Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы»



Pdf көрінісі
бет5/198
Дата07.01.2022
өлшемі5,83 Mb.
#18708
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   198

   
1 - тарау 
АППАРАТТЫҚ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ 
ЖАСАҚТАМАНЫ БАПТАУШЫНЫҢ 
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН 
ЖҰМЫС ОРНЫ 
Қазіргі 
уақытта 
қызметкерлердің 
қызметі 
дамыған 
технологияларды  қолдануға  бағдарланған.  Əрбір  технология  өзін 
іске  асыру  үшінақпаратты  өндеудің  техникалық  құралдарын 
қолданады, олардың ішінде дербес компьютерлер (ДК) басты орын 
алады.  Олар  кіру  ақпартты  автоматты  өндеу  жүйесінен 
қызметкерлердің  тəжірибесін  жинақтау,  талдау,  бағалау  жəне 
неғұрлым  тиімді  тəжірибелік  шешімдерді  шығару  құралына 
айналуда. 
Автоматтандырылған 
жұмыс 
орын 
(АЖО) 
– 
бұл 
пайдаланушыға  деректерді  өңдеу  жəне  нақты  пəндік  салада 
қызметтерді  автоматтандыруды  қамтамасыз  ететін,  ақпараттық-
бағдарламалық-техникалық ресурстардың жиынтығы. 
Автоматтандырылған  жұмыс  орындарды  жасау,  ақпаратты 
жинақтау,  сақтау  жəне  өңдеу  бойынша  негізгі  операциялар 
есептеуіш  техникаға  жүктелетінін  шамалайды.  Дербес  техника 
қызметті 
бақылау, 
міндеттерді 
шешу 
барысында 
жеке 
параметрлердің  мəнін  өзгерту,  сондай-ақ  ағымдағы  міндеттерді 
шешу  үшін  автоматтандырылған  ақпараттық  жүйеге  бастапқы 
деректерді енгізу үшін қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет