Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы»


Картридждармен жұмыс істеуге арналған жабдықтардың тізімі



бет93/99
Дата08.12.2022
өлшемі7,51 Mb.
#55788
түріПрактикум
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   99

Картридждармен жұмыс істеуге арналған жабдықтардың тізімі


Ағынды картридждерді орталықтан тепкіш кептіру стансасы қайта қалпына келтіру жəне толтыру үдерісінде ағынды принтерлердің картридждерінен сияның немесе жуғыш сұйықтықтың қалдықтарын жою үшін арналады. Кептіру процедурасына ішкі қуыстары кеуекті толтырғышпен толтырылған ағынды катридждер ұшырайды.
Ультрадыбыстық ванна ағынды принтер картридждерінің қоқысталған жазатын тораптарын тиімді тазалау үшін арналады. Картридждердің жазатын тораптарын тазалау арнайы тазартқыш сұйықтық немесе дистилденген суды қолданумен жасалады. Оңтайлы өндеу уақыты тəжірибелік жолмен таңдалады, алайда 30 с. артпайды. Ультрадыбыстық ванналарды басқа материалдарды тазалау үшін қолдану арнайы технологиялар мен ерекше жуғыш құралдарды, желіндіру ерітінділерді қажет етеді. Желіндіру ерітінділерімен жұмыс істегенде, тазалауға ұшырайтын бөлшектер қышқыл ерітіндісі бар қабырғасы жұқа шыны химиялық стақанға салынады, стақанды су толтырылған жұмыс камераның сəулелендіруші беттің түбіне орналастырады.
Термогерметтеу қондырғысы ағынды принтерлердің қара жəне түсті шүмектерін сенімді герметизациялау үшін арналады, ол картриджді сақтау немесе тасымалдау кезінде сияның ағып кету мүмкіндігін жоққа шығарады.
Сияны үздіксіз беру жүйесі (СҮБЖ) – толтырылған сұйыққоймадан баспа бастиекке сияны беретін, ағынды принтердің құрылғысы. Құрылғы түпнұсқаға барабар, алайда ішінде кəдімгі толтырғышы жоқ, картридждерге силикон шлейфтерімен жалғасқан, сия құятын арналған сұйыққоймадан тұрады. СҮБЖ толық герметикалы болғандықтан (қысымды тұрақтандыру бөлігінен басқа), сұйылту СҮБЖ картридждерге көп арналы шлейф бойынша донор-ыдыстардан сияның келуімен өтеледі. Осы арқылы баспа бастиегінде қажетті тұрақты сияның бар болуына қол жетіледі. СҮБЖ қолдану кəдімгі картридждермен салыстырғанда баспа кезінде бірнеше есе үнемдеуге мүмкіндік береді.
Шприц қайта толтырылатын жəне кəдімгі картридждерді толтыру үшін арналады. Жиынтыққа ине кіреді. Иненің жеткілікті үлкен диаметрінің есебінен картриджді толтыру жылдам жүзеге асырылуы мүмкін. Тəжірибеде осындай шприцті бірнеше ай қолдануға болады. Шприцтің көлемі 10 мл құрайды. Бұл көлем көптеген картридждерді толтыру үшін жеткілікті. Толтыру үшін шприцтердің саны принтердегі түстердің санына сəйкес келуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет