Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы»



бет85/99
Дата08.12.2022
өлшемі7,51 Mb.
#55788
түріПрактикум
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   99
Байланысты:
прак тЧащина Дербес компьтерлердің, серверлердің, перифериялық құрылғылардың, жабдықтар

ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕЛІ
Жабдық жəне бағдарламалық жасақтама. Жергілікті желіге қосылған компьютер жəне БЖ, желілік кабель, тістеуік, кабельді тестер, сықпақ, RJ 45 коннекторлар.
Тапсырмалар

Есулі қосақты төсеген жəне сыққан кезде негізгі ережелермен танысыңдар. Кабельді тазарту кезінде есулі қосақ жұптарды тарату 12,5 мм артпауы тиіс, сондықтан шектегіш пышақтары бар арнайы тістеуіктерді қолданған жөн. Сонымен қатар əр сымнан оқшаулауды шешуге болмайды.
11.7 .сур. RJ 45 сықпа тістеуік
Есулі жұпты төсеген кезде бүгіліс жерлерде берілген қисығын ұстану қажет. Арту кедергінің кемуіне немесе кабельдің бұзылуына əкелуі мүмкін.
Экрандалған есулі жұпты төсеген кезде кабельдің барлық ұзындығы бойынша экранның тұтастығын бақылау қажет. Созылу немесе бүгіліс экранның бұзылуына əкеледі, бұл дəлдеуге кедергіні кемітуге əкеледі. Дренажды сым ағытпа экранымен жалғасуы тиіс.
Екі компьютерді байланыстыру үшін жалғаудың қандай стандарты қажет, анықтаңдар. Кабельдің сыртқы қабықшасын 12 ...13 мм (1/2дюйм) алып тастандар. Қысқыш құрал-сайманда арнайы пышақ жəне шектегіш бар (11.7 сур.). бесінші категорияның есулі жұбын тарқатындар (11.8 сур.) жəне айқас байланыстыру үшін сымдарды орнатыңдар (11.4, б сур. қара). RJ 45 коннектордың ашасын металл түйіспелерімен жоғары (11.9 сур.) немесе пластмасс «ұшымен» төмен бұрындар жəне оған кабельді салындар. Əр түйіспенің сымдарының жəне тістерінің дұрыс орналасуын тексеріңдер.

11.9. сур. Коннектор RJ 45

Қысқыш құрал-сайманды қолданып, кабелі бар ашаны қысыңдар.
Кабель тестерінің көмегімен (11.10 сур.) коннекторлардың дұрыс жалғасуын текеріңдер.
Қысылған кабельді компьютерлердің желі карталарына қосыңдар. Жергілікті желіде жұмыс істеу үшін операциялық жүйені баптаңдар. Қосылатын компьютердің атын қарап шығыңдар: Іске қосу – Басқару панелі – Жүйе жəне қауіпсіздік – Осы компьютердің атын қарау. Егер қажет болса, «ДК1» жəне «ДК2» аттарын береді. Жұмыс тобын атаған дұрыс, мысалы «Класс1», екі компьютер үшін. Осы атауларды сақтап, екі компьютерді қайтадан жүктеңдер.
Бұдан əрі IP-мекенжайын беруді жүзеге асырыңдар – бұл ІР хаттамасы бойынша құрылған, компьютерлік желі торабының бірегей желілік мекенжайы. Жергілікті желіде жұмыс істеген жағдайда мекенжайдың бірегейлігі желі шегінде ғана қажет. IPv4 хаттама нұсқасында ІР- мекенжай ұзындығы 4 байт. Əр компьютерге өз мекенжайын беру қажет: Іске қосу – Басқару панелі Желі жəне Интернет Желі жағдайы мен міндеттерді қарау


11.11.сур.Қасиеттер Сұхбат терезесі:4 нұсқаның Интернет хаттамасы
Адаптердің параметрлерін өзгерту. Тінтуірдің оң пренесімен жергілікті желі бойынша қосу белгісін шертеміз, Қасиеттерді таңдаймыз. Ашылған терезеде «Интернет хаттамасы TCP/IP» тармағын тауып Өзгертуді басамыз (11.11 сур.).
Жергілікті желілерде барлық ІР-мекенжайлар 192.168 басталады, бұл екі компьютерде де бірінші алты сан бірдей болатының білдіреді, ал келесі екі үштік 0-ден 255 дейін кез келген санна тұруы мүмкін, сонымен қатар 255 санын қолдануға болмайды. Үшінші блокта 0 қолдануға болады, ал төртіншіде болмайды.
Компьютердің ІР-мекенжайы қандай болуы тиіс, мысал: 192.168.0.1 немесе 192.168.1.1, немесе 192.168.1.5, немесе 192.168.0.10, мүмкін 192.168.4.56, 192.168.43.112 жəне т.б.
Жергілікті желіде компьютерлер бір-бірін көре алатындай, үшінші блокта бірдей сандан тұруы міндетті. Тағы да бір егжей-тегжейлік, бұл бір жергілікті желіде екі компьютер бірдей ІР-мекенжайға ие бола алмайды. Байланысты тексер: Іске қосу – Компьютер Желі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет