Препарат құрылысы: Атауы: Бекітілген жасушалардыңпішіндері. Бояуы: Гематоксилин және эозин. Бояуына сипаттама



Pdf көрінісі
бет13/103
Дата02.11.2022
өлшемі6,09 Mb.
#46869
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   103
Құрылыс ерекшелігі: Экзокриндік бездер – секретті дене бетіне және 
қуысты ағзалардың ішкі бетіне бөледі. Көп жасушалы бездер екі бөлімнен 
тұрады: 1) секреторлы және 2)шығарушы түтікшелері. Секреторлық 
бөлімдері бездік жасушалардан тұрады, (сыртынан жиырылу функциясын 
атқарушы миоэпителоциттермен жабылған), ал шығарушы түтіктері (бездің 
шығу тегіне байланысты әртүрлі) эпителийлермен жабылған. 
Экзокринді бездердің морфологиялық жіктелуі олардың секреторлық 
бөлімдері мен шығарушы түтіктерінің құрылымдық ерекшеліктеріне 
негізделген. 
Қарапайым түтікті бездерге жатады: қарын (асқазан), ішек, жатыр, тер 
бездері. 
Орналасуы: асқазанда 
Бояуының түсіндірілуі: Бұл түс амилоидты анықтау үшін қолданылады – 
ақуыз алмасуы бұзылған кезде адамның тіндері мен мүшелерінде жиналатын 
ерекше ақуыз-полисахарид кешені. Жинақтала отырып, бұл органдардың 
жұмысын олардың жеткіліксіздігінің дамуына дейін бұзады. Суретте 
амилоид шөгінділері конго-қызыл түске боялған. 


 
3. Препарат. 
Адам терісіндегі қарапайым түтікті тербез. (секреция түрі 
мерокринді). Бояуы:Гематоксилин–эозин. х80. 
Құрылысы: 1– теріасты клетчаткада орналасқан тербездің секреторлық 
бөлім; 2–терінің өзіндік қабатындағы тербездің секрет шығару өзегі; 3–
эпидермистегі тербездің секрет шығару өзегі; 4–бездің секреторлы бөлігі. 
х400 а– секреторлы жасушалар; б– миоэпителий жасушалары; 5– бездің 
шығару өзегі (х400) 
Боялу себебі: Гематоксилин – негіздік бояу. Бояу қабілетін базофилия д.а. 
Ал эозин – қышқылдық бояу, бояу қабілетін оксифилия д.а. Бояуды сіңіріп 
қызыл не қызғалт түсті құрылымдар оксифильді не ацидофильді д.а. Жасуша 
цитоплазмасының оксифильді құрылымдары митохондрия сілтілі ақуыздың 
секреторлы гранулалар, эритроциттердің сілтілі ақуызы жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет