Байланысты: Практикум по возрастной и педагогической психологии под ред. А
Эксперименттік әдісі. Бұл әдіс бойынша зерттеуге керекті психикалық құбылыстарды түрлі аппараттарды, аспаптарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Экспериментті әдіс арқылы кейбір жеке психикалық функцияларды даралап және дәл зерттеуге болады. Байқау әдістерін қатыстыра отырып, бұл әдіс арқылы алынған материалдардан жалғыз сан жағынан ғана емес, сапа жағынан да қорытынды шығаруға болады.
Объективтік байқау әдісі сияқты эксперименттік әдістің де дұрыс жағдайларымен бірге бірнеше кемшіліктері де бар. Мысалы, бұл әдістің жасанды жағдайда жүргізілуі, яғни зерттелетін адамдар, әдейі ұйымдастырылған лабораториялық кабинеттерде зерттеліп, зерттеуде әдейілеп қолданылатын аппараттар болғандықтан, зерттелуші адамдар өзін өзі күнделікті-үйреншікті ұстай алмауы мүмкін. Жаңа жағдайдың әсерінен зерттелуші адам біраз қысылып, оның психикалық әрекетт ерінде кейбір бөгеттер, өзгешеліктер пайда болады. Эксперименттік әдістің екінші кемшілігі – көбінесе бұл әдістің бір бетті болуы. Кейде адамдардың жеке психикалық функциялары зерттеледі де, барлық психикалық функциялардың арасындағы бірлік байланыс, адамның толық, тұтас психикалық әрекеттері зерттелмей қалуы мүмкін.
Ресейдің белгілі психологы А.Ф. Лазурский эксперименттік әдістің кемшіліктерін жою мақсатымен оған бірнеше қосымшалар енгізіп, оны табиғи эксперимент әдісі деп атаған. Лазурский объективтік байқау әдісімен эксперименттік әдістің дұрыс қолайлы жақтарын бір-біріне қосып толықтырған. Бұл әдіс әдейі ұйымдастырылған лабораторияда, кабинеттерде жүргізілмей, табиғи жағдайда жүргізіліп, адам күнделікті жүретін, тұратын, еңбек ететін жағдайында зерттелінеді. Мысалы, балалардың психикалық әрекеттерін зерттейтін болсақ, ол балаларда күнделікті үйренген кластың ішінде, өздерінің бірге оқитын жолдастарының арасында, я болмаса олардың жолдастарымен ойнап жүрген уақытында, үй ішінде, балалар бақшасында зерттеуге болады. Бұл әдіс арқылы адамның жеке-жеке психикалық функцияларын ғана емес, адамның барлық әрекеттерін тұтасымен толығымен зерттеуге мүмкіндік бар. Зерттеу жүргізілерде, кейбір өзгешеліктер енгізіп, солар арқылы зерттеуді жүргізуге болады. Мысалы, мұғалім кейбір балалардың суреттерді байқауын сабақ үстінде зерттейтін болса, ерте бастан балаларға көрсету үшін арнап, бірнеше суреттер даярлап, күндегі сабағын қалай жүргізсе, балаларға зерттеу жүргізетін күні де сабағын бұрынғы күйінде үйреншікті класта, кейбір өзгерістер енгізілген бұрынғы жағдайда жүргізе бергені жөн. Бірақ сабақ үстінде зерттеудің жүргізілетінін балаларға білдірмей, суреттерді көрсетіп, мазмұнын сипаттау керек. Зерттелетін балалардан жауапты басқа балалармен бірге араластыра сұрай отырып, оларға алдын-ала әдейі арналған сұрауларды беріп, жауаптарын мүмкіншілік болса, мұғалімнің өзі я партаның артқы жағында отырған жәрдемшісі іс-қағаздарға жазып отыруы қажет. Бұл сынап – байқау әдісі болғандықтан, әдістің қорытындысын, толық және дәл етіп шығаруға болады. Мұндай әдіс арқылы жалғыз балаларды ғана емес, балаларға көрсетілетін заттардың, көрнекті құралдарын қандай екендігін де зерттеуге болады.