Практикум для академического бакалавриата / О. В. Хухлаева, О. Е. Хухлаев. Москва: Издательство Юрайт, 2019. 423 с. Практикум по психологии: учебно-методическое пособие / авт сост. Э. В. Котлярова. Могилев: мгу имени А
Семинар-практикалық сабақ 6
Тақырыбы: Клиент тұлғасы. Клиент типтері.
1. Психологқа клиенттің сұранысы.
2. Кеңес беру үдерісі.
3. Кеңес беруші мен клиент арасындағы өзара қатынас құру (Н.С. Хрусталеваның моделі).
Әдебиеттер: 1. Психологическое консультирование. Практическое руководство / Редактор-составитель Д.Я.Райгородский. – Самара: Издательский дом «Бахрам-М», 2020. – 824 с. 2. Смолова Л. В. Психологическое консультирование: учебное пособие для вузов / Л. В. Смолова. — 2-е изд., испр. и доп. — Москва: Издательство Юрайт, 2019. — 356 с. 3. Немов Р. С. Психологическое консультирование: учебник для академического бакалавриата / Р. С. Немов. — 2-е изд., перераб. и доп. — Москва: Издательство Юрайт, 2018. — 440 с. 4. Хухлаева О. В. Психологическое консультирование и психологическая коррекция: учебник и практикум для академического бакалавриата / О. В. Хухлаева, О. Е. Хухлаев. — Москва: Издательство Юрайт, 2019. — 423 с. 5. Практикум по психологии: учебно-методическое пособие / авт.-сост. Э.В. Котлярова. - Могилев: МГУ имени А.А. Кулешова, 2013. - 332 с.
Тәжірибелеуші психолог бұл – психологиялық міндеттер жөніндегі маман.
Нақты психологиялық міндет психологқа клиенттің немесе тапсырыс берушінің тарапынан түскен тапсырыстан пайда болады. Психологиялық тапсырыс клиенттің кеңесшіге психологиялық көмектің нақты бір түрін табыс ету сұранысы.
Психолог міндетті анықтау үшін алғашында өзіне клиент берген сөздік немесе сөздік емес материалға ие болады. Кейде клиент қиыншылықтарын нақты көрсетеді («Мен парашютпен секруден қорқамын»), кейде олар тым бұлыңғыр болады («Мен не үшін келгенімді білмеймін, менің ойымша менде әлдене дұрыс емес сияқты»). Психолог өзінің кәсіби білімдері мен дағдыларына сүйеніп, клиентпен өзара әрекеттестікте сол мәліметтің психологтың өзіне, оның мектебіне, тұлғасының ерекшеліктеріне, қарым-қатынас мәнеріне байланысты екенін естен шығармай талдайды. Сұраныс проблеманы және сол проблема жайлы клиенттің (тапсырыс берушінің) көзқарасын да қамтиды, сондықтан ол психологиялық міндетке айналмастан бұрын белгілі бір «психологиялық өңдеуден», негізділігі жайлы тексеруден өтуі тиіс.
Клиенттің психологқа ұсынған сұранысының көбінде фрагментарлы және бірқалыпты болмауына қарамастан, онда нақты құрылымды табуға болады. Сұраныс берудің талдануы бірқатар компоненттерді ерекшелендіреді. Біріншіден, шағым анықтамасы бойынша бір нәрсеге немесе әлдекімге деген шағым болып табылады, яғни оның өзіне тән пәні бар. Екіншіден, шағымда көп жағдайда клиенттің психологиялық проблемасын жаңғыртуға болатын элементтер ұсынылады. Үшіншіден, шағым клиенттің өзін-өзі айқындау, өз қиындықтарын түсіндіру әрекеттерін қамтиды. Төртіншіден, ол психологтың әлденені клиенттің қызығушылығына орай жасауына көмек көрсету жөніндегі сұранысты қамтиды.
Сондай-ақ шағым – кез келген коммуникативті хабарлама сияқты клиенттің өзін-өзі көрсетуін, оның өзі жайлы ойын, әрі оның психологқа қатынасын да қамтиды.
Клиенттің психологқа ұсынатын сұранысының құрылымдық элементтерін егжей-тегжейлі қарастыралық.
Сұраныстың заттық мазмұнын құрайтын белгілі пәні болады. Сұраныстар пәні немесе бағыттылығына қарай іштей және сырттай бағдарланған болып екіге бөлінеді. Ішкі бағдар бұл – адамдардың өз-өзіне шағым етуі (мінезіне, қабілеттеріне, денсаулығына, ахуалына, мінез-құлқының ерекшеліктеріне және т.б.). Шағымның сыртқы бағдарының пәні ретінде басқа адамдар немесе тағдыр, жазмыш өмірдің жақсыз жағдайлары анықталады.
Шағымның объектісі ретіндегі адамдар бұл – көбінде клиентке жақын немесе таныс тұлғалар: отбасының мүшелер, көршілері, жұмыстағы қызметтестері, басшылық, билік өкілдері, «жаулары». Шағымның объектісі ретінде топ: отбасы, қызметкерлердің ұжымы, ұйым және т.б. танылуы мүмкін. Осы тектес шағымдар күйеуінің, әйелінің, балаларының, енесінің және т.б. жынысына, жасына, мәртебесіне сәйкес келмейтін рөлдік мінез-құлықпен қанағаттанбаумен байланысады. Олар клиенттің ойынша мінез-құлықтың психикалық нормаға (ақыл-ой дамуына, эмоциялы «қалыптылыққа») сәйкес келмеуінен немесе гипербелсенділік, баяулылық, рухсыздық, қатігездік, шешімсіздік сияқты ерекшеліктерінен туындайды.
Жақсыз жағдайлар – қылмыскерлік, кедейлік, құқықсыздық, баспанамен, қызметпен, уақытпен және т.б. байланысты қиындықтар.
Қатынасты, жақындықты, түсіністікті жоғалту сияқты өзара қатынастар, клиент қарсы жаққа шағымданса да, оның өзі де сол проблеманың мүшесі болып табылатын (клиент оны сезінбеуі мүмкін) кикілжің шағым бағдарының ерекше жағдайы ретінде қызмет етеді.
Клиенттің көзқарасы бойынша проблема, бұл – ары қарай бұлай жалғаса алмайтындықтан оның өзіне ұнамайтын және өзгеруі тиіс жағдайға нұсқауы.
Едәуір кең тараған проблемалардың барлық жиынтығын екі категорияға бөлуге болады.
Олар:
а) дидактикалық проблемалар: қолымнан келмейді, білмеймін, түсінбеймін, түсінгім, білгім, үйренгім келеді, не істеуге болады (ықпал ету, иландыру, кикілжіңдерді басу, міндеттеу, шыдау, кешіру, жазалау, емдеу, кету және т.б;
б) тұлғалық: сенімділікке ие болғым келеді (ерікке, ерлікке, шыдамдылыққа); қалай жасауға болатынын білемін, алайда істей алмаймын, қосымша стимулдар қажет, өзімнің қолымнан келмейді, ситуацияны өзгерткім келеді.
Сондай-ақ: «Барлығы да нашар, не істеуге болады, ары қарай қалай өмір сүруге болады» — деген ауқымды құрастырылған проблемалар да кездесуі мүмкін.
Адамдардың өз-өзіне диагноз қоюы – клиенттің өмірінде өзі жайлы және қоршаған әлем жайлы, адамдардың өзара қатынастары жайлы түсініктеріне негізделген қайсыбір бұзылыстың табиғатын түсіндіруі. Адамдардың өз-өзіне диагноз қоюы клиенттің шағымының мазмұнына деген қатынасын немесе оның болжалды себебіне нұсқауын білдіреді. Олардың неғұрлым жиі кездесетін түрлері төмендегіше:
а) нақты тұлғалардың «ашулы еркі», яғни олардың жағымсыз ниеттері. «Психикалық аномалиялар» сондай-ақ кемістігі генетикалық бағдарламаланған, тұқым қуалайтын ақыл-ойы кем деп есептелетін адамдардың бағалануы. Олардың мінез-құлықтарының тұрақты тұлғалық бітістерінің көрініс беруі ретінде;
б) адамдардың дербес бұрыс әрекеттері – оның өзінің өткен шақтағы және болашақтағы мінез-құлқын қайсыбір тәрбиеші, басшы бағынушы рөлінде сын тұрғысында бағалауы; тұлғасының кемшіліктері — мазасыздығы, сенімсіздігі, енжарлығы және оның салдарынан туындаған бұрыс мінез-құлқы;
в) отбасындағы немесе жұмысындағы жайсыздық, ауру, мөлшерден тыс жүктеме, шаршау және т.с.с.
Тапсырыс, бұл – клиенттің психологтан күтетін көмегі. Әдетте, тапсырыс – проблеманың қисынды жалғасы болып табылады. «Істей алмаймын, үйренгім келеді» деген проблема: «үйретіңіз» деген тапсырысты тудырады. Тапсырыстың жалпы мағынасы бұл – клиенттің психологтан не нәрсенің қажет екендінінің айқындалуы, одан нақты әрекеттерді, ойларды не сезімдерді күтуі. Психологқа ықпал ету әрекеті азды-көпті дәрежеде ашық немесе бұлыңғыр болуы мүмкін. Соңғы жағдайда манипуляциялау сөз етілуде. Манипуляциялаушы клиент психологқа ықпал ету үшін шағымның барлық элменттерін пайдаланады.
Шағымның төмендегідей түрлері ерекшеленеді:
а) эмоциялы және моральды арқауға қатысты шағымдар («мен айтқандарымның дұрыс екені?!», «менің жақсы адам екендігім рас қой?»);
б) бірігіп талдауға қатысты шағымдар («мен жағдайды дұрыс түсінгеніме сенімсізбін, маған көмектесіңізші?»);
в) ақпарат жайлы шағым («бұл жөнінде не білесіз?»);
г) дағдыларға үйрету жайлы шағымдар («мен мұны істей алмаймын, үйретңізші»);
д) ұстанымды қалыптастыруға көмек сұрау шағымы («ол менің көзіме шөп салса, не істеуге болады?»).
Дәл осындай тапсырыстар клиенттің басқа адамдардың атынан, біреу үшін көмек сұрауда анықталуы мүмкін («оған қорқыныштарынан арылуға көмектесіңізші», «балалармен араласуға үйренуге көмектесіңізші?»). Тапсырыстар клиенттің қызығушылығына орай нақты адамдарға ықпал ету сұранысында анықталуы мүмкін («оны едәуір тілалғыш етіңізші», «оның ызалы еркін жеңуге көмектесіңізші»).
Адамның өмірінде істес болатын міндеттері заттық және психологиялық деп екі үлкен категорияларға бөлінеді. Заттық проблемалар адамды қоршаған ортаны өзгерту жолымен шешіледі. Психологиялық проблемалар – адамның өзін, оның ахуалын, қабылдауын және орта жайлы түсінігін өзгерту жолымен шешіледі. Психологиялық проблема бұл – клиенттің құтылғысы келген, психикалық қысым тудыратын және қасіреттерге душар ететін дамуындағы нақты қарама-қайшылықтардан туындаған психикасының үйлесімсіз күйі, оның психологиялық қиындықтарының жиынтығы. Олар: кикілжіңдер және олардың салдары; қарым-қатынастағы қиыншылықтар, ауыр тиетін жан күйзелістері, адамдардың өз-өзіне немесе әлдекімге қанағаттанбауы және тағы басқа жағдайлар.
Проблемалардың екі категориясы да бір-бірімен тығыз ұштасады: кейде адамның өмірі мен іс-әрекеті жағдайларының өзгеруі, адамды өзгертудің ең қысқа жолы болуы мүмкін, ал ортаның өзгеруі үшін адамның өзгергені қажет.
Сондықтан, аталған проблемалар оңай бөліне бермейді: жиі заттық проблеманың астарында психологиялық проблема жасырынады.
Айналаны өзгертпес бұрын адамдардың өзі өзгеруі қажет деген екі ұшты көзқарас бар ол сірә, өмір жағдайларын қайта өңдеуден гөрі, «адамдардың өздерінің» өзгергені оңай деген сенімге негізделеді. Алайда, психологиялық проблема сыртқы заттық проблемадан әсте оңай емес: әдетте қалаулы ішкі өзгеріске жету қиын, ол ерікке тәуелді: шылымды тастау оңай емес, ал ішімдіктерден немесе нашадан құтылу мүмкін емес десе де болады. Адам жанын зақымдайтын қатерді сарыуайымды, агрессивті бетбұрыстарды және басқа да ішкі дефомацияларды билеуге қабілетті бола бермейді. Осы тектес барлық жағдайларда ол психологиялық проблемамен (ретсіз психикалық әрекетпен істес әр психологқа дәл сол проблемамен келеді.
Клиент проблемасының вербалды емес белгілермен қосарланатын қайсыбір сөз түрінде анықталатын белгіленетіні анық. Осындай вербалды және вербалды емес хабарлар психологиялық және ортаға қатысты ақпараттарды қамтиды. Психологиялық ақпарат (адамдардың өзін-өзі бағалауы) психологтың танымдық, эмоциялы және мінез-құлықтық бетбұрыстарды ерекшеліндіруге, ортаға қатысты ақпарат – клиент өмірі мен жұмысының нақты жағдайларында бағдарлануына мүмкіндік береді.
Психологтың рөлі проблеманың баяндалуын тыңдауда: клиенттің қиыншылықтарын айқын құруға және бірігіп оларды жеңу жолдарын көздеуге көмектесуде. Психологты бірінші кезекте проблеманың негізінде жатқан факторлар мен жағдайларды қызықтыратыны кездейсоқтық емес.
Сондай-ақ клиенттің шынайы жағдайы шағымының мазмұнынан біршама ерекшеленуі мүмкін. Әдетте әңгіме клиенттің шынайы қасіретінің тек үстіртін құрылымын білдіреді. Психолог әлденені кеңес етпестен бұрын проблемды бөлімді кеңейтуі тиіс. Өткені клиенттің бір ғана проблемасы болмайды, сол себептен олардың барлық жиынтығына бағдарланған пайдалы.
Проблеманы анықтаудан басқа, клиенттің қиындықтарын жеңуге арқау болатын қорларын ашу қажет. Оның тұлғасының қуатты жақтарына назар аударған маңызды. Клиентті өзінің проблемасын талдау мен шешудің шығармашылық процесіне енгізудің өзі психологтың аса маңызды міндеттерінің біріне жатады.
Жиі психологиялық міндеттің құрылуы клиентпен күнделікті қатынасатын адамдармен әңгімелесуді, терең психодиагностикалық процедураның жүргізілуін, оның еңбектегі және тұрмыстағы мінез-құлқының ерекшеліктерін зерттеуді болжайды. Басқаша айтқанда, психологиялық проблема сыналушы іс-әрекетінің немесе психикалық күйінің нақты өлшемдерінің, сондай-ақ оның басқа адамдардың арасында бағаланатын қасиеті бойынша орнының анықталуын міндеттейтін психодиагностикалық міндеттердің шешіміне сүйенеді.
Практикалық психолог міндетінің анықталуы «норма» ұғымымен байланысты. Жалпы, норма бұл:
а) объектінің қызмет етуінің нақты жағдайлары мен міндеттеріне неғұрлым сәйкес келетін едәуір тұрақты тіршілігін болжайтын жағымды күйі;
б) мәліметтердің салыстырылуының (бағалануының) бастауы;
в) ауытқулардың болмауы (теріс қисынды өлшемі);
г) баяндаушы мінездеме (жағымды қисынды өлшем).
Белгілі бір сатыда танымдық, эмоциялы және тұлғалық дамудың жас ерекшелік немесе адамзатқа ортақ нормаларымен салыстыру жайында мәселе туындайды. Егер клиент өзінің барлығына ұқсамайтынына шағымданса ол да «барлығы сияқты» қалыпты болғысы келу тілегіне сәйкес жасырын норманы пайдаланады. Девиантты мінез-құлықтың құбылыстарымен жұмыс жасауда өзектелетін адамгершілік нормалары едәуір айқын түрге ие. Психологтың шеттей алмайтын «денсаулық нормасы» атты дәрігерлік ұғым да бар.