Практикум жоғары оқу орындарының атомдық және ядролық физика пәнінің типтік бағдарламасының типтік бағдарламасына сәйкес 9 бөлімнен тұрады



бет7/54
Дата06.12.2022
өлшемі2,08 Mb.
#55167
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   54
Байланысты:
treatise136775

1.1.3. Өз бетімен шығару үшін есептер.
-бөлшектердің шашырауы
1. Сутегі атомының иондану энергиясы – Еі = 13,6 эВ. Томсон мо­де­ліне сәйкес сутегі атомының радиусын және шығаратын жары­ғы­ның толқын ұзындығын есептеңіз.
2. Кинетикалық энергиясы 0,27 МэВ -бөлшекті алтын (Z = 79) фольга 60° бұрышқа шашыратады. Осыған сәйкес көздеу қашық­тығын анықтаңыз.
3. Кинетикалық энергиясы К = 1,5 МэВ -бөлшектердің   60° бұрыштан артық бұрыштар аралығына шашырауына сәйкес келе­тін уран (Z = 92) атомы ядросының тиімді қимасын табыңыз.
4. Кинетикалық энергиясы К = 600 кэВ -бөлшектердің жіңішке шоғы беттік тығыздығы n = 1,11019 ядро/см2 алтын фольгага нор­маль түседі.  < 0  20° бұрыштарға шашыраған -бөлшектердің салыстырмалы санын табыңыз.
5. Моноэнергиялы -бөлшектердің 90°-тан 180°-қа дейінгі аралықта шашырауын туғызатын алтын (Z = 79) атомының тиімді қимасы  = 0,50 кб-қа тең. а) -бөлшектердің кинетикалық энер­гия­сын; ә)   60° бұрышқа сәйкес шашыраудың d/d (кб/ср) дифференциалдық қимасын анықтаңыз.
6. Платина атомы ядросының центрі бағытында   1,6107м/с жыл­дамдықпен қозғалатын -бөлшек ядроға қандай ең кіші қа­шық­тыққа дейін жақындай алады? Алынған жауап негізінде ядро мөл­шері жайында не айтуға болады? -бөлшектің массасы – 6,610-27 кг.
Атомның Бор ұсынған моделі. Сутегі тәрізді иондар спектрі
7. Сутегі тәрізді ион үшін n-і Бор орбитасының радиусын және ондағы электрон жылдамдығын анықтаңыз. Осы шамаларды сутегі атомы және Не+, Li++ иондарының бірінші Бор орбитасы үшін есептеңіз.
8. Негізгі күйдегі сутегі тәрізді ион үшін электронның К кине­тикалық энергиясын және байланыс энергиясын және иондану потенциалын анықтаңыз. Осы шамаларды сутегі атомы және Не+, Li++ иондары үшін есептеңіз.
9. Сутегі атомы және Не+, Li++ иондары үшін U1 бірінші қоз­дыру потенциалын және резонанстық сызығының (Лайман серия­сының бас сызығы) толқын ұзындығын анықтаңыз.
10. Негізгі күйде тұрған Не+ионы Бальмер сериясының бас сы­зы­ғына сәйкес келетін фотон шығаратындай болуы үшін оның ішкі энергиясын қанша эВ-қа өсіру керек?
11. Сутегі атомы негізгі күйге ауысқанда:
а) толқын ұзындығы   97,25 нм фотон; ә) толқын ұзындық­тары 1  656,3 нм және 2  121,6 нм екі фотон шығарғаны белгілі болса, онда сутегі атомының қозған күйінің n кванттық санын анықтаңыз.
12. Гелий атомындағы электронның байланыс энергиясы Е0 = 24,6 эВ-қа тең. Осы атомнан екі электронды біртіндеп жұлып шығару үшін қажетті энергияны табыңыз.
13. Негізгі күйде тұрған Не+ иондарынан толқын ұзындығы   18,0 нм электрмагниттік сәуле жұлып шығаратын электрон­дар­дың жылдамдығын есептеңіз.
14. Ауыр сутегі және жеңіл сутегі үшін Ридберг тұрақты­лары­ның қатынасы – 1,000272, ал ядро массаларының қатынасы – n = 2,00. Осы деректер бойынша протон массасының электрон мас­са­сына қатынасын есептеңіз.
15. Жеңіл және ауыр сутегі атомдары үшін
а) негізгі күйлердегі электрондардың байланыс энергиялары­ның;
ә) бірінші қоздыру потенциалдарының;
б) резонанстық сызықтары толқын ұзындықтарының айыры­мын табыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет