Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы»


Орталық процессорға арналған бағдарлама



бет19/98
Дата15.12.2023
өлшемі0,62 Mb.
#139463
түріПрактикум
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   98
Байланысты:
Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы-emirsaba.org

Орталық процессорға арналған бағдарлама

Орталық процессорды жəне температуралық датчиктерді диагностикалау үшін əртүрлі утилиттерден тұратын бағдарламалар: SpeedFan, CPU Grave, Wcpu, BumK5, CPU Stability Test, Hot CPU Tester, CpuidMAX, BenchOne, CPU MathMARK, CPU-Z, MyCPU, Intel Chipset Detector, Intel CPUid, CPUInfo, Super Pi, Atomic CPU Test, BencHMax, CPUSpy, CrystalCPUID, Fast Floating Fractal Fun, Mandelmark, ProcessorMark, WhatCpuIs, GPU.


XtremeMark – көптеген параллель есептеулерді іске қосу арқылы процессордың өнімділігін тестілеуге арналған бағдарлама. Көпядроларды қоса (16 ядероға дейін), процессорлардың барлық түрлерін қолдайды. OPN-462 – AMD процессорларын таңбалау бойынша анықтамалық- бағдарлама. Central Brain Identifier бағдарламасы AMD процессорларды толық сəйкестендіру үшін арналған. CpuIdle Pro, CpuCool – процессорларды салқындатуға арналған бағдарламалар.

Орталық процессорды орнату

Орталық процессорды орнатар алдында (2.5 сур.) келесі құрылғылардың құрауыштарын тексеріп алу қажет: аналық тақшаның, кулердің (тиісінше сокет бойынша таңдалады).

2.5 .сур. Орталық процессорды орнату
Аналық тақшаға арналған талапта қандай процессорларды қолдануға болатындығы көрсетіледі. Аналық тақша процессордың қандай электр тұтынуын қолдайтынына назар аудару қажет. Процессор шинасының жиілігі аналық тақша шинасының жиілігіне сəйкес келуін ескеру қажет, олай болмаған жағдайда аналық тақшаның қолдайтынынан жоғары процессордың шина жиілігі жұмыс істемейді. Егер жаңа процессор мен аналық тақша орнататын болса, онда ағытпа мен түйіспеден қорғанысты шешу қажет.
Əрбір процессорда тиісті белгілер бар, олар процессорды аналық тақшаның сокеттерінде бағыттауға көмектеседі. Ешбір жағдайда түйіспелерге жанасуға болмайды. Содан кейін иінтіректі көтересіз жəне процессорды дұрыс орнатасыз, сосын бекіту механизмінің металл қақпағын түсіресіз жəне кішкентай ілмек көмегімен бекітесіз. Жылу əкетуді жақсарту үшін процессордың жоғары қақпағына жылу өткізгіш пастаны жағуға ұмытпаңдар.
Процессор немесе радиаторда ескі паста болса, онда оны алып тастау қажет. Жүйелі тақшаның саңылауларын желдеткіштің бекіту ілмектерімен біріктіріңдер. Кулерден қоректену сымын аналық тақшаның тиісті ағытпасына жалғаңдар. Процессорды орнатқаннан кейін орталық процессорды пайдалану шарттарының орындалуын тексеріңдер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет