Компьютердің салқындату жүйесі – бұлжұмыс істеу үдерісінде компьютерлік құрауыштардың қызуынан жылуды қайтаруға раналған құралдардың жинағы.
Жылуды қайтару тəсілі бойынша салқындату жүйелері келесі түрде бөлінеді:
а) ауамен салқындату;
б) сұйықтық салқындату;
в) фреондық орнату;
г) ашық булану.
Сондай-ақ аралас салқындату жүйелері бар, мысалы Пельтье элементтерін қолданылатын жүйелер.
Салқындату жүйесін пайдалану шарттары
Бөлмелердегі шаңның көп мөлшеріне байланысты мезгіл сайын жүйелі блокты, дəл айтқанда салқындату жүйесін тазалап отыру қажет. Жүйелі блоктың корпусын тазалау мерзімділігі ДК қай жерде орнатылғанына байланысты. ATX типті корпустарда (кең таралған) жəне олармен үйелсімді қоректену көзінің желдеткіш əдетте ауаны компьютердің корпусына сықайды (процессордың пассивті салқындауы). Егер соратын саңылауды тормен жауып тастаса, онда корпустағы шаңның мөлшері айтарлықтай азаяды. Корпус арқылы өтетін ауа барлық құрауыштарды салқындатып, содан кейін одан шыққандай есеппен корпус жобаланған. Бірінші кезекте қысым күрт өзгеретін (немесе ауа ағынының жылдамдығы) жерді шаң басады. Сондықтан осы жерлерге назар аудару қажет, олар салқындату жүйесінің сыни нүктелері туралы айтады – бұл желдеткіштің қалақшалары, шаң оларға ауа ағындарының құйындауы есебінен отырады. Егер онда ауа ағының үзілуі болып жатса, онда шаң басу үдерісі күрт күшейеді. Бұл желдеткіш жасайтын қысым, компьютер корпусының аэродинамикалық кедергісіне қарағанда кемігенде болады. Бұл жағдайда желдеткіш арқылы ауаның шығысы азаяды жəне желдеткіште ауа ағындарының үзілуі болады, қысымның айырма аймақтары пайда болады да оларға шаң – тозан үлкен жылдамдықтағы қалақшалармен соқтығысып олардың бетіне енеді. Нəтижесінде желдеткіш жүйесін жөнге келтіру немесе желдеткішті ауыстыру қажет.
Егер ауа ағының үзілуі радиатордың қырлары арасында өтсе, онда бұл жағдайда қыраралық саңылауда ауа ағының құлауы орын алады, бұл салқындату тиімділігін төмендетеді. Қырлардың бетіндегі кедір-бұдырлық, өнімділігі жеткіліксіз желдеткіш себептері болуы мүмкін. Бұл мəселелерді ауаны салқындататын кіріс саңылауының артында орналасқан (əдетте жүйелі блоктың түбінде) кулерді ауыстырып (радиатор блогын - желдеткішті) шешуге болады.
Бұл жерде ауа кішігірім саңылау арқылы өтіп, ішкі көлемнің бірнеше есе үлкенірек қимаға келіп түседі. Бұл мезгілде қысым күрт төмендейді немесе ауа ағының жылдамдығы төмендейді. Ұқсас құбылыс кулердің қыраралық кеңістігінен ауа ағыны шығысында болады. Осы жағдайдан шығудың қарапайым шешімі, сүзгіні орнату, алайда бұл кейбір мəселелермен түйіндеседі.
Жүйелі блокты тазалау үшін мына құрал-саймандар қолданылады: шөткесі бар шаңсорғыш, түктері иілгіш əртүрлі өлшемді бірнеше қылқалам, бекіткішті шешуге арналған ыдыс, бұрағыш (крест тəрізді). Үлкен қылқаламда ұзынды 55 мм иілгіш табиғи қылы бар. Ол жүйелі блоктың барлық тораптарын тазарту үшін қолайлы, майыспайды жəне шаңнан жақсы тазалайды. Кіші қылқаламды желдеткіштердің қалақшаларын жəне бейнекартаны тазалау кезінде қолдануға болады. Қылқаламмен кірленген беттен шаңды сүртуге болады, алайда ол қайтадан компьютердің бөлшегіне басылады, сондықтан тазалауды ауаны тұрақты сорып тұрумен өткізу қажет, яғни шаңсорғышпен. Бастысы соратын қоңыштың перимерт бойынша келетін шөткесі болсын. Шаң жоғары бағытталған (түбі, жетектердің, бейнекарталардың жоғары бетіне) тораптардың бетін, сондай-ақ радиаторлардың арналарына арналардың шығысына жақын орналасқан жазық беттерін басады.
Салқындатуды жақсырату үшін кулер жəне орталық процессор немесе бейнепроцессор арасына термосықпаның жұқа қабаты жағылады. Бұл бұдан əрі процессордың қызуына əкелмейтін болады.