Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы»


Температураның мониторингін жасауға арналған бағдарламалар



бет66/99
Дата08.12.2022
өлшемі7,51 Mb.
#55788
түріПрактикум
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   99
Байланысты:
прак тЧащина Дербес компьтерлердің, серверлердің, перифериялық құрылғылардың, жабдықтар

Температураның мониторингін жасауға арналған бағдарламалар


Əдетте компьютердің аппарат бөлігінің жұмысын бақылайтын бағдарламаларды қолданады. CPUCooL бағдарламасы аналық тақша жұмысына мониторинг жасау үшін арналады. Орнатқаннан жəне іске қосқаннан кейін бағдарламаның белгісі Windows хабарламасының саласына жылжиды жəне термодатчиктерден алынатын, əртүрлі ақпаратты бейнелейді. Бағдарлама компьютердің қоректену блогының температурасын жəне кернеуін бақылауға, аналық тақшалардың көптеген модельдері үшін желдеткіштердің жылдамдығын реттеуге мүмкіндік беретін əртүрлі жеті утилиттан тұрады.
SpeedFan утилитасы жүйелі блок құрауыштарының температурасын бақылайды.
ASUS компаниясы аналық тақшалармен бірге өзінің ASUS Probe бағдарламасын ұсынады – бұл өзін жақсы танытқан үздік утилита. Оның мақсаты – тек қана мониторинг жасау. Бағдарламаның барлық баптаулары алты астарлы беттерде жиналған: Temperature Monitor (температура мониторингі), Fan Monitor (желдеткіштердің мониторингі), Voltage Monitor (кернеудің мониторингі), Monitor Summary (жиынтық мониторинг),
Settings (баптау) жəне History (тарих).
С Келесі бағдарламалардың көмегімен теспература, кернеу, компьтердегі бөлшектердің айналу жылдамдықтары туралы ақпаратты алуға болады:
Everest, Core Temp, MBProbe, HDD Temperature, HDD Thermometer, NextSensor, HWMonitor, XRG Resource Graph, CPU-Z, SiSoft Sandra, S&M, nVidia ClockGen.

Жүйелі блоктың корпусына қосымша желдеткіштерді орнату


Қосымша желдеткіштерді орнатудың алдында, корпусты мұқият қарап шығу қажет, нақты қосымша корпустық кулерлерге орнататын орындарды есептеп, өлшемдерін анықтау керек. Аналық тақшада қосымша желдеткіштерді қосуға арналған қандай ағытпалар барын анықтау. Бұдан əрі желдеткіштің өлшемін таңдап алуға, мысалы 120 х 120 мм. Бірдей электрлік сипаттамалар кезінде үлкен желдеткіш анағұрлым тыныш жұмыс істейді. Қалақшаларының саны көп желдеткішті таңдаған жөн, олар тыныш жұмыс істейді. Кулерлерді қоректендіру үшін аналық тақшаға қосылатын, төрт сымды желдеткіштер бар. Ондай желдеткіштерде автоматты реттеудің айналым диапазоны біршама кең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет