Атауы: Жұлынның эпендимоглиясы.
Бояуы: Азокармин. Х400.
Боялу ерекшелігі: Азокарминнің екі түрі бар: В
және G. Азокармин В суда оңай ериді, сондықтан
оны сулы ерітінділерде қолданады. Азокармин G
(Zh) суда аз ериді, сондықтан оны сірке
қышқылындағы қаныққан ерітінді түрінде
қолданады (ацетокарминге ұқсас). Ядролар мен
хромосомаларды ацето-азокармин G-мен бояу
арқылы өте жақсы нәтижелер алынады.
Орналасуы: Жұлынның орталық өзегінде.
Құрылым ерекшелігі: 1– орталық өзектің қуысы;
2– эпендимоциттер – жұлынның орталық өзегін, ми қарыншаларының қуыстарын төсейтін
цилиндр және куб пішінді гейроглия жасушалары.
Қызметі: -гемато-ликворлық және нейро-ликворлық тосқауыл түзу (жұлын-ми сұйықтығы
компоненттерін сүзу)
- шектеушілік;
- тіректік;
- секреторлы (жұлын-ми сұйықтығы тәулігіне 500мл.бөлінеді, ол 4-7 сағатта жаңарып
отырады, ал жалпы көлемі адамда 140мл.);
Атауы: Протоплазмалы астроциттер және
пирамида тәрізді жасушалар.
Бояуы: Күміспен импрегнацияланған.х400
Боялу ерекшелігі: Күміспен импрегнациялау -
гистологиялық зерттеу объектілерін металл
тұздарының ерітінділерімен сіңдіру арқылы кейбір
тіндік құрылымдарды анықтау әдісі; металдың
тұзының ерітіндісінен тотықсызданған тіндерінің
аймақтары қара немесе қоңыр болады. Орналасуы:ОНЖ-нің сұр затында, яғни нейрондар
жинақталған бөліктерінде орналасады.
Қызметі: өсінділердің қаттылығы мен үзілуге
беріктігін қамтамасыз етеді.
Атауы: Талшықты астроцит .
Бояуы: Күміспен импрегнацияланған. х630
Боялу ерекшелігі: Күміспен импрегнациялау - гистологиялық зерттеу объектілерін
металл тұздарының ерітінділерімен сіңдіру арқылы кейбір тіндік құрылымдарды анықтау
әдісі; металдың тұзының ерітіндісінен тотықсызданған тіндерінің аймақтары қара немесе
қоңыр болады.