Препарат құрылысы: Атауы: Бекітілген жасушалардыңпішіндері. Бояуы: Гематоксилин және эозин. Бояуына сипаттама



Pdf көрінісі
бет51/103
Дата02.11.2022
өлшемі6,09 Mb.
#46869
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   103
№3-препарат
 
І. Препарат атауы: 
Тығыз қалыптасқан талшықты дәнекер 
тіні. Сіңірдің гистологиялық препараты.
ІІ. Бояуы: гематоксилин-эозин 
ІІІ. Құрылымдардың боялу ерекшелігі: гемотоксилин мен 
эозин әдісімен препараттарды бояу кеңінен қолданылады, 
нейтрофильді бояу болып табылады. Гемоктосилин – негіздік 
бояу, онымен боялатын құрылымдар базофильді деп аталады, 
онымен ядро боялады, себебі құрамында ДНҚ аппараты 
болады. Препаратта гемотоксилинмен сіңірдің жасушалары 
күлгін түске боялған. Эозин – қышқылдық бояу, онымен 
боялатын құрылымдар оксофильді деп аталады, препараттың 
негізгі қызғылт түсті бөлігі мен коллаген талшықтары 
эозинмен боялған. Бұл коллаген талшықтарының рибосомалырының белсенді болуына байланысты. 
IV. Құрылымы:
І-көлденең қимасы,
1-коллаген талшықтарының будалары, 
2- фиброциттер,
3-қан тамырлы дәнекер тінінің қабатшасы, екінші ретті буданы қоршайды, 
4-сыртқы дәнекер қабат, үшінші ретті буданы қоршайды. 
Фиброциттер – сіңір жасушалары, олар ромб тәріздес болып келеді. Бұлшық еттерді сүйекке 
бекітетін, созылмайтын қасиетке ие. Ядролары сопақшалау пішінді, цитоплазмасында өсінділері бар 
және оар базофильді боялады.
Сіңірде коллаген талшықтары тығыз бір реттілікпен орналасады. Олар үш реттік буда түзеді. Бірінші 
реттік будалар сыртын эндотендиний, екінші реттік будалардың сыртын перитендиний, үшінші 
реттік будалар сыртын эпитендиний қабығы қаптайды. Эндотендиний мен перитендиний 
қабықтарынан қантамырлар мен нервтен өтеді.
V. Орналасуы: сіңірде, тығыз қалыптасқан талшықты дәнекер тіні тағы байламдар мен фиброзды 
мембраналар да орналасады. 
VI. Қызметі: Дәнекер тінінің негізгі функциялары - трофикалық,қорғаныс, тіректік 
(биомеханикалық), пластикалық,морфогенетикалық, ал сіңірдегі тығыз қалыптаспаған талшықты 
дәнекер тінінің функциясы – фиксациялық, яғни бұлшық еттерді сүйекке бекітеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет