Қабылдаудың дамуы- 1 сынып оқушыларында қабылдаудың саралап қабылдау түрі жақсы дамыған (түсін, пішінін дұрыс атағанымен, кейбір ерекшеліктеріне көңіл аудармау). Баланың талдауы мен саралауының дұрыс дамуы үшін тек қана түсінісу мен кейбір қасиеттерін ғана қабылдау жеткіліксіз, ол үшін іс-әрекеттің ерекше түрі – бақылау қалыптасуы керек. Бұл қасиет тек оқу іс-әрекетінің негізінде қалыптасады. Оқу кезінде заттардың қасиеттерін саралап түсіндіру негізінде, қабылдау басқа да танымдық процестермен бірігіп (зейін, ойлау) мақсатты түрде және ерікті қабылдауға айналады.
Зейіннің дамуы- мектепке жаңа келген балада еірксіз зейін басым болады. Мектептегі оқу процесі баланың ерікті зейіні болуын талап етеді. 2-3 сыныпта баланың ерікті зейіні едәуір дамиды. Бірақ баланың зейіні тұрақсыз болады, сондықтан тәжірбиелі ұстаз оқу процесінде әртүрлі әдістер қолданады. (санаудың әртүрлі әдістері). 1-2 сыныпта баланың зейіні ойша әрекетерге қарағанда сырттай әрекет жасауда, тұрақты болады.
Естің дамуы- мектепке жаңа келген бала көбінесе, қатты әсер еткен заттарды ғана есінде ұстайды. Ал оқу процесі барысында көптеген заттарды еріксіз есте сақтау қажет. Осыған байланысты есте сақтау жолдары қалыптаса бастайды. Алдымен бірнеше рет қайталау негізінде, содан соң мағынасын түсініп, есте сақтауды үйрене бастайды. Психологияда мынадай заңдылық бар: қандай зат ақыл-ой әрекетінің заты болса, сол жақсы есте сақталады.2-3 сынып оқушыларының еріксіз есі жақсы дамыған, бірақ осы кезеңде ес процестерінің сапалық өзгерулері болатыны байқалады. Ес екі бағытта дами бастайды- ырықты және мағыналылық. Мағыналық естің дамуы есте қалдырудың рационалды тәсілдерін игеруге мүмкіндік береді.
Қиялдың дамуы. Бастапқы кезде қиялдағы заттар бір ғана күйде (статикалық) болса, 2 сыныптың соңы 3 сыныптың басында қозғалыс күйінде (динамикалық) өзгерістік күйде қалыптасады. Мазмұндама жаза алу. Қайта жасау қиялы негізінде, оқыған әңгімедегі сюжетті өзгерту, кейбір объектілерді жалпылау жағдайы мен болған оқиғаны уақыт аралығында елестете білу- міне осының бәрі баланың творчестволық қиялын дамытудың алғышартары.