басталады. Эритроциттердің пайда болуы гемоглобиннің жиналуымен сипатталады.
Бұл процесс жасушалардың бір бөлігінде ғана жүреді, басқалары көбею
нәтижесінде саның ұлғайтып, дифференцияланбаған күйінде сақталады.
Цитоплазмада гемоглобиннің жиналуына байланысты жасушалар
базофилиясынан айырылып оксифилді түріне айналады. Осындай жасушалар
біріншілік эритробласттар (мегалобласттар) деп аталады.
Қоян эмбрионы сарыуыз қапшығының тамыры.
Бояуы: эл.микросурет
Құрылысы: 1 –эндотелий; 2-полихромато-филді эритроцит;
3−нормобласттан ядроның ітеріліп шағарылыуы; 4−эритроцит.
Орналасуы: амнион мен хорион арасында орналасқан (ұрық
жұмыртқасының екі түзілуі, олардан қабықшалар мен плацента түзіледі) -
хорион кеңістігінде
Қызметі: Олар бөліну қабылетін әлі сақтап, көбеюін жалғастырады.
Біртіндеп гемоглобиннің мөлшері ұлғаяды, ядролары ыдырайды және
сонында эритробласттар біріншілік эритроциттерге (мегалоциттерге) айналады. Бұл көлемі үлкен пішіні өте өзгермелі, құрамында ядроның
қалдықтары бар жасушалар. Осы түрінде олар эмбрионалды қанның
функциялық элементі болып тұрақталады. Біріншілік эритроциттердің түзілуі
эмбрион дамуының ерте сатыларында аяқталады; олар қысқа уақыт қызмет
атқарады, және эмбриогенездің екінші жартысында олар қанда белгіленбейді.
13 ½- күндік қоян эмбрионының тамырындағы екіншілік эритробласттардың дамуы. Құрылысы: 1 –эндотелий; 2 –проэритробласттар; 3−базофилді
эритробласттар; 4 –полихроматофилді эритробласттар; 5 –оксифилді
эритробласттар (нормобласттар); 6 – ядросы пикнозға ұшыраған оксифилді
эритробласт; 7 – ядроның оқшаулануы жәнеядросы ітеріліп шығарылған
нормобласт; 8 –екіншілік эритроцит
Орналасуы: олар қызыл сүйек кемігінде орналасқан
Біріншілік эритроциттер ыдырамай тұрып, сарыуыз қапшықтың
тамырларында бағанды жасушалардан екіншілік эритробласттар түзіле
бастайды, кейін олар екіншілік эритроциттерге айналады.
Олардың дамуы баяу жүреді, көлемі біріншілік эритроцитерден кішірек және
сыртқы көрінісі бойынша ересек адамның эритроциттерінен шамалы
ерекшеленеді.
Сарыуыз қапшықтың қабырғасында қан-өндірілуі біріншілік қан
тамырлардың ішінде жүреді яғни интраваскулярлы. Сарыуыз қапшықтың
атрофиясынан кейін қанөндірілу бауырға аусады, онда қан тамырлардан тыс
(экстраваскулярлы) өндіріледі.