Практикум по возрастной и педагогической психологии / под ред. А. И. Щербакова / М.,1987



бет18/28
Дата08.04.2023
өлшемі112,64 Kb.
#80581
түріПрактикум
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28
Қабылдаудың дамуы- 1 сынып оқушыларында қабылдаудың саралап қабылдау түрі жақсы дамыған (түсін, пішінін дұрыс атағанымен, кейбір ерекшеліктеріне көңіл аудармау). Баланың талдауы мен саралауының дұрыс дамуы үшін тек қана түсінісу мен кейбір қасиеттерін ғана қабылдау жеткіліксіз, ол үшін іс-әрекеттің ерекше түрі – бақылау қалыптасуы керек. Бұл қасиет тек оқу іс-әрекетінің негізінде қалыптасады. Оқу кезінде заттардың қасиеттерін саралап түсіндіру негізінде, қабылдау басқа да танымдық процестермен бірігіп (зейін, ойлау) мақсатты түрде және ерікті қабылдауға айналады.
Зейіннің дамуы- мектепке жаңа келген балада еірксіз зейін басым болады. Мектептегі оқу процесі баланың ерікті зейіні болуын талап етеді. 2-3 сыныпта баланың ерікті зейіні едәуір дамиды. Бірақ баланың зейіні тұрақсыз болады, сондықтан тәжірбиелі ұстаз оқу процесінде әртүрлі әдістер қолданады. (санаудың әртүрлі әдістері). 1-2 сыныпта баланың зейіні ойша әрекетерге қарағанда сырттай әрекет жасауда, тұрақты болады.
Естің дамуы- мектепке жаңа келген бала көбінесе, қатты әсер еткен заттарды ғана есінде ұстайды. Ал оқу процесі барысында көптеген заттарды еріксіз есте сақтау қажет. Осыған байланысты есте сақтау жолдары қалыптаса бастайды. Алдымен бірнеше рет қайталау негізінде, содан соң мағынасын түсініп, есте сақтауды үйрене бастайды. Психологияда мынадай заңдылық бар: қандай зат ақыл-ой әрекетінің заты болса, сол жақсы есте сақталады.2-3 сынып оқушыларының еріксіз есі жақсы дамыған, бірақ осы кезеңде ес процестерінің сапалық өзгерулері болатыны байқалады. Ес екі бағытта дами бастайды- ырықты және мағыналылық. Мағыналық естің дамуы есте қалдырудың рационалды тәсілдерін игеруге мүмкіндік береді.
Қиялдың дамуы. Бастапқы кезде қиялдағы заттар бір ғана күйде (статикалық) болса, 2 сыныптың соңы 3 сыныптың басында қозғалыс күйінде (динамикалық) өзгерістік күйде қалыптасады. Мазмұндама жаза алу. Қайта жасау қиялы негізінде, оқыған әңгімедегі сюжетті өзгерту, кейбір объектілерді жалпылау жағдайы мен болған оқиғаны уақыт аралығында елестете білу- міне осының бәрі баланың творчестволық қиялын дамытудың алғышартары.
Ойлауының дамуы- бұл екі кезеңнен тұрады. 1-2 сынып ақыл-ой әрекеті мектепке дейінгілердікіне ұқсас болады. Яғни көрнекі-әрекеттік негізде. Заттар мен құбылыстар туралы бір жақты пікірлер басым 3 сыныпқа өткен кезде ойлаудың 2 кезеңі дами бастайды. Бұл кезде әр түрлі ұғымдар мен белгілердің қарым-қатынасын, байланысын түсіну нәтижесінде тектік-түрлік қатынастар ашылады. Заттардың қасиеттеріндегі мәнді маңызды жақтарын түсіне білу абстрактілі немесе жалпылауға жол ашады.
Оқу процесінде бастауыш мектеп оқушысында ғылыми түсінік қалыптаса бастайды. Оқу процесінде ғылыми түсінікті меңгеруі теориялық ойлаудың дамуын көрсетеді.
Бастауыш мектеп кезеңі баланың жеке басының алға қарай дамып, қалыптасуы үшін аса маңызды роль атқарады. Бала өмірінде мектеп табалдырығын алғаш аттаған күннен бастап, өзгерістер пайда болады, дамудың әлеуметтік жағдайы түгелдей өзгереді, бала үшін жетекші орын алатын оқу әрекеті бола бастайды.
Баланың жеке қасиеттернің, психологиясының дұрыс дамып, жетілуі үшін педагогикалық ұжымның кәсіптік білікті мамандары, ата-аналардың саналы көзқарасы және осы принциптерге негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз одақ, нәтижелі жұмыс қажет.
Осы тұрғыда шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл –Фараби: «Баланың жасы өскен сайын, оның ақылы да, яғни тәнімен бірге жаны да өсіп отырады. Мұның бәрі оның тіршілік қажетінен туындайды. Мәселен, балада ең алдымен өсіп-өну қуаты пайда болады. Бұл бала өмірінде зор роль атқарады. Ана құрсағында –ақ тән түйсігі, біртіндеп дәм, иіс айыратын түйсіктер, заттың түрін, түсін, пішінін түйсіне алу қабілеті қалыптасады. Жан қуаттары өмір барысында , оқу-тәрбие үстінде дамиды. Бұл үшін адамның өз бетінше, әрекеттенуі, өзіндік белсенділігі ерекше маңызды. Адамның адамгершілік, имандылық қасиеттері де оның өмірден алатын тәжірибесінен, үлкендердің жақсы өнегесінен туындайды. Адам дүниеге ақылды, не ақылсыз, зұлым, не ақ ниетті болып келмейді, мұның бәрі де жүре пайда болады» деген болатын.
Бастауыш мектеп кезеңіндегі оқушылардың жеке басының тек «мен» деген қасиет тұрғысынан ғана бағалап қоймай, тиісті мөлшерге қалайша бағынады, мінезі, ерік-жігері қандай, ашуланғыш, немесе сабырлы келе ме, әсемдікті ажыратудағы талғамы және өзгелермен қарым-қатынасы қандай – осы жөнінен де алып қарауға болады. Мінез-құлқы қиын оқушылар көбінесе ашуланшақ болып келеді. Баланы үй-іші еркелетсе, онда ол болмашы нәрсеге тез ашуланып, күйіп-піседі. Ал, керісінше, күтпеген жағдайда «жақсы», «өте жақсы» деген баға алса, құрбыларының көзінше қуанғанын жасыра алмайды. Мінез-құлқы қиын бастауыш сынып оқушылары мектеп мотивациясының төменгі деңгейімен, оқу әрекетіне құлықсыз қатысымен сипатталады.
Мінез-құлқы «қиын» балалармен жұмыс жасауда олардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алып отыруы керек.
Қазіргі зерттеулерге қарағанда, тәртіп бұзуға ең бірінші түрткі болған оқиға баланы тікелей тәртіпсіздікке әкелмейді, баладның тәртіпсіздігінің түрлі мотивтері болады. Кейбір балалар тәртіп бұзушылықтың өзін батырлық деп санайды, мұны өзгелердің көзінше көрсеткісі келеді. Бірақ тәртіпсіздікті баланың бойына сіңіп кеткен әдет деп қарауға болмайды. Себебі тәртіп бұзу баланың өзіне ғана байланысты емес, ол үй ішіндегі жағдайларға, яғни ата-ананың бірлігінің жоқтығына, баласына қойған талаптарының әртүрлі болып келуіне байланысты.
Бала үнемі қолайлы психологиялық жағдайда тәрбиеленуі, оқуы, өсуі керек. Сонда ғана балада жағымды «мен» бейнесі қалыптасадды, өзіне деген сенімі, өзіндік сезімі пайда болады.
Бүгінгі таңда бастауыш мектептің негізгі міндеті баланың бастапқы тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін айқындау және дамыту болып отыр.
Өсіп келе жатқан баланың бойында сан-алуан қасиеттер көрініс береді.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге жүгінсек, тәрбиелеудің негізгі екі арнадан тұратынын көруге болады: Біріншісі - баланың көзін жеткізу, екіншісі - жақсы әдет-ғұрыпқа дағдыландыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет