Практикумы оқу құралы 2013 жыл Алматы 2013 1 0 0 0 6 0 0 4



Pdf көрінісі
бет25/33
Дата12.03.2017
өлшемі6,26 Mb.
#8932
түріПрактикум
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33

9.  Қорғасынның  алынуы.  а)  Бір  бет  қағазға  қорғасын  оксиді  мен  ағаш  кӛмірдің 
ұнтағынбірдей  мӛлшерде  араластырыңдар.  Тығыз  бір  кесек  ағаш  кӛмірді  ойып,  алынған 
қоспаны  сол  ойыққа  салыңдар.  Қоспаны  қыздырыңдар.  Балқыған  корғасын  түзілгенше 
тотықсыздандыру  керек.  Реакция  теңдеуін  жазыңдар.  Қорғасын  суығанда  оны  балғамен 
соғып, созылғыштығын сынаңдар. 
ә)  Қорғасынның  электрохимиялық  кернеу  қатарындағы  орнымен  және  стандартты 
электродты  потенциалымен  танысыңдар.  Қорғасын  катионын  оның  тұзының  ерітіндісінен 
ығыстыра  алатын  металды  таңдап  алыңдар.  Тиісті  тәжірибені  жасаңдар.  Ол  үшін 
қорғасынның  еритін тұзын  және  зертханада  бар  металды  пайдаланыңдар.  Реакция  теңдеуін 
жазыңдар. Осы реакциядағы тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты анықтаңдар. 
10.Қорғасынның  ауада  тотығуы.  а)  Бір  түйір  қорғасынды  пышақпен  кесіңдер.  Кесілген 
жеріңде металл беті қалай ӛзгереді? Реакция теңдеулерін жазыңдар. 
ә)  Темір  қасықшада  бір  түйір  қорғасынды  балқытыңдар.  Қорғасын  бетінің  ӛзгеруін 
байқаңдар. Қорғасын(II) оксиді түзілетінін ескере отырып, реакция теңдеуін жазыңдар. 
11.  Қорғасынның  қышқылдармен  әрекеттесуі.(тартпа  шкафта  жасау  керек).  Алты 
сынауық  алып,  әрқайсысына  2  түйірден  қорғасын  салып,  сұйытылған  және  концентрлі  тұз, 
күкірт  және  азот  қышқылдарын  құйыңдар,  не  байқалады?  Қыздырғанда  не  байқалады? 
Реакция теңдеулерін жазыңдар. 
12.Қорғасын  (II)  гидроксидін  алу  және  қасиеттері.  Қорғасынның  (II)  еритін  тұзына  сілті 
қосып  қорғасын  гидроксидін  алыңдар.  Тұнбаның  түсін  және  түрін  байқаңдар.  Реакция 
теңдеуін жазыңдар. Тұнбаны екі сынауыққа бӛліп, біріншісіне азот қышқылының ерітіндісін, 
екіншісіне  сілтінің  ерітіндісін  қосыңдар.  Реакция  теңдеулерін  молекулалықжәне  иондық 
түрде жазыңдар. Қорғасын (II) гидроксидінің қасиеттері қандай? 
13.  Қорғасын  (II) 
2
Pb
  катионын  ерітіндіден  анықтау.  Алмасу  реакциялары  арқылы 
қорғасынның  (II)  хлоридін,  сульфатын,  иодидін,  сульфидін  және  хроматын  алыңдар. 
Тұнбалардың  түстерін  және  түрлерін  байқаңдар.  Реакция  теңдеулерін  молекулалық  және 
иондық түрде жазыңдар. 
14.  Суриктегі  қорғасынның  тотығу  дәрежесі.  Суриктің  формуласы  -   
4
3
O
Pb
(аралас 
оксидаты),  түр-түсін  байқаңдар,  суда  ери  ме,  сынап  кӛріңдер.  Суриктің  аз  мӛлшеріне 
сұйытылған  азот  қышқылын  қосыңдар,  түсі  ӛзгергенше  қыздырыңдар  (
2
PbO   түзіледі). 
Бетіндегі  ерітіндісін  құйып  алып,  ерітіндіде 
2
Pb
бар  екенін  анықтаңдар,  ол  үшін  13-

 
186 
тәжірибедегі  реакцияның  біреуін  пайдаланыңдар.  Суриктің 
4
3
O
Pb
  азот  қышқылымен 
әрекеттесу  теңдеуін  жазыңдар.  Қорғасын  атомдарының  суриктегі  тотығу  дәрежелерін 
кӛрсетіңдер. 
15. Қорғасын(IV) оксидінің қасиеттері.(тәжірибені тартпа шкафта жасау керек).  
а)Фарфор  табақшаға  шамалы 
2
PbO   салыңдар,  концентрлі  калий  гидроксиді  ерітіндісін 
қосыңдар,  3-4  минут  қыздырыңдар.  Не  байқалады?  Гидроксокомплексте  қорғасынның  (IV) 
4
Pb
координациялық саны 6-ға тең екенін ескере отырып, реакция теңдеуін жазыңдар. 
ә)Сынауыққа 
2
PbO аз  мӛлшерін  салып,  оған  артық  мӛлшерде  концентрлі  тұз  қышқылын 
қосыңдар.  Не  байқалады?  Қандай  газ  бӛлінді?  Реакция  теңдеуін  жазыңдар.  Осы  реакцияда 
қайсысы тотықтырғыш, қайсысы тотықсыздандырғыш болып табылады? 
16.  Корғасынның  гидроксокарбонатын  алу.  Қорғасын(II)  ацетатының  ерітіндісіне  аздап 
қорғасын  (II)  оксидін  қосыңдар,  қоспаны  бірнеше  минут  қыздырыңдар.  Суыған  ерітіндіні 
тұнбаның  бетінен  құйып  алып,  оған  кӛміртегі  (IV)  оксидін 
2
СO жіберіңдер.  Не  байқалады? 
Тұнбаны  сүзіп  алып  сүзгі  қағаз  арасында  кептіріңдер.  Алынған  қорғасын  (II) 
гидроксокарбонаты  тұнбасының  түр-түсін  байқап  жазып  алыңдар.  Реакция  теңдеулерін 
жазыңдар. 
17.  Дәнекерлеу.  а)  Жұмсақ  дәнекер  ретінде  қолданылатын  құйманы  (37%  қорғасын  және  
63%  қалайы)  дайындау  үшін  қорғасын  мен  қалайыны  технохимиялықтаразыда  ӛлшейді, 
қорғасынды  темір  немесе  фарфор  тигельде  балқытады,  содан  соң  қалайыны  қосады. 
Құйманы темір таяқшамен араластырып, темір немесе ағаш қалыпқа құяды. 
ә)  Дәнекерлеу  алдында  металл  бетін  зімпарамен  жақсылап  тазарту  керек.  Дәнекерлегіш 
ұшын  зімпара  немесе  аммоний  хлоридін  тигізіп  тазартып  тұру  керек.  Егер  кұрал  ұшы  таза 
болса, оған құйма оңай жұғады, тегіс қаптап тұрады. 
б) Дәнекер ерітіндіні дайындау. Ол үшін 30 г мырыш хлоридін және 15 г аммоний хлоридін 
55г суда ерітесіңдер. 
Дәнекерлеу.  екі  біріктірілген  бетті  дәнекер  ерітіндімен  сулаңдар.  Құралды  құйманың  балқу 
температурасынан жоғары қыздыру керек. Қыздырылған дәнекерлегішті аммоний хлоридіне 
немесе бірер секунд дәнекер ерітіндіге батырып алыңдар. Құралмен құйманы кішкене алып, 
біріктірілетін беттерге тигізіңдер, жүргізіңдер, жайлап қана басыңдар, құйма біртіндеп тегіс 
жайылуы керек. Құйманың артық мӛлшерін құралмен (дәнекерлегішпен) кетіруге болады. 
 
Жаттығулар мен есептеулер 
1.Қалайы тұздарының ерітіндісін неге қышқылдандырылған суда дайындайды? 
2.  а) 
PbO  немесе  SnO; ә) PbO  немесе 
2
PbO  қайсысында негіздік қасиет күштірек? Себебін 
түсіндіріңдер. 
3.
3
2
O
Pb
және 
4
3
O
Pb
 графикалық формулаларын жазыңдар. Бұл заттарды қосылыстардың қай 
кластарына жатқызады? 
4.Қалайы  (ІІ)гидроксидінің  тәжірибе  жүзінде  амфотерлігін  қалай  дәлелдеуге  болады? 
Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар. 
5. Осы заттардың арасында ерітіндіде реакциялар жүре ме?  
а)
2
SnCl  және 
3
FeCl
; ә) 
2
3
)
(NO
Pb
 және 
Cd ;  б) 
2
FeCl  және
2
3
)
(NO
Pb
; в) 
2
SnCl  және 
Cu 
6.Реакция теңдеулерін толық жазыңдар: 
a)
....
2
4
2
4
3
J
SO
H
O
Pb
KJ
 
ә)
....
4
4
2
2
4
HMnO
SO
H
PbO
MnSO
 
б)
HCl
HNO
SnCl
2
2
 
в)
Zn
SnCl
4
 
7.Мына тұздардың қайсысы күштірек гидролизденеді: а)
2
3
)
(NO
Pb
немесе
2
3
)
(NO
Sn
; ә)
2
SnCl
немесе 
4
SnCl түсіндіріңдер. 

 
187 
8.200г  5%  ерітіндідегі  қалайы  (ІІ)хлоридінің  толық  тетрагидроксокомплекске  айналдыру 
үшін 2 н  натрий гидроксиді ерітіндісінің қандай кӛлемі қажет? 
 
 
Берилий, магний, сілтілік-жер металдарыжәне олардың қосылыстары 
 
IIА  -  топшасы  элементтерi  активтi  болғандықтан,  табиғатта  тек  қосылыс  күйiнде 
кездеседi. Олардың iшiнде магний мен кальций кең тараған, қалғандары ӛте сирек. 
Берилий  берилл  деген  минерал  құрамында  болады 
6
3
2
3
SiO
Al
Be
.  Магний,  кальций, 
стронций, барий табиғи сульфаттардың, карбонаттардың, фосфаттардың құрамында болады. 
ІІА-топша элементтерi ӛте активтi металдар және бұлардың стандартты электродтық 
потенциалдарының  мәндерi  тӛмен  болғандықтан  оларды  алудың  бiрден-бiр  жолы   
электролиз.  Әдетте,  тұздарының  балқымаларын  электролиздейдi.  Оны  сонымен  қатар, 
металлотермия әдiсiмен алуға болады. 
Қасиеттерi.  Бос  күйiнде  ІІ  А    топша  элементтерi  жеңiл,  сiлтiлiк  металдарға 
қарағанда  қаттылау  металдар.  Олар  қатты  күйiнде  әртүрлi  кристалл  тор  түрiнде 
кристалданады. Сондықтан балқу температураларының ӛзгеруiнде белгiлi бiр заңдылық жоқ.  
Қасиеттері 
Be 
Mg 
Ca 
Sr 
Ba 
Ra 
Рет нӛмірі 

12 
20 
38 
56 
88 
Салыстырмалы атомдық 
массасы, а.м.б. 
9,01 
24,31 
40,08 
87,62 
137,34 
226 
Валентілік электрондары 
2
2 
2
3 
2
4 
2
5 
2
6 
2
7 
Атом радиусы, нм 
0,113 
0,160 
0,197 
0,215 
0,221 
0,235 
Салыстырмалы электртерістілігі 
1,57 
1,31 
1,00 
0,95 
0,89 

Балқу температурасы, 
0
С 
1284 
651 
851 
757 
710 
700 
Стандартты электродтық 
потенциалы, В 
-1,85 
-2,36 
-2,87 
-2,89 
-2,91 
-2,92 
Химиялық  активтiгi,  тотықсыздандырғыш  қасиетi  жағынан  сiлтiлiк-жер  металдары 
сiлтiлiк  металдарға  қарағанда  әлсiздеу.  Тек  барийдiң  активтiгi  сiлтiлiк  металдарға  жақын. 
Олардың  тотықсыздандырғыш  қасиетi  рет  нӛмірi  ӛсуiне  орай  арта  түседi.  Берилий  мен 
магний  ауада  тотығып,  оксид  пленкасымен  қапталса,  қалған  сiлтiлiк  жер-металдары 
оттегiмен шабытты әрекеттеседi. Оларды керосин астында сақтайды. Оттегiмен әрекеттесiп 
олар оксид түзедi ЭО.  
Азотпен ӛте жоғары температурада әрекеттеседi де нитридтер түзедi: 
2
3
2
3
N
Э
N
Э
 
Берилийден басқа сiлтiлiк-жер металдары сумен әрекеттесiп, гидроксид және сутегiн 
түзедi: 
2
2
2
2
H
OH
Э
O
H
Э
 
Азот қышқылынан басқа сұйытылған қышқылдардан сутегiн ығыстырады: 
2
4
2
H
ЭSO
SO
H
Э
 
Сiлтiлiк жер металдары азот қышқылын аммоний ионына дейiн тотықсыздандырады: 
4Э + 10НNО3 = NH4NO3 + 4Э(NO3)2 + 3Н2О 
Магний - активтi элемент. Ол бос күйiнде күмiстей ақ, жеңiл металл. Қыздырған кезде 
ауада кӛз қаратпайтын жарқыл берiп жанады. Оның бұл қасиетiн жарық беретiн ракеталарда, 
сурет  түсiру,  жағатын  снарядтар  жасау  үшiн  пайдаланады.  Ол  ыстық  сумен  әрекеттесiп 
сутегiн  бӛледi.  Сұйытылған  қышқылдармен  (азот  қышқылынан  басқа)  сутегiн  бӛле  
әрекеттеседi. Кейбiр оксидтермен әрекеттеседi: 
Si
MgO
SiO
Mg
2
2
2
 
Магний  оттегiмен  негiздiк  оксид  түзедi.  Ол  суда  ерiмейтiн  ақ  түстi  ұнтақ.  Оны 
магнезиттi ыдыратып алады: 

 
188 
2
3
CO
MgO
MgCO
 
Магний  оксидi  суда  нашар  еритiндiктен  оған  сәйкес  гидроксидiн  қосымша  жолмен 
алады: 
KCl
OH
Mg
KOH
MgCl
2
)
(
2
2
2
 
Магний гидроксидi орташа негiздiк қасиет кӛрсетедi. Ол қышқылдарда және аммоний 
хлоридiнде еридi: 
O
H
MgSO
SO
H
OH
Mg
2
4
4
2
2
2
)
(
 
OH
NH
MgCl
Cl
NH
OH
Mg
4
2
4
2
2
2
)
(
 
Бақылау сұрақтары  
1.  Берилий,  магний,  кальций,  стронций    және  барий  атомдарының  электрондық 
формулаларын  жазыңдар.  ІІ  топ  негізші  топшадағы  берилийден  барийға  дейінгі 
элементтердің  атом  радиустары,  иондану  потенциалдары  және  химиялық  қасиеттері 
қалай өзгереді?  
2.  Берилий  мен  магний  гидроксидтерінің  алынуы  мен  қышқылдық-негіздік 
қасиеттеріне сипаттама беріңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар. 
3.  Неліктен  магний  гидроксиді  аммоний  тұзы  ерітіндісінде  ериді,  түсіндіріңдер. 
Магний ионы
2
Mg
 толық тұнбаға түсуі үшін қандай сілті ерітіндісі пайдаланылады?  
4.  Сілтілік-жер  металдарының  гидроксидтерін  қалай  алуға  болады?Сәйкес  реакция 
теңдеулерін  жазыңдар.  Сілтілік-жер  металдары  гидроксидтерінің  ерігіштігі  мен  күші 
қалай өзгеріп отырады? 
5.  Сілтілік-жер  металдар  сульфаттары  мен  карбонаттарының  судағы  ерігіштігі 
қалай өзгереді? 
6.  Судың  «кермектілігін»  қай  иондарға  байланысты?  Оны  қалай  жоюға  болады? 
Сәйкес теңдеулерін жазыңдар. 
 
№16 зертханалық жұмыс 
Тәжірибелер: 
Аспаптар мен реактивтер:өлшегіштері мен таразы, Кипп аппараты, сақинасы бар 
штатив,  қыздырғыш,  фарфор  тигелі,  фарфорлы  үшбұрышты  сым,  фарфор  келі 
келісабымен,  фарфор  табақшасы,  шыны  таяқша,  100-200  мл  стақан,  сынауықтары  мен 
штатив,  шыны  түтікше;  магний  (ұнтағы),  кальций  (кесектері,  магний  оксиді,  кальций 
карбонаты  (ұнтағы),  магний  карбонаты  (ұнтағы),  стронций  нитраты,  барий  нитраты, 
сүзгі  қағазы;  ерітінділер:  күкірт  қышқылы,  (5  %-ті  және  2н),  тұз  қышқылы  (2н),  натрий 
гидроксиді  NaOH  (2н  құрамында  карбонаты  жоқ  ер.),  аммиактың  судағы  ерітіндісі  (2н 
құрамында  карбонаты  жоқ),  кальций  гидроксиді  (қанық),  магний  хлориді  (1н),  магний 
сульфаты (1н), стронций хлориді (1 н), барий хлориді (1 н), натрий сульфаты (2н), кальций 
сульфаты (қанық), берилий хлориді (0,5 н), сабын ерітіндісі (2 %-ті), фенолфталеин. 
 
1. Бериллий гидроксидінің алынуы, қасиеттері. Екі сынауыққа бериллий тұзының 
ерітіндісін  құйып,  үстіне  тұнба  түскенше  натрий  гидроксидінің  ерітіндісін  қосыңдар. 
Тұнбаның  НСІ  және  КОН-нің  ең  кӛп  мӛлшердегі  ерітіндісіне  әсерін  анықтаңдар.  Бериллий 
гидроксидінің  химиялық  қасиетіне  қорытынды  жасап,  толық  иондық  және  қысқартылған 
иондық  теңдеуін  жазыңдар,  алынған  гидроксобериллаттың  координациялық  саны  4-ке  тең 
екенін есте ұстау керек. 
Алынған натрий тетрагидроксобериллатын 2ә-тәжірибесіне сақтап қойыңдар. 
2.Бериллий гидроксидінің қышқылдық және негіздік қасиеттерін салыстыру: 
а)Бериллий  хлоридінің  гидролизі.  Бериллий  хлоридінің  гидролиздену  реакциясының 
толық және қысқартылған тендеуін жазыңдар. 
ә)  Натрий  тетрагидроксобериллатының  гидролизі.  1  –  тәжірибеде  алынған  натрий 
тетрагидроксобериллатына  аз  мӛлшерде  дистилденген  су  құйып,  сынауықты  штативке 
бекітіңдер  де,  жалында  аздап  қыздырыңдар.  Жүріп  жатқан  құбылысты  түсіндіріңдер. 

 
189 
Сынауықты  қыздыру  кезінде  қандай  процесс  жүреді?  Толық  және  қысқартылған  иондық 
теңдеуін  құрыңдар.  Екі  тәжірибедегі  алынған  бериллий  гидроксидінің  қышқылдықжәне 
негіздік қасиеттерін салыстырыңдар. 
3.  Магнийдің  тотықсыздандырғыш      қасиеті.  а)  Магнийдің  сумен  әрекеттесуі. 
Магний  түйірін  зімпара  кағазымен  тазартып,  сынауыққа  салып,  үстіне  дистилденген  су 
құйыңдар.  Химиялық  реакция  салқын  ортада  жүре  ме?  Сынауықты  штативке  бекітіп, 
жалында қыздырыңдар. Суыған соң ерітіндіге индикатор қосып, бақылау жасаңдар. Реакция 
теңдеуін жазыңдар. 
ә)  Магнийдің  қышқылдармен  әрекеттесуі.  Кестеден  магнийдін  электродтық 
потенциалын  тауып,  оның  сұйытылған  және  концентрлі  күкірт  қышқылымен  әрекеттесуіне 
қорытынды жасаңдар, тәжірибе жүзінде тексеріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. 
б)  Магнийдің  кальций  карбонатымен  әрекеттесуі.5  г  ұсақталған  кальций 
карбонатымен  магний  (3г)  ұнтағын  араластырып,  құрғақ  сынауыққа  салыңдар.  Сынауықты 
ұстағышпен  ұстап,  ӛте  сақтықпен  қыздырыңдар  (қыздыруды  қоспаның  жоғарғы  жағынан 
бастаңдар).  Реакция  аяқталған  соң,  сынауықты  суытып,  қоспаны  фарфор  табақшаға 
ауыстырыңдар.  Қоспаны  сұйытылған  тұз  қышқылы  ерітіндісімен  ӛңдеңдер.  Неге?  Тӛменгі 
реакциядағы алынатын қорытынды бойынша жеке бӛлініп шыққан қара түсті кӛмірге кӛңіл 
бӛліп теңдеуін жазыңдар. 
C
MgO
CaO
Mg
CaCO
2
2
3
 
а, ә, б - тәжірибелері химиялық реакциялардың қай типіне жатады? Бұл реакцияларда 
магний қандай қасиет кӛрсетеді? 
4. Магний оксиді  мен гидроксидінің қасиеттері  мен алынуы.  а) Магний оксидінің 
алынуы  мен  қасиеті.  Магний  түйірін  асбес  торының  үстіне  жағыңдар.  Қосылыстың  түсі 
қандай?  Алынған  магний  оксиді  ұнтағын  сынауыққа  ауыстырып,  үстіне  дистилденген  су 
құйып,  шыны  таяқшамен  мұқият  араластырыңдар.  Не  байқалады?  Реакция  теңдеуін 
жазыңдар. 
ә) Магний гидроксидінің алынуы. Екі сынауыққа қандай да бір магний тұзы ерітіндісін 
құйыңдар.  Бір  сынауыққа  натрий  гидроксиді  ерітіндісін,  ал  екіншіге    аммиак  ерітіндісін 
қосыңдар,  түстерін  анықтаңдар,  түзілген  тұнбаның  кӛлеміне  кӛңіл  бӛліңдер.  Молекулалық 
және иондық түрде реакция теңдеулерін жазыңдар. Екі сынауықта түзілген тұнбаның кӛлемі 
неге әр түрлі? Түсіндіріңдер. Ерітіндіде қай ионның концентрацясы артады, анықтаңдар. 
б)  Магний  гидроксидінің  қасиеті.  ә-тәжірибесінде  алынған  магний  гидроксидіне 
аммоний  хлориді  ерітіндісін  қосыңдар.  Не  байқалады?  Тұнбаның  ерігіштігін  түсіндіріңдер 
және  реакция  теңдеуін  молекулалық  және  иондық  түрде  жазыңдар.  Магний  гидроксидінің 
тұнбасын натрий хлориді ерітіндісінде ерітуге бола ма? Магний гидроксидін алыңдар. Оны 
екі сынауыққа бӛліңдер. Біреуіне тұз қышқылы, екіншісіне кӛп мӛлшерде натрий гидроксиді 
ерітіндісін  қосыңдар.  Магний  гидроксидінің  химиялық  қасиетіне  қорытынды  жасаңдар. 
Реакция теңдеуін жазыңдар. 
5. Магний тұздарының қасиеттері.  а) Магний гидроксокарбонатының алынуы мен 
қасиеттері. Магний сульфаты ерітіндісіне тұнба түзілгенше сода ерітіндісін қосыңдар. Түсі 
қандай?  Алынған  магний  гидроксокарбонатының  реакция  теңдеуін  молекулалық  және 
иондық түрде жазыңдар. Сынауыққа аммоний хлориді ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? 
ә) Магний гидрокарбонатын алу. Сұйытылған магний тұзы ерітіндісіне аз мӛлшерде 
натрий карбонатын қосыңдар. Қай зат тұнбаға түседі? Кипп аппараты арқылы кӛмір қышқыл 
газын  алып,  ерітіндіні  қанықтырыңдар,  тұнбаның  біртіндеп  еруін  байқаңдар.  Неге  мұндай 
құбылыс жүреді? Реакция теңдеуін жазыңдар.  
б)  Магний  карбонатының  термохимиялық  диссоциациялануы.  Сынауыққа  кішкене 
магний карбонатын салып, аузын газ жүретін түтігі бар сынауықпен тығындаңдар. Түтіктің 
ұшын  химиялық  стақанға  салыңдар.  Сынауықты  қыздырыңдар.  Стақанға  жанып  тұрған 
шыра ұстау арқылы, бӛлініп жатқан газды анықтаңдар. Газ бӛлінуі аяқталған соң қыздыруды 
тоқтатыңдар. Сынауықта тұнбада қалған зат суыған соң, үстіне аз ғана кӛлем су қосыңдар. 

 
190 
Содан  кейін  бірнеше  тамшы  фенолфталеин  ерітіндісін  тамызыңдар.  Реакция  теңдеуін 
жазыңдар. 
6.  Кальцийдің  сумен  әрекеттесуі.  Сынауыққа  1/3  кӛлемде  дистилденген  су  құйып, 
үстіне  кішкене  кальций  түйіршігін  салыңдар.  Қандай  газ  бӛлінеді?  Неліктен    ерітінді 
лайланады?  Ерітіндіге  1-2  тамшы  фенолфталеин  ерітіндісін  қосыңдар.  Не  байқалады? 
Реакция теңдеуін жазыңдар. 
7.  Сілтілік-жер  металдардың  гидроксидтерін  алу.  а)  Бірдей  кӛлемде  жеке 
сынауықтарға  кальций,  стронций  және  барий  хлориді  ерітінділерін  құйып,  үстіне 
сұйытылған  натрий  гидроксидін  қосыңдар.  Әр  сынауықта  түзілген  тұнбаның  кӛлемдеріне 
кӛңіл бӛліңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар. 
ә)  Жоғарыдағы  тәжірибені  қайталаңдар  натрий  гидроксидінің  орнына  2н  аммиактың 
судағы  ерітіндісін  қосыңдар.  Алдыңғы  тәжірибемен  салыстырыңдар.  Түсіндіріңдер. 
Молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар. 
8.  Сілтілік-жер  металдары  тұздарының  алынуы  және  қасиеттері.  а)  Жеке 
сынауыққа  кальций,  стронций  және  барий  карбонаттарының  ӛздеріне  сәйкес  келетін  тұз 
ерітінділерін    алыңдар.  Тұнбаның  түстері  қандай?  Түстерінің  ӛзгеруіне  кӛңіл  аударыңдар. 
Бәрінің үстіне сұйытылған тұз қышқылы ерітіндісін құйыңдар. Не байқалады? Молекулалық 
және иондық түрдегі реакция теңдеуін жазыңдар. 
ә) Сілтілік-жер металдарының сульфаттарын алу. Жеке сынауыққа ӛздеріне сәйкес 
келетін  тұз  ерітінділерінен  кальций  және  барий  сульфаттарын  алыңдар.  Алынған 
тұнбалардың түстеріне кӛңіл бӛліңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Тұнбаға сұйытылған 
тұз  қышқылы  және  азот  қышқылы  ерітінділерін  қосыңдар.  Байқалған  құбылыстарды 
түсіндіріңдер. 
б)  Кальций  карбонатының  термиялық  диссоциациялануы.  Кальций  карбонатын 
алыңдар,  тұнбаны  сүзіңдер,  жуыңдар  және  екі  бӛлікке  бӛліндер.  Бір  бӛлігіне  аз  ғана  су 
қосып, лакмуспен тексеріңдер. Екінші бӛлігін кептірілгеннен кейін фарфор табақшаға салып, 
5-10  минут  жалында  ұстаңдар.  Суытқан  соң  су  қосып,  лакмус  қағазымен  тексеріңдер.  Не 
байқалады? Реакция тендеуін жазыңдар. 
в)  Сілтілік-жер  металдар  сульфатының  салыстырмалы  ерекшелігі.  Үш  сынауыққа 
кальций,  стронций  және  барий  хлориді  ерітінділерін  құйып,  оған  кальций  сульфатының 
қанық  ерітіндісін  қосыңдар.  Тұнбаның  түзілу  жылдамдығын  бақылаңдар,  қай  сульфат 
тұнбаға  соңынан  түседі?    Қай  сынауықта  тұнба  түзілмейді?  Реакция  теңдеуін  жазыңдар. 
Жоғарыдағы  әдіс  бойынша  кальций,  стронций  және  барий  хлориді  ерітінділеріне  стронций 
сульфатын қосыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар, салыстырмалы ерігіштігіне 
қорытынды  жасаңдар.  Кестеден  кальций,  стронций  және  барий  сульфаттарының  ерігіштік 
кӛбейтіндісін тауып, бұл сандар алынған сандарға сәйкес келе ме? Салыстырыңдар. 
9. Судың кермектілігі және оны жою тәсілдері. а) Колбаға магний карбонаты және 
кальций карбонаты ұнтақтарын аздап салыңдар. Колбаның жартысына дейін су құйып, тұзды 
ерітіңдер.  Реакция  теңдеуін  жазыңдар.  Алынған  кермек  суды  келесі  тәжірибеге  сақтап 
қойыңдар. 
ә)  Тӛрт  сынауық  алып,  біреуіне  дистилденген  су,  қалған  үшеуіне  алдыңғы 
тәжірибеден алынған кермек суды құйыңдар. Дистилденген суы бар сынауыққа бюреткадан 
сабынды  ерітінді  қосыңдар,  тұрақты  сабынды  кӛбік  түзілгенде,  сынауықты  әр  тамшы 
тамызған  сайын,  шайқап  тұрыңдар.  Қанша  тамшы  кеткендігін  жазып  алыңдар.  Қалған 
сынауықтарды да осылай жүргізіндер. Түзілген тұнбаға кӛңіл аударыңдар. Не себепті кӛбікті 
судың кермектілігі жоғары, түсіндіріңдер. 
б)  Кермекті  суы  бар  сынауыққа  шайқап,  тамшылата  ізбес  суын  тұрақты  лай 
түзілгенше  қосыңдар.  Қалған  2  сынауыққа  алдыңғы  тәжірибедегідей,  кӛбік  түзілгенше 
сабынды ерітінді қосыңдар, тамшы санын есептеңдер. 
в)  Суы  бар  ең  соңғы  сынауықты  қайнатыңдар,  суытыңдар,  кӛбік  түзілетін  сабынды 
ерітіндінің тамшысын есептеңдер. 
 

 
191 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет