрекеттерді сөндірілген сканер кезінде жасау қажет. Егер сканерді басқа жерге тасымалдау немесе ұзақ уақыт мерізімге сақтауға қалдыру қажет туындаса, онда сканердің күймешесін сынып қалуын алдын алу үшін бекітіп қою қажет. Ауыр заттарды сканердің шынысан қоюға жəне шыныны қатты басуға тыйым салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет