Практикум жоғары оқу орындарының атомдық және ядролық физика пәнінің типтік бағдарламасының типтік бағдарламасына сәйкес 9 бөлімнен тұрады



бет30/54
Дата06.12.2022
өлшемі2,08 Mb.
#55167
түріПрактикум
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   54
Шешімі: χ = 2S + 1 = 5 мультиплеттіктен S = 2 болатынын, ал (2 J + 1)=7 азғындалу дәрежесінен J = 3 болатынын табамыз. Бұдан кейін егер L және S белгілі болса, онда J кванттық саны (1.3.28) фор­муласына сәйкес L+S-тен |L-S|-ке дейінгі мәндерді қабыл­дайтынын білеміз. Осыдан J = 3,S = 2 мәндеріне және Lmax болуы тиіс талабына мына шарт J = L-S тура келетіндігі көрінеді, осыдан L = J + S = 5 болады. Осы күйдің спектрлік белгіленуі – .
9. J бойынша азғындау дәрежесі жетіге тең, ал L және S квант­тық сандары L = 3S қатынасымен байланысқан термнің спектрлік белгіленуін жазыңыз.
Шешімі: J бойынша азғындалу дәрежесі, яғни 2 J+1=7 шар­тынан J = 3 болатынын табамыз. Осыдан S тек бүтін сан: S = 1,2,… бола алатындығы келіп шығады. Бұларға сәйкес L = 3,6,… болады. Егер де S = 2 және L = 6 мәндерін алсақ, онда бұлардан J = 3 мәнін алу мүмкін емес. S-тің үлкенірек мәндерінде дәл осылай болады. Сонымен, S = 1, L = 3, J = 3 мәндері қалады. Бұларға сәйкес спектрлік терм.
10. Азот атомының негізгі электрондық конфигурациясы 1s22s22p34S, 2D, 2P термдерімен сипатталады. Энергия деңгейлерінің спектроскопиялық белгіленулері қандай болады және бұлардың қайсысы негізгі болады?
Шешімі:
4S терм үшін, L=0, 4S3/2,
2D терм үшін, L=2, 2D3/25/2,
2P терм үшін, L=1, 2P1/23/2.


Хунд ережесіне сәйкес негізгі деңгей – 4S3/2.
11. d4 электрондық конфигурация үшін негізгі термді анық­таңыз.
Шешімі: d-электрон үшін me-нің бес мәні болады: me = 0, ± 1, ± 2. Төрт электронның мүмкін болатын ең үлкен спинінің мәні – S=2. Төрт электрон үшін қосынды магниттік кванттық саны mL максимум болатындай бұлардың me мәндерін табу керек. Бұл mL=2+1+0-1=2 , яғни L = 2. Сонымен, ізделіп отырған терм – 3D.
12. Атомның толмаған жалғыз қабығының электрондық конфи­гурациясы – d6. Осы атомның негізгі термінің азғындалу дәрежесін табыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет