Практикум по возрастной и педагогической психологии / под ред. А. И. Щербакова / М.,1987



бет15/30
Дата10.10.2022
өлшемі122,29 Kb.
#42100
түріПрактикум
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30
Байланысты:
дәріс

Әдебиеттер тізімі:
1. Люблинская А.А. Мұғалімге бастауыш мектеп оқушысының психологиясы жөнінде. А.,1981.
2. Возрастные и индивидуальные особенности младших подростков/Под ред.Д.Б.Эльконина.-М.,1967.
3. Драгунова Т.В.Подросток.М.,1976.
4. Коломинский Я.Л.,Панько Е.А.Учителю о психологиидетей шестилетнего возраста.М.,1988.
Жалпы бастауыш білім оқуды, жазуды, санауды, оқу әрекетінің негізгі біліктері мен дағдыларын, теориялық ойлаудың элементтерін, оқу әрекеттеріне өзіндік бақылаудың қарапайым дағдыларын, өзін-өзі ұстау және сөйлеу мәдениетін, жеке бас гигиенасы мен салауатты өмір салтының негіздерін меңгеруді қамтамасыз етеді. 6-7 жастан 11жасқа дейінгі бала мектеп оқушысына айналады. Осы жаста бала психикасында үлкен дағдарыс көрініс береді. Бұл белгілер оның мінез-құлқында, санасында күрделі, ал кейде қайшылықты үйлесім түрінде қатар жүреді.
Адамның көптеген психикалық қасиеттерінің негіздері осы бастауыш мектеп жасында қалыптасады және дағдыға айналады. Сондықтан да ғалымдардың назары қазір бастауыш сынып оқушыларының дамытудың резервтерін анықтауға бағытталған.
Бастауыш сынып оқушыларына білім мен тәрбие бере алу үшін мұғалімдер осы жас кезеңдеріндегі балалардың психологиялық ерекшеліктерін жақсы білуі керек.
Бұл жаста дененің барлық органдарында елеулі өзгерістер болады. Мысалы: омыртқаның барлық бүгілістері дамиды, бірақ, скелеттің қатаюы әлі де аяқталмайды, оның аса иілгіштігі мен ширақтылығы да осыдан, бұл дұрыс дене тәрбиесін беру және спорттың көптеген түрімен айналысу үшін елеулі мүмкіндіктер ашады. Бастауыш сынып оқушыларының отыратын парталарының көлемінің сай болуы, дұрыс отыру бала денесінің,оның тұлғасының қалыпты дамуының аса маңызды шарты .
Бастауыш сынып оқушыларының бұлшық еттері мен сіңірлері жылдам қатаяды, олардың көлемі ұлғаяды, жалпы бұлшық ет күші артады. Балалардың саусақ сүйектерінің қатаюы тоғыз-он бір, ал білек сүйектерінің қатаюы он-он екі жасқа қарай аяқталады.Сондықтан да балаларға саусағы мен білегіне көп күш түсетін жұмыстарды жасатуға болмайды.
Бастауыш сынып оқушыларының жүрек бұлшық еттері шапшаң өседі және ол қанмен жақсы қамтамасыз етіледі, сондықтан да ол салыстырмалы түрде алғанда төзімді болады. Мидың салмағы жеті жастан кейін артады,әсіресе, маңдай бөліктері өспелі , олар адамның психикалық іс-әрекетінде жоғары,әрі неғұрлым күрделі қызметтерін қалыптастыруда үлкен роль атқарады.
Қозу және тежелу процестерінің өзара қатынасы өзгереді. Тежелу мектеп жасына дейінгі балаларға қарағанда неғұрлым елеулі болады. Осылайша мектеп жасына дейінгі балаларға қарағанда бастауыш сынып оқушыларының скелет, бұлшық еттер жүйесі едәуір қатаяды, жүрек тамыр қызметі салыстырмалы түрде тұрақтанады, жүйкенің қозу және тежелу процестері көбінесе тепе-тең бола бастайды. Осы ерекшеліктердің барлығы – мектеп өмірінің бастамасы баладан айтарлықтай ақыл-ой күшін ғана емес, сонымен қатар үлкен дене төзімділігін де талап ететін ерекше оқу қызметінің бастамасы болғандықтан ерекше маңызды.
Баланың мектептегі оқуға келуімен байланысты психологиясы да елеулі өзгерістерге енеді. Баланың психикалық дамуының әрбір кезеңі оның іс-әрекетінің негізгі ,жетекші түрімен сипатталады. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалық шақтыа ойын іс-әрекеті жетекші болады. Алты жасар балалар мектеп табалдырығын аттасымен-ақ оқушы атанады. Оның өмірінде ойын әлі маңызды орын алғанменде осы уақыттан бастап ол біртіндеп басымдылық ролін жоғалта бастайды.
Бастауыш сынып оқушыларынң жетекші іс-әрекеті оның мінез-құлық мотивтерін елеулі түрде өзгертетін, оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу болып саналады . Әсіресе баланың мектеп өмірінің жаңа жағдайларына алғаш енуі айқын аңғарылады. Балалардың көпшілігі бұған психологиялық жағынан даярланған. Олар бұл жерден үймен немесе балабақшамен салыстырғанда, әдеттен тыс жаңалықтар күте отыра, мектепке қуана барады. Баланың бұл ішкі позициясы екі жағдайда маңызды. Алдымен мектеп өмірінің жаңалығын алдын-ала сезіну және қалау баланың сыныптағы мінез-құлық ережелеріне, жолдастарымен ерекше қарым-қатынас нормаларына, күн тәртібіне қатысты мұғалімнің талаптарын жылдам қабылдауға көмектеседі. Бұл талаптарды бала қоғамдық маңызды және орындамауға болмайтын талаптар деп қабылдайды. Тәжірибелі ұстаздарға белгілі ,психологиялық жағынан расталған мынадай қағида бар: баланың сыныпқа келген алғашқы күнінен-ақ оған оқушының сабақтағы, үйдегі және қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелерін айқын да нақты мағынада түсіндіру керек. Балаға оның жаңа көзқарасының, міндеттерінің, құқықтарының бұрынғы жағдайлардан айырмашылығын дереу түсіндіру маңызды. Жаңа ережелер мен нормаларды орындауды талап ету – бірінші сынып оқушысына орынсыз қаталдық жасау емес, мектепке баруға даярланған балалардың өз түсініктеріне сәйкес олардың іс-әрекетін ұйымдастыруға қажетті шарт. Бұл талаптар орнықсыз болса, балалар өз өмірінің жаңа кезеңінің өзіндік ерекшеліктерін сезбейді, бұл олардың мектепке деген ынтасын жоюы мүмкін.
Баланың ішкі позициясының екінші жағы оның білім мен іскерлікті игеру процестерінде ортақ дұрыс қарым-қатынасына байланысты. Бастауыш сыныпта бала келешекте қажет болатын білімдердің нақтылы құрамын сезбейді. Оның білімге деген пайдақорлық-прагматикалық көзқарасы әлі болмайды.
Алғашқы кезде бала нақтылы оқу пәндерінің мазмұнымен шын мәнінде әлі толық таныс емес, олардың оқу материалдарына танымдық ынтасы әзірге жоқ. Олар тек математиканы , грамматиканы және басқа пәндерді тереңдеп оқу кезінде қалыптасады. Бала алғашқы сабақтардан бастап-ақ тиісті мағлұматтар ала бастайды.
Кейбір ата-аналар баласының мектептегі оқуға әріптер мен сандарды біліп баруы шарт деп түсінеді де, балаға әріптер мен сандарды үйретіп баланы шаршатады, ал мектепке келген соң мұғалім оларды балаға қайтадан үйретеді. Бала білетін нәрсесін қайтадан үйренуден жалығады да, оқуға ынтасы төмендейді.
Бала мектепке келгеннен кейін әріптер мен сандарды меңгеретін болғаннан соң, балалар бақшаларының тәрбиешілері мен ата-аналар балалардың дұрыс ойлай, сөйлей, қабылдай, есте сақтай,қиялдай білуіне көмектесіп, осы психикалық процестерді дамытуға жағдай туғызуы керек.
Бастауыш сынып оқушылары психологиясының дамуына негіз болатын жағдай- ол оқу әрекеті болып саналады. Оқу әрекетіне араласа отыра балалар біртіндеп оның талаптарына бағына бастайды, бұл талаптарды орындау балаларда бұрын жоқ, байқалмаған сапалардың дамуына жағдай жасайды.
Бастауыш сынып оқушыларына алғаш мектепке келумен қатар, бірқатар қиыншылықтар да кездеседі. Олардың ең бастылары мыналар:
Біріншісі – жаңа мектеп режимі ерекшеліктеріне байланысты көрініс береді. Балаға дер кезінде ерте ояну, сабақты жібермеу, барлық сабақтарда тыныш отыру, үй тапсырмаларын орындау талап етіледі. Тиісті дағдылар болмаса балада әдеттен тыс шаршау, оқу жұмысын бұзу, режимдерді сақтай алмау көрініс береді. 6-7 жастағы балалардың көпшілігі психологиялық-физиологиялық жағынан қажетті дағдыларды қалыптастыруға даяр болады. Мұғалімдер мен ата-аналар балаға қойылатын талаптарды түсінікті және айқын жеткізуі, олардың орындауын әрдайым тексеріп балалардың жеке-дара ерекшеліктерін есепке ала отыра, мадақтау мен жазалау шараларын қолданып отыруы керек.
Бірінші сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың екінші типі – мұғаліммен,сыныптас жолдастарымен, жанұяда болатын қарым-қатынастардың сипатынан туындайды. Балаларға мүмкіндігінше жылы шырай таныта отыра , мұғалім қатал талап қоюмен қатар, белгілі бір мінез-құлық ережелерін ұстанып, одан ауытқымауы керек.
Мұғалімнің позициясы мынадай:бала оның алдында именшектік жасамай тұра алмайды. Осының саларынан мектепте балалардың біреуі тым, ал екіншілері босаңдау бола бастады, олар үйінде мүлдем басқаша болуы мүмкін. Бірінші сынып оқушысы көбінесе жаңа ортаға үйренісе, балалармен бірден таныса алмайды, өзін жалғыз сезінеді.
Тәжірибелі мұғалім балалардың барлығына бірдей талап қояды, бірақ әрбір баланың бұл талаптарды орындауының өзіндік жеке-дара ерекшеліктерін мұқият бақылайды. Бұл олардың мінез-құлықтарының астарына көз жүгіртіп,олардың шын мәніндегі психологиялық қасиеттерін түсінуге көмектеседі. Балаларды тек осындай нақтылы зерттеулердің нәтижесінде ғана оларға әсер етудің белгілі бір нақтылы әдісін таңдап алуға болады, бұл әдістің мақсаты барлық бірініші сынып оқушыларын сабақ үстінде тыныш, ұстамды болу әдетіне, сабақтардың жалпы қарқынын сақтауға, мұғалімнің ескертулеріне іскерлікпен жауап беруге тәрбиелеу болып саналады.
Бастауыш сынып мұғалімі барлық балаларға бірдей қарап, бәріне бірдей талап қойғыш болғанда ғана, нашар оқитындарды еңбек сүйгіштігі үшін мадақтап, жақсы оқитындарға өзіне тым көп сеніп кеткені үшін басу айтып отырғанда ғана сыныптағы оқушылардың өзара қарым-қатынасы ойдағыдай болады. Бұл сынып оқушыларының ұжымдық жұмыстарға психологиялық жағынан жақсы жағдай жасайды.
Баланың мектепке келуге байланысты оның отбасындағы жағдайы да өзгереді, оның жаңа міндеттері мен құқықтары пайда болады. Көпшілік отбасыларында баланың бұл құқықтарына құрметпен қарайтын , оны толық қанағаттандыруға тырысатынын тәжірибе көрсетіп отыр. Тіпті кейбір жанұяларда мынадай жағдайлар да көрініс береді: үлкендердің қарым-қатынасын және олардың мектеп мұғалімдерінің тілектерін дереу қанағаттандыруға дайын тұратындығын сезген кейбір балалар өздерінің жағдайларын өктем пайдаланып, үйде өздері оқушылар- басшы тұлға болатын тәртіпті орната бастайды. Бұл оқушының өзімшілдігінің қалыптасуына әкеліп соғады.
Қиыншылықтардың үшінші типін бірінші сыныптағы көптеген оқушылар оқу жылының ортасына таман сезіне бастайды. Алғашқыда барлық бала мектепке қуана барады, кез келген тапсырмалараға ықыласпен кіріседі, мұғалімнің берген бағасына мақтанады, олардың білімді игеруге ынталары байқалып тұрады. Бірақ бірінші сыныпта оқу үрдісі әдетте балалар белгілі бір даяр білім мен анықтамалар алып, оларды есте сақтап, қажетті жағдайларда қолданатындай етіп жасалған, бұл білімдерге деген қажеттілік арнайы қарастырылмаған. Мұндай жағдайларда баланың ақыл-ой ізденісінің өрісі тар,таным дербестігі айтарлықтай шектеулі болады. Осыған ұқсас сабақтарда оқу материалдарының өзіне баланың ықыласы нашар болады. Мектептің сыртқы атрибуттарына үйрену дәрежесіне қарай балада оқуға деген алғашқы құштарлық өте бастайды да, осының нәтижесінде селқостық пен немқұрайлылық көрініс береді. Мұғалімдер кейбір жағдайда оқу материалдарына сырттай қызықты элементтер енгізе отыра, оларды жеңуге тырысады. Бірақ бұл әдіс аз уақытқа ғана әсер етеді.
Балалардың оқу процесінде жалықпауын тудырудың ең сенімді әдісі балалардың сабақтарда жеткілікті дәрежеде күрделі оқу-танымдық тапсырмалар алуында, тиісті ұғымдарды игеруді талап ететін проблемалық ситуациялармен ұштастыруында жатыр. Мысалы: математика курсында сандар ұғымының маңызы зор, ол балаларға бірінші сыныпта беріледі, олармен танысу тәсілі мынадай: балаларға бірнеше зат көлемі немесе саны жағынан салыстыру тапсырмасы беріледі, бірақ есептің шартында мұны тура және тікелей орындауға болмайды. Бірінші сыныптың оқушылары осыған ұқсас есептерді шығарудың жалпы тәсілін іздеуге мәжбүр болады. Бірқатар азды-көпті сәтті әрекеттер жасап көрген соң, балалар мұғалімнің көмегімен мұндай жағдайларғда өлшеу, есептеу және сан қажет екендігін анықтайды. Осыдан кейін ғана балалар өлшеуді және санауды үйренеді.
Сонымен бастауыш сынып оқушыларын мектепке келуіне байланысты оларға кездесетін басты қиыншылықтардың мазмұны төмендегідей:
1-ден, балалар мектепке бірден бейімделе алмайды, себебі оларда мектептегі оқуға деген әлеуметтік даярлық қалыптаспаған.
2-ден, мектепке алғаш келген кейбір оқушыларға берілетін білім өте жеңіл болады, өйткені кейбір оқушылар мектепке дейін әріптермен сандарды меңгеріп келеді. Оларды оқу жалықтыра бастайды.
3-ден, мұғалімнің өзіне тән психологиясы мен іс-әрекетіне балалар көпке дейін үйрене алмайды. Әсіресе балалар бақшасына барған балалар тәрбиешілердің өздерімен ойнап, үнемі бірге әрекет жасауына үйренсе, мектепте бала мұғалімнің сабақ түсіндіруіне үйрене алмайды.
Осы қиыншылықтардың барлығы баланың мектептегі қиыншылықтарды жоюына тікелей мұғалімнің қатысының бар екендігін меңзейді.
Осындай қиыншылықтарды жою үшін біз өзіміздің дипломдық жұмысымызда мынадай мәселелерге мән беру керектігін анықтадық:
Мектепке дейінгі жастағы балаларды бірінші сыныпқа қабылдауда олардың функциональдық сауаттылық негіздерін меңгеру дәрежесін емес, оның мектепке жалпы дайындығын тексеру керек.
Көпшілік жағдайда балалардың оқу, жазу, және санай алу дағдыларының қалыптасуы тексерілетінін, баланың оқуға дайындығын тестілеу арқылы тексерудің нәтижесіздігін, алдын-ала тексерудің төмен деңгейдегі көрсеткіштері баланы оқуға қабылдамауға негіз болатындығын тәжірибе көрсетіп отыр.Бірінші сынып оқушыларында оқуға деген ынта қалыптастыру , оларға белгілі бір табысқа қол жеткізетіндей жағдай жасау және оларды өзін-өзі бақылауға дайындау мақсатында оқу жылының бірінші жарты жылдығында ынталандырудың баға қоюды талап етпейтін әдістері мен тәсілдері қолданылуы керек. Оқушылардың мектеп талаптарына бейімделуін жеңілдету мақсатында оқу жүктемесін бірте-бірте өсіру ұзақтығы арқылы сабақтың сатылық режимі сақталады. Сабақтардың арасындағы үзілістердің ұзақтығы оқушылардың белсенді демалысы мен тамақтануын ескеруі керек, ол он минуттан кем болмауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет