Электрондар орындарын алмастырғанда алынатын күйлер бір-бірінен айнымайтындықтан (теңбе-теңдік принципіне сәйкес), электрондар орындарын алмастырғанда алынған барлық mL мәндерін шығарып тастау керек. Мысалы, егер mL=0 мәні бір рет болғанда, ал екінші рет болғанда алынса, онда бір mL=0 мәнін есепке алмау керек. Қалған mL мәндерінен қайсыбір +mLmax-нан басталып, -mLmax-нан аяқталатын мәндердің жиынтықтарын сайлап аламыз. Әрбір жиынтық L=mLmax мәніне сәйкес келеді. Паули принципі бойынша осылай табылған барлық L мәндері егер осы жағдайда болса, атомның мүмкін болатын күйлерін береді. Егер болса, онда mL-дің -ге сәйкес келетін мәндерін ғана алу керек.
2p, яғни эквиваленттік екі р-электрон жағдайында l1 = l2 = 1. және, бұларға сәйкес mL-дің барлық мүмкін мәндерін кестеге толтырамыз. Кестедегі пунктир сызықтан жоғары және төмен орналасқан mL-дің бірдей мәндері бір-бірінен электрондардың орындарын алмастырғанда алынған күйлерге сәйкес келетіндігін көруге болады. Мұндай күйлер бір-бірінен айнымайды. Сондықтан пунктир сызықтан төмен орналасқан mL мәндерін есепке алмаймыз. Пунктир сызықтан жоғары орналасқан mL мәндері екі жиынтық құрайды:
; .
Бұларға L=2 және L=0 сәйкес келеді. Осы күйлер, егерболса, мүмкін болады. болатындықтан, аталған L мәндері S = 0 болғанда мүмкін болады. Сонымен, синглет жүйеде Паули принципіне қайшы келмейтін атомның мына күйлері болады: және .болғанда, кестедегі бірдейжәне-ге сәйкес келетін mL мәндерін есепке алмай, шығарып тастау керек (осы мәндер жақшаға алынған). Сонда бір жиынтық қалады: mL = 1, 0, -1, бұған L=1 сәйкес келеді.болғанда S кванттық сан 1-ге тең болатындықтан, атомның триплет күйі алынады:.
Сонымен, екі эквиалентті р-электрон жағдайында атомының формальды түрде 10 мүмкін күйінен () Паули принципіне сәйкес, мына 5 күй ғана іске асады: .
8. Атомның χ мультиплеттігі беске, J кванттық саны бойынша азғындалу дәрежесі жетіге тең және орбиталық кванттық сан мәні осы жағдайлардағы мүмкін болатын ең үлкен (max) мәніне тең термінің спектрлік белгіленуін анықтаңыз.