ІІ-Бөлім
Элементтер химиясы
Периодтық кесте қазіргі кезде 7 периодтан, 8 топтан тұрады. Период сілтілік
металдан басталып инертті газдармен аяқталатын горизонталь қатар. Ол кіші және үлкен
период болып бӛлінеді. Кіші период 8 элементтен, ал үлкен период 18 және одан да кӛп
элементтерден тұрады. Ұқсас қасиеттеріне сай орналасқан элементтердің вертикаль (тік)
қатарын топ деп атайды. Топ негізгі және қосымша топша болып бӛлінеді. Әр топтың нӛмірі
сол топта орналасқан элементтің ең жоғарғы валенттілігін кӛрсетеді. Қазіргі кезде ғылым
мен техниканың дамуы жаңа элементтерді синтездеп алуға мүмкіндік берді. Қазір периодтық
жүйеде 109 элемент бар. Атомдардың электрондық конфигурациясына орай қазір
элементтерді s, p, d, f – бӛледі. Әр периодта 2 – s элемент, 6– p элемент, 10 – d элемент, 14 – f
элемент болады.
1. Сутегі
Сутегi – кең таралған элементтердiң бiрi. Жер шарында оның мӛлшерi 1 пайыздай. Ол
бос және қосылыс күйiнде кездеседi. Сутегi бос күйiнде жер бетiнде ӛте аз. Ол
атмосфераның жоғары қабаттарында, космос кеңiстiгiнде болады. Күннiң құрамында 75%
сутегi бар. Қазiргi кездегi кӛзқарас бойынша Күн – сутегiнен гелий ядросы синтезделiп
жатқан – ядролық реактор болып табылады.
Байланысқан күйде сутегi ӛсiмдiк, жан-жануар клеткаларының құрамында болады.
Органикалық заттар дегенiмiз - негiзiнен сутегi мен кӛмiртегiнiң қосылыстары. Сонымен
қатар, сутегi қосылыс түрiнде топырақта, тау жыныстарында, таскӛмiрде, мұнай мен табиғи
газдар құрамында болады. Судың құрамында 11,19% сутегi бар.
Табиғатта сутегi екi изотоп түзедi – протий және дейтерий, үшiншi тритий изотопы
жасанды.
Сутегiн алу. Зертханада сутегiн Кипп аппаратында мырыш пен күкiрт немесе тұз
қышқылы ерiтiндiсiн әрекеттестiрiп алады. Кейде оны металмен ( Al ) сiлтiнi әрекеттестiрiп
алуға болады:
2
2
4
2
2
2
3
10
2
2
O
H
OH
Al
Na
H
O
H
NaOH
Al
Ӛнеркәсiпте сутегiн темiр – бу, электролиз әдiстерiмен алады. Кейiнгi кезде,
құрамында метан бар табиғи газды сумен, оттегiмен араластырып сутегiн алу әдiсi жиi
қолданылады (800 – 900
0
С):
2
2
2
2
4
2
6
2
2
CO
H
O
O
H
CH
Сутегiнiң қасиеттерi. Әдетте сутегi түссiз, иiссiз, ең жеңiл газ. Ол ауадан 14,5 есе
жеңiл. Сутегi қысымның арқасында 240
0
С – та сұйыққа айналады. Ол суда нашар (0
0
С –та
судың 100 кӛлемiнде бар болғаны 2,15 кӛлем сутегi), ал кейбiр металдарда (платина,
палладий, никель) ӛте жақсы еридi.
Бос күйiнде сутегi молекула түрiнде
2
Н болады. Сутегi молекуласында екi атом
коваленттi байланысқан. Сондықтан әдепкi жағдайда сутегi белсенді емес. Байланыс үзiлу
үшiн бiршама энергия қажет. Яғни температура жоғарылаған сайын сутегiнiң химиялық
белсенділігі артады. Ол тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та бола алады.
Сутегi кӛпшiлiк қосылыстарда электрон берiп тотықсыздандырғыш болады. Ол
бейметалдармен, оксидтермен әрекеттеседi.
O
H
O
H
2
2
2
2
2
HCl
Cl
H
2
2
2
O
H
Cu
H
CuO
2
2
Оттегi мен сутегi қопарылыс бере әрекеттеседi. Оттегiнде сутегi жанғанда ӛте жоғары
температура (2800
0
С) бередi. Оны металдарды пiсiру, кесу үшiн қолданады.
Бақылау сұрақтары
1. Сутегі атомының электрондық формуласын жазыңдар.
131
2. МОӘ бойынша сутегі молекуласының энергетикалық диаграммасын құрыңдар.
Сутегі молекуласының беріктігін түсіндіріңдер.
3. Зертханада сутегін алу әдістері. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
4. Сутегінің физикалық қасиеттері.
5. Сутегінің химиялық қасиеттері және реакция теңдеулерімен көрсетіңдер.
6. Металл гидридтері мен бейметалдардың сутектік қосылыстарының тотығу-
тотықсыздану қасиеттеріне сипаттама.
№1 зертханалық жұмыс
Тәжірибелер:
Аспаптар мен реактивтер: сутегін алуға дайындалған Кипп аппараты, штатив,
ұшы сүйірленген шыны түтікшесі бар тығынмен тығындалған сынауық, сыйымдылығы 50-
100 мл стакан, шыны пластинкалар, сынауықтары бар штатив, мырыш, алюминий, мыс
(ІІ) оксиді СиО; ерітінділер, күкірт қышқылы,, натрий гидроксиді (10%), 0,1 н калий
перманганаты
4
KMnO ерітіндісі.
Ескерту: Сутегінің тазалығын тексермей, бөлініп жатқан сутегін жағуга
болмайды, себебі қопарылыс болып, құрал жарылып кетуі мүмкін!
Алынуы:
1. Металл мен қышқылдың әрекеттесуі. Сынауыққа мырыш түйірлерін салып, 1/3
бӛлігіне дейін сұйытылған күкірт қышқылын құйыңдар, түтігі бар тығынмен жауып, газ
шығатынын байқаңдар (57-сурет). Сутегінің таза екеніне кӛз жеткізгеннен кейін, осы түтіктің
аузында жағыңдар. Жалынға құрғақ стақанды ұстаңдар, не байқадыңдар? Қандай зат
түзіледі? Реакция теңдеуін жазыңдар.
2.Металл мен сілтіні әрекеттестіру арқылы сутегін алу. Алдыңғы тәжірибеде
алынған құралдың (57-сурет) сынауығына алюминий жаңқасын салып, 2-3 мл натрий
гидроксидінің ерітіндісін құйыңдар. Газ бӛлінгенін байқап, қыздырыңдар. Сынауықты түтігі
бар тығынмен жауып, 1-тәжірибедегідей сутегінің тазалығын тексеріңдер. Таза сутегін
жағыңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
57 -сурет. Сутегін алуға арналған қондырғы. 58 -сурет. Мыс (II) оксидін сутегімен тотықсыздандыру
Қасиеттері:
3. Сутегін бір ыдыстан екінші ыдысқа құю. Ығыстыру әдісімен бір сынауыққа
Кипп аппаратынан сутегін жинап толтырыңдар. Сосын сутегін жайлап екінші сынауыққа
құйыңдар, ол үшін сынауықтың түбін жоғары қарай ұстаңдар. Енді екеуін де жалынға
апарыңдар. Не байқалады? Түсіндіріп беріңдер.
132
4. Күркіреуік газдың қопарылысы. Түбінде тесігі бар тӛңкерілген консерві
банкасының астына Кипп аппаратынан сутегін жіберіңдер. Тесігін шырпымен немесе
мақтамен бітеп қою керек. Біраздан кейін газ түтігін шығарып, банканың тесігін ашып,
жанып тұрған шыраны консерві банкасының тесігіне ұстаңдар. Не байқалады? Түсіндіріп
беріңдер.
5. Мыс (II) оксидін сутегімен тотықсыздандыру. Шамалы мыс (II) оксиді бар
құрғақ сынауықты түп жағынан кӛтеріңкі етіп штативке бекітіңдер. Кипп аппаратынан
бӛлінген сутегінің тазалығын тексеріп, мыс (II) оксиді бар сынауыққа жіберіңдер,
қыздырыңдар (58-сурет). Қандай ӛзгеріс байқалады? Мыс (II) оксидінің түсі қалай ӛзгереді?
Сынауықтың қабырғасында су тамшылары бӛлінетінін байқаңдар. Реакция біткеннен кейін
қыздыруды тоқтатып, сынауықтағы заттарды сутегін жібере отырып суытыңдар. Байқалған
құбылыстарды түсіндіріңдер, реакция теңдеулерін жазыңдар.
6. Атом күйіндегі сутегімен (бөліну кезіндегі сутегі) калий перманганатын
тотықсыздандыру. Калий перманганаты ерітіндісінің 2-3 тамшысын сұйытылған күкірт
кышқылының ерітіндісіне қосыңдар, қоспаны екігебӛліңдер. Біріншісіне - мырыш түйірін
салыңдар, екіншісіне - Кипп аппаратынан сутегін жіберіңдер. Ерітіндінің түсі қалай
ӛзгереді? Түсіндіріңдер.
Реакция теңдеуі:
O
H
MnSO
SO
K
SO
H
H
KMnO
2
4
4
2
4
2
2
4
8
2
3
10
2
Жаттығулар мен есептер
1. Сутегінің ауада жанған жалынының температурасы күркіреуік газдың жалынының
температурасынан неге тӛмен?
2. Сутегінің атом және молекула түрінде айырмашылығы бар ма?
3. 6л күркіреуік газды (қ.ж.) қопарғанда неше г су түзіледі?
4. 0,36 г сутегі мен 3,26 г оттегін қопарғанда қай газ және неше г реакцияға қатыспай
қалады?
5. 5,6л сутегін алу үшін (қ.ж.) күкірт қышқылына мырыш металынан қанша г қосу
керек?
6. 20 г мыс оксидін тотықсыздандыру үшін (қ.ж.) сутегінің қандай кӛлемі қажет?
7. 5,5 г кальций гидриді сумен әрекеттескенде 17
0
С және 101,3кПа қысымда сутегінің
қандай кӛлемі түзіледі?
8. 40г мыс оксидін тотықсыздандыруға қажет сутегін алу үшін неше г кальций
гидридін сумен әрекеттестіру керек.
Хлор және хлорсутегі
Табиғатта таралуы. Жер бетiнде оның мӛлшерi 0,25%. Хлор табиғатта натрий, калий
хлоридтерi түрiнде кездеседi. Жер бетiнен хлоридтер ерiп ӛзен сулар арқылы теңiз бен
мұхиттарға түседi. Теңiз суалған жерлерде хлоридтер - тас тұздар түзедi. Тас тұздар – түссiз
кристалдар. Оның бай кен орындары Украинада, Кавказда, Орта Азия мен Сiбiрде бар.
Натрий хлоридi тұзды кӛлдерде кӛп (Эльтон, Басқұншақ).
Натрий хлоридi мал мен адамға да қажет. Малды азықтандырған кезде азыққа қажет
мӛлшерде натрий хлоридiн қосады. Топырақта тұз кӛбеюi ӛсiмдiк ӛсуiне кесiрiн тигiзедi.
Мұндай жағдайда жердiң құнарын арттыру үшiн гипстеу –
O
H
CaSO
2
4
2
- мен ӛңдеу керек.
Ӛнеркәсiпте хлорды натрий хлоридi балқымасын электролиздеп алады. Электролиз
кезiнде хлор – анион анодқа тартылып тотықсызданады:
0
2
2
2
Cl
e
Сl
Зертханада оны алу үшiн концентрлi тұз қышқылына күштi тотықтырғышпен әсер
етедi. Кӛбiнесе, тотықтырғыш ретiнде калий перманганаты
4
KMnO , марганец (IV) оксидi,
калий хлораты
4
KClO қолданылады:
133
O
H
KCl
MnCl
Cl
O
Mn
K
Cl
H
2
2
0
2
4
7
1
8
2
2
5
2
16
Хлордың қасиеттерi. Хлор ―сары жасыл‖ деген сӛз. Ол ӛткiр иiстi, сары жасыл газ
ауадан 2,5 есе ауыр. Аздаған қысым және – 34
0
С – та күлгiн – сары сұйыққа айналады.
Судың бiр кӛлемiнде хлордың бес кӛлемi еридi. Судағы ерiтiндiсi ―хлор суы‖ деп аталады.
Хлор тыныс жолдарын тiтiркендiрiп, жӛтел туғызады, кӛп мӛлшерi тұншықтырады.
Хлорсутегi және тұз қышқылы. Хлорсутегiн зертханада натрий хлоридiне күкiрт
қышқылымен әсер етiп алады:
HCl
SO
Na
SO
H
NaCl
2
2
4
2
4
2
Бұл реакцияны техникада бiршама жоғары температурада (700 – 800
0
С) жүргiзедi. Бұл
хлорсутегiн алудың сульфат әдiсi.
Техникада хлорсутегiн синтез әдiсiмен де алады:
HCl
Cl
H
2
2
2
Хлорсутегi – ӛткiр иiстi, түссiз газ, тыныс жүйесiнiң сiлекей қабығын тiтiркендiредi,
ауадан ауыр. Ол ауада түтiнденедi, ӛйткенi ауадағы су буымен әрекеттесiп тұз қышқылын
түзедi.
Хлорсутегi суда ӛте жақсы еридi. Судың 1 кӛлемiнде 507 кӛлем хлорсутегi еридi.
Түзiлген ерiтiндiнi тұз қышқылы деп атайды.
Техникада синтез әдiсiмен алынған хлорсутегiн бiрден суға ерiтiп тұз қышқылына
айналдырады.
Таза тұз қышқылы – түссiз, ӛткiр иiстi, сұйық зат. Әдетте кұрамында 42% HCl
болады. Техникада құрамында 32–37% HCl бар (
1,19 г/см
3
) түтiнденетiн қышқыл
ӛндiрiледi. Кейде қышқылдың түсi құрамындағы темiр (III) хлоридi әсерiнен сарғыш болуы
мүмкiн.
Тұз қышқылының адам, мал организмi үшiн маңызы зор. Ол асқазан сӛлiнiң құрамына
кiредi.
Тұз қышқылы күштi қышқыл болып табылады. Оның күмiс, қорғасын, сынап
тұздарынан басқа тұздары суда ерiмтал. Тұздары хлоридтер деп аталады. Тұз қышқылы бояу,
дәрi-дәрмек, аммоний хлоридiн, хлор сутегiн ӛндiру үшiн қажет. Оны медицинада және
тамақ ӛнеркәсiбiнде қолданады. Кӛп мӛлшерi тұздар алуға жұмсалады.
Бақылау сұрақтары
1. Хлор атомының электрондық формуласын және электрондардың атомдық
орбитальдарды орналаусын жазыңдар.
2. Хлор молекуласындағы хлор атомдарының тотығу дәрежесін, коваленттілігін
және байланыс типін көрсетіңдер.
3. Қосылыстарда хлор атомы қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?
Қосылыстарға мысал келтір.
4. Сульфаттық әдіс бойынша хлорсутегін алуда неге қатты хлоридтерді және
концентрлі күкірт қышқылын пайдаланады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
5. Фтор мен хлордың молекула құрылысы мен сутекті қосылыстарының
қасиеттерін салыстырыңдар. Олардың ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
6. Концентрлі тұз қышқылының тотықсыздандырғыш қасиет көрсететін реакция
теңдеулерін жазыңдар.
№2 зертханалық жұмыс
Тәжірибелер.
Аспаптар мен реактивтер: хлорды алуға арналған құрал, үш стақан (200, 500мл),
бөлгіш воронка, сынауықтар, бес банка, темір қасықша, кристаллизатор, Вюрц колбасы;
концентрлі HCl және
4
2
SO
H
, мыс сымы, темір, сурьма ұнтақтары, қызыл фосфор,
134
скипидар (
16
10
H
C
), мырыш түйірі, кальций оксиді, кальций карбонаты; ерітінділер:
,
, KOH
NaOH
күміс нитраты, индиго, фуксин, сия, күкіртсутегі, хром (ІІІ) сульфаты,
лакмус.
Алынуы:
1. Хлорды алу. Хлорды алу үшін мынадай 59-суреттегідей құрал жинаңдар: Вюрц
колбасына калий перманганатының ұнтағын салыңдар, бӛлгіш воронкаға концентрлі тұз
қышқылын, бірінші тазартқышқа хлорсутегін ұстау үшін су, екіншісіне хлорды құрғату үшін
концентрлі күкірт қышқылын құйыңдар. Воронканың ашқышын ашып, концентрлі тұз
қышқылын тамызыңдар. Бӛлінген хлорды бес банкаға толтырып шынымен жауып, екі
банканың түбіне құм салыңдар. Құралдан хлор шықпау үшін газ жүретін түтікшені сілті
ерітіндісіне батырыңдар.
59-сурет.
Хлор
алуға
арналған аспап. 1-Вюрц
колбасы; 2- тамшылатқыш
воронка; 3,4- газ тазалағыш
сауыттар; 5-хлор жинауға
арналған ыдыс.
Қасиеттері:
2. Хлордың металдармен әрекеттесуі. а) Хлоры бар ыдысқа алдын ала қыздырылған
мыстың жіңішке сымын салыңдар. Не байқалады? Ыдысты суытқаннан кейін су құйып
шайқаңдар. Алынған ерітіндінің түсі қандай? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
б) Темір қасыққа темір ұнтағын салып, күшті қыздырыңдар, құм салынған хлоры бар
банкаға салыңдар. Темірдің хлормен әрекеттесуін байқаңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
в) Ұнтақталған сурьманы хлоры бар банкаға салыңдар. Түзілген сурьма хлоридтерінің
құрамы қандай? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
3. Хлордың бейметалдармен әрекеттесуі. Темір қасықпен фосфор алып хлоры бар
ыдысқа салыңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты
кӛрсетіңдер.
4. Хлордың органикалық заттармен әрекеттесуі. Скипидар жағылған сүзгі қағазын
алдын ала кұрғақ сынауыққа салып хлор жіберіңдер. Не байқалады? Реакция ӛнімдері
қандай? Скипидардың формуласын
16
10
H
C
деп алып реакция теңдеулерін жазыңдар.
5. Хлор суын алу. Сынауыққа 2/3 су құйып 2–4 минут хлор сіңіріп қанық ерітінді
алыңдар. Түзілген хлор суын келесі тәжірибелерге сақтап қойыңдар.
6. Хлор суының қасиеттері. а) Екі сынауыққа хлор суын алып: бір бӛлігіне –
лакмустың бейтарап ерітіндісін құйыңдар. Не байқалады? Екіншісіне – күміс нитратының
ерітіндісін құйыңдар. Тәжірибе нәтижесін түсіндіріңдер. Реакция теңдеулерін молекулалық
және иондық түрде жазыңдар.
е) Үш сынауық алып, біріншісіне – индиго ерітіндісін, екіншісіне–фуксин, үшіншісіне
– сия құйыңдар. Барлық сынауыққа хлор суын тамызып шайқаңдар. Не байқалады?
Түсіндіріңдер.
4
1
2
3
5
135
б) Екі сынауыққа хлор суын құйып, біріншісіне натрий гидроксидінің ерітіндісін,
екіншісіне күкіртсутегін қосыңдар. Байқалған құбылысты жазыңдар. Хлор суы мен
күкіртсутегінің иістері сақтала ма? Реакция теңдеулерін жазыңдар. Бұлар тотығу–
тотықсызданудың қай түріне жатады?
в) Хром (III) сульфаты бар ерітіндіге калий гидроксиді ерітіндісінің артық мӛлшерін
және хлор суын қосыңдар. Ерітінді түсінің ӛзгергенін байқаңдар.
3
Cr иондары
2
4
CrO
хромат
иондарына айналатынын ескеріп реакция теңдеулерін жазыңдар.
7. Хлорсутегін алу және оның қасиеттері. Вюрц колбасына 15–20 г NaCl салыңдар.
Тамшылайтын воронкадан концентрлі
4
2
SO
H
ерітіндісін құйыңдар. Хлорсутегін үлкен
сынауыққа толтыру үшін газ түтікшесін сынауықтың түбіне дейін жеткізіңдер. Сынауықтың
бетін алдын ала мақтамен жабыңдар. Құралдың қасына су құйылған кристаллизатор
қойыңдар. Тамшылайтын воронканың шүмегін ашып, Вюрц колбасындағы тұзға концентрлі
4
2
SO
H
тамызыңдар. Реакцияның жүруін тездету үшін колбаны аздап қыздыруғаболады.
Мақтамен жабылған сынауықта тұман пайда болғанда (себебін түсіндіріңдер) колбаны
қыздыруды тоқтатыңдар, ал газ жүретін түтікшені судың үстіне ұстап, газды суға жіберіңдер
(түтікті суға батырмау керек), мақтаны шығарып, сынауықты шынымен жабыңдар.
Хлорсутегі бар сынауықты суы бар кристаллизаторға тӛңкеріп, аузын ашыңдар. Не
байқалады? Хлорсутегінің суда ерігіштігі қандай? Сынауықты шынымен жауып судан
шығарып алыңдар. Алынған ерітіндіні тӛртке бӛліңдер: біріншісін лакмус сынаңдар, алынған
ерітіндінің тұз қышқылы екенін дәлелдеңдер; екіншісіне – мырыш түйірін, үшіншісіне –
кальций оксидін, тӛртіншісіне – кальций карбонатын салыңдар. Байқалған құбылыстарды
жазыңдар. Тұз қышқылын алу реакциясы мен оның химиялық қасиеттерін сипаттайтын
теңдеулерін құрыңдар.
Жаттығулар мен есептер
1. Хлорды және хлорсутегін құрғату үшін концентрлі күкірт қышқылын қолдануға
бола ма? Ал құрғақ NaOH -ты ше?
2. Мырыш хлоридінің және кремний хлоридінің
4
SiCl гидролизінің теңдеуін
жазыңдар.
3. Мына тотығу–тотықсыздану реакцияларын аяқтап, теңестіріңдер:
a)
2
PbO
HCl
ә)
KOH
Cl
2
б)
3
KClO
HCl
4. Хлор суына а) қышқыл ерітіндісін; ә) сілті ерітіндісін; б) натрий хлориді ерітіндісін
қосқанда тепе – теңдік қай жаққа ығысады?
5. 100 мл 36 %-ті (ρ=1,18 г/мл) тұз қышқылы 50 г калий перменганатымен
әрекеттескенде (қ.ж.) неше литр хлор түзіледі?
6. 400г 10%-ті барий хлориді ерітіндісіне 15%-ті сода ерітіндісінің артық мӛлшері
қосылады. Түзілген тұнбаны сүзгіде бӛліп алады. Ерітіндіге 450г 6%-ті тұз қосқанда газ
түзілуін тоқтатады. Реакцияларға қатысқан натрий карбонаты ерітіндісінің массасы қандай?
7. Тығыздығы ρ=1,1 г/мл 3л 20%-ті тұз қышқылының ерітіндісінде (қ.ж.) неше литр
хлорсутегі еріген?
Хлордың оттекті қосылыстары
Хлор оттегiмен тiкелей әрекеттеспейдi, ал оның оттектi қосылыстарын қосымша
жолмен алады. Оттектi қосылыстарында хлор оң тотығу дәрежесiн кӛрсетедi. Хлордың мына
оттектi қышқылдары белгiлi: хлорлылау HClO ; хлорлау
2
HClO ; хлорлы
3
HClO
; хлор
4
HClO қышқылдары. Хлорлылау қышқылы HClO хлор суда ерiген кезде түзiледi:
136
1
1
2
0
2
Cl
H
O
Cl
H
O
H
Cl
Хлорлылау қышқылы тұрақсыз, ерiтiндiде ыдырап кетедi:
O
HCl
HClO
Түзiлген оттегi бояуларды ағартады, микроорганизмдердi ӛлтiредi. Сондықтан
хлорлылау қышқылын маталарды, қағазды ағарту үшiн қолданады.
Хлорлылау қышқылдың тұздарын гипохлориттер дейдi. Олар хлорды сiлтi
ерiтiндiсiне сiңiрген кезде түзiледi:
O
H
KCl
KClO
KOH
Cl
2
2
2
Құрамында KClO және KCl бар ерiтiндiнi Жавель суы деп атайды (Франциядағы
Жавель қаласы атымен). Жавель суы да ағартқыш. Себебi, KClO су мен кӛмiртегi (IV)
оксидiмен қосылып хлорлылау қышқыл түзедi. Ал оның қасиетi белгiлi:
3
2
2
KHCO
HClO
CO
O
H
KClO
Хлорлы қышқыл
2
HClO хлорлылау қышқылға қарағанда күштiлеу, ал тотықтырғыш
қасиетi тӛмендеу тұрақсыз зат. Оның тұздарын хлориттер дейдi. Мысалы:
.
,
2
2
KClO
NaClO
Хлориттер де қағаз, металдарды ағарту үшiн қолданылады.
Хлорлау қышқыл
3
HClO
бiршама тұрақты күштi қышқыл. Оның диссоциациялану
дәрежесi тұз және азот қышқылдарына жақын. Хлорлау қышқыл ерiтiндiсiнiң тотықтырғыш
қасиетi жақсы, ал тұздарының тотықтырғыш қасиеті әлсiз.
Хлорлау қышқылдың тұздарын хлораттар дейдi. Маңызды тұздарының бiрi калий
хлораты (Бертолле тұзы)
3
KClO
. Оны ыстық концентрлi калий гидроксидi ерiтiндiсiне
хлорды сiңiру арқылы алады.
O
H
KCl
KClO
KOH
Cl
2
3
2
3
5
6
3
Қыздырғанда калий хлораты ыдырайды:
2
3
3
2
2
O
KCl
KClO
Бертолле тұзы - жақсы тотықтырғыш. Сонымен қатар, натрий, магний, кальций
хлораттары да
2
3
2
3
3
,
,
ClO
Ca
ClO
Mg
NaClO
белгiлi. Олар гербицидтiк қасиет кӛрсетедi.
Алайда, олар арамшӛппен қатар мәдени ӛсiмдiк пен дақылдарды да жояды.
Хлор қышқылы
4
HClO тұрақты, түссiз, ауада түтiнденетiн сұйық зат. Бiрақ сусыз хлор
қышқылы ӛте тұрақсыз, ӛздiгiнен жарылуы мүмкiн. Ерiтiндiсi тұрақты. Диссоциациялану
дәрежесi бойынша ол ӛте күштi қышқыл. Тотықтырғыштық қасиетi хлорлылау қышқылынан
да тӛмен.
Хлор қышқылы тұздарын перхлораттар дейдi. Оларды хлораттарды жайлап қыздыру
арқылы алады:
KCl
KClO
KClO
4
3
3
4
Перхлораттар суда жақсы еридi. Ерiтiндiлерi тотықтырғыш бола алмайды.
Осы айтылғандардан хлордың тотығу дәрежесi артқан сайын, олардың
тұрақтылығының артып, тотықтырғыш қасиетiнiң кемитiнi байқалады:
тұрақтылығы, күшi артады >
+1+3+5+7
4
3
2
HClO
HClO
HClO
HClO
тотықтырғыш қасиетi кемидi>
Бақылау сұрақтары
1. Оттекті қосылыстарында хлор қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?
2. Хлор оксидтері мен гидроксидтерінің құрылымдық формуласын жазыңдар.
3. Хлорлылау, хлорлау, хлор қышқылдарының алыну реакция теңдеулерін жазыңдар.
137
4. Хлор оксидтерінің, гидроксидтерінің және тұздарының тотықтырғыш-
тотықсыздандырғыш қасиеттеріне сипаттама беріңдер.
5. Қышқылдық және тотықтырғыштық қасиеттері хлордың оттекті
қосылыстары қатарында
4
3
2
HClO
HClO
HClO
HClO
қалай өзгереді? Түсіндіріңдер.
6. Хлордың оттекті қосылыстарының қолданылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |