Практикумы бөлім: Қарағанды «Bolashaq»



бет1/2
Дата15.11.2023
өлшемі165,95 Kb.
#122613
түріПрактикум
  1   2
Байланысты:
Синоним мен антонимдер ҚМЖ (1)


ПӘН: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ПРАКТИКУМЫ
Бөлім:

Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі

КҮНІ: 20.10.2023жыл

Оқытушы: Манлаг Нұргүл

Курс:

Қатысқандар :

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Синонимдер мен антонимдер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

  • Басты белгілеріне қарай топтастырады;

  • Жасалу жолдары мен қолданылу ерекшелігін меңгереді.

Сабақ мақсаты

Барлығы: жасалу жолдары мен қолданылу ерекшелігін анықтайды.

Бағалау критерийі

Ойлау
дағдысының
деңгейі

Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау.

Алдыңғы білім

Омонимдер. Сөздің көп мағыналылығы.

Жоспар:

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар



Сабақтың басы
(5 мин)


Сабақтың ортасы
(36 мин)


Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сынып оқушылары түгенделеді.
Сабағымызды бастамай тұрып топқа бөлініп алайық.
«Миға шабуыл» әдісі бойынша сұрақтар.
Омоним дегеніміз не?
Көп мағыналы сөз дегеніміз не?
Олардың айырмашылығы неде?
Яғни, бүгінгі өтетін тақырыбымыз омонимдермен қатар жүретін синоним және антоним тақырыбы. Сабақ мақсаты хабарланады.
Синоним дегеніміз не?
Антоним дегеніміз не?
Екеуінің айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?
Ал енді сіздердің пікірлеріңіз дұрыс па екен көрейік. Ережеге назар аударайық.
Айтылуы, естілуі, жазылуы әр алуан, мағыналары бір-біріне жақын, жуық мәнді сөздер синонимдер деп аталады.Синонимдік қатар құрамындағы мағыналық тұрғыдан ұйыстырып тұрған сөзді тірек сөз не доминант дейміз. Синонимге тән негізгі белгілер: 1) синоним сөздер әртүрлі дыбысталады; 2) синоним сөздердің мағынасы бір-біріне жақын болып келеді; 3) синоним сөздер бір сөз табынан болады. Мысалы, Апатты аймаққа көмекші, жәрдемші топ келді деген сөйлемдегі көмекші, жәрдемші сөзі бірінің орнына бірін ауыстырып қолдануға болатын, мағыналары бір-біріне жақын, бір сөз табынан болған синоним сөздер. Тілімізде синоним сөздер зат есімдерде, сын есімдерде, етістіктерде және үстеулерде кездеседі.
Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады. Мысалы, елгезек бала – тілазар бала, шабан ат – жүрдек ат, іскер адам – олақ адам, жақсы мінез – жаман мінез, қисық ағаш – түзу ағаш, тату көрші – араз көрші, т.б. Тілімізде антоним сөздер мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда көп кездеседі. Мысалы, Ащы мен тұщыны татқан білер, алыс пен жақынды жортқан білер. Аз сөз – алтын, көп сөз – көмір, т.б. Осы мысалдардағы ащы-тұщы, алыс-жақын, аз-көп сөздері – мағыналары бір-біріне қарама-қарсы айтылған антоним сөздер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет